6003-25-00-2к/5366
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 2 маусым
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К.Рустембеков,
судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,
прокурор К[...], аудармашы Т[...], талап қоюшының өкілі С[...], жауапкерлер Б,К[...], А[...], Е[...], А[...] өкілі Б[...], Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі С[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Департамент) жауапкерлер К[...], А[...], А[...], Е[...], Шымкент қаласының әкіміне, «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, (бұдан әрі- жер қатынастары басқармасы) «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әріқұрылыс басқармасы) жер учаскелерін сатып алу-сату, сыйға тарту және жалға беру туралы үлгілік шарттарын жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкерлер К[...] А[...], Е[...] Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 қазандағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ :
Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жер қатынастары басқармасы және К[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» алаңы 0,0200 га. кадастрлық №22327-062-046 жер учаскесін (бұдан әрі-даулы №1 жер учаскесі) сатып алу-сату туралы 2019 жылғы 19 шілдедегі №001/1183 келісім шарты,
сыйға тартушы К[...] сыйды алушы А[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» даулы №1 жер учаскесін сыйға тарту туралы 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №1211 шарты,
сыйға тартушы А[...] сыйды алушы Е[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» даулы №1 жер учаскесінің ½ үлесін сыйға тарту туралы 2023 жылғы 21
қыркүйектегі №1271 келісім шарты,
сыйға тартушылар А[...], Е[...] және сыйды алушы К[...] араларында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» даулы №1 жер учаскесін сыйға тарту (беру) туралы 2025 жылғы 26 ақпандағы №552 шарты,
Жер қатынастары басқармасы мен К[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» алаңы 0,0070 га. жер учаскесін (бұдан әрідаулы №2 жер учаскесі) жалға беру туралы 2019 жылғы 19 шілдедегі №001/1184 келісім шарты,
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы және К[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы№2 жер учаскесін жалға беру құқығын сатып алу-сату туралы 2023 жылғы 15 тамыздағы №005/351 үлгілік келісім шарты,
сыйға тартушы К[...] пен А[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы №2 жер учаскесін сыйға тарту туралы 2023 жылғы 11 қыркүйектегі №1212 шарты,
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен А[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы №2 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №005/391 үлгілік шарты,
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен А[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы №2 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) 2024 жылғы 5 шілдедегі №005/2039 үлгілік шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Жауапкер кассациялық шағымында жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс құжаттарына қарағанда, Шымкент қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 23 шілдедегі №1474 қаулысымен К[...] 8-мөлтек ауданындағы №13 тұрғын үйдің жанынан алаңы 100,0 м[2] жер учаскесінде дүкен мен ойынхана құрылысын жобалап салуға және 100,0 м[2 ] іргелес аумақты көгалдандыруға рұқсат берілген.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы №64 қаулысымен К[...] Шымкент қаласы, 8-ші мөлтек ауданында орналасқан «дүкен және ойынхананы жобалау және құрылыс салу үшін» алаңы 0,0090 га. (90 м[2] ) жер учаскесіне жеке меншік, «іргелес жатқан аумағын көгалдандыру үшін» алаңы 0,0110 га. (110 м[2] ) жер учаскесіне 1 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген.
2006 жылғы 1 ақпанда Шымкент қаласының әкімімен К[...] арасында 8-ші мөлтек ауданында орналасқан нысаналы мақсаты «дүкен және ойынхананы жобалау және құрылыс салу үшін» алаңы 0,0090 га. кадастрлық №[...] жер учаскесін сатып алу-сату туралы №285 келісім шарты жасалған.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі №640 қаулысының 35-тармағымен жеке меншікке берілген алаңы 0,0090 га. (90 м[2] ) жер учаскесі және уақытша пайдалануға берілген алаңы 0,0110 га. (110 м[2] ) жер учаскелері біріктіріліп, алаңы 0,0200 га. жер учаскесінің нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» өзгертіліп, жеке меншік құқығы берілген және «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» алаңы 0,0070 га. жер учаскесіне 5 жылға уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы табысталған.
2019 жылғы 17 шілдеде жер қатынастары басқармасы мен К[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» алаңы 0,0200 га. кадастрлық №[...] даулы №1 жер учаскесін сатып алу-сату туралы №001/1183 келісім шарты жасалған. 2023 жылғы 11 қыркүйекте нотариус И[...] куәландырған сыйға тартушы К[...] (жұбайы А[...] келісімімен) және сыйды алушы А[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» даулы №1 жер учаскесін сыйға тарту туралы №1211 шарты жасалған.
2023 жылғы 21 қыркүйекте нотариус И[...] куәландырған сыйға тартушы А[...] сыйды алушы Е[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» даулы №1 жер учаскесінің ½ үлесін сыйға тарту туралы №1271 шарты жасалған.
2025 жылғы 26 ақпанда сыйға тартушылар А[...], Е[...] және сыйды алушы К[...] арасында нысаналы мақсаты «құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін» даулы №1 жер учаскесін сыйға тарту туралы №552 шарты жасалған.
2019 жылғы 19 шілдеде жер қатынастар басқармасы мен К[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» алаңы 0,0070 га. кадастрлық №[...] даулы №2 жер учаскесін жалға беру туралы №001/1184 келісім шарты жасалған.
2023 жылғы 15 тамызда жер қатынастары басқармасы және К[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы №2 жер учаскесін жалға беру құқығын сатып алу-сату туралы №005/351 үлгілік келісім шарты жасалған.
2023 жылғы 11 қыркүйекте нотариус И[...] куәландырған сыйға тартушы К[...] және сыйды алушы А[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы №2 жер учаскесін сыйға тарту туралы №1212 шарты жасалған.
2023 жылғы 18 қыркүйекте Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен А[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» даулы №2 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) №005/391 үлгілік шарты жасалған.
2024 жылғы 5 шілдеде Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен А[...] арасында нысаналы мақсаты «көгалдандыру және құрылыс салу құқығынсыз, қоршаусыз, ақысыз автотұрақ ұйымдастыру үшін» алаңы 0,0070 га жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) №005/2039 үлгілік шарты жасалған.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырғанда 2006 жылғы 19 қаңтардағы №64 қаулысымен К[...] берілген Шымкент қаласы, 8- ші мөлтек ауданында орналасқан 0,0090 га. (90 м[2] ) жер учаскесіне іргелес алаңы 0,0110 га. (110 м[2] ) жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы 1 жыл мерзімі аяқталғанын, жер учаскелері негізсіз біріктірілгенін, Қвзвқстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі-Жер кодексі) 81бабының 3-тармағының 1) тармақшасының, 37-бабының 2-тармағының, 109бабының 1, 2-тармақтарының, 48-бабының талаптары бұзылғанын негізге алған.
Апелляциялық сатыдағы сот бұл тұжырыммен келіскен. Өйткені, жауапкер К[...] әкімдіктің 2019 жылғы 17 шілдедегі №640
қаулысының 35-тармағымен бұрын берілген 0,0090 га. (90 м[2] ) жер учаскесіне қосып, біріктіріп табысталған 0,0110 га. (110 м[2] ) жер учаскесі және уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен табысталған алаңы 0,0070 га. жер учаскесі Жер кодексінің талаптарына сай сауда-саттық (аукцион, конкурс) арқылы берілуі тиіс болған, бірақ сауда-саттық жүргізілмеген.
Жер кодексінің 48-бабының 1 тармағында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырмай беру негіздерінің түпкілікті тізбесі (21 негіздер) көзделген.
Жауапкер К[...] даулы 0,0110 га. және 0,0070 га. жер учаскелері сауда-саттық өткізілмей табысталғанын Жер қатынастар басқармасы жоққа шығармаған.
Сонымен қатар, жауапкер К[...] алаңы 0,0110 га. (110 м[2] ) жер учаскесін уақытша пайдалану құқығының мерзімі 2007 жылы ақпан айында аяқталған және 2007 жылдан 2019 жылға дейін оған аталған жер учаскесін пайдалану құқығы берілмеген.
Шымкент қаласының Бас жоспары бойынша даулы жер учаскелері көпқабатты тұрғын үй аумағында орналасқан.
Жер кодексінің 109-бабының 1-тармағы бойынша қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.
Демек, Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі №640 қаулысының 35-тармағы аталған норманың талаптарына қайшы шығарылған.
Осылайша, даулы жер учаскелерін жалға беру туралы шарттары жасалғанда Жер кодексінің 48 және 109-баптарының талаптары бұзылғанып, сауда-саттықсыз жер учаскесін берілгені және жер телімдерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын бұзғаны өз дәлелін тапты.
Кассациялық сот жергілікті соттардың тұжырымдары заңды деп санайды. Өйткені, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды саудасаттықта (аукциондарда) алу тәртібі Жер кодексінің 48-баптың талаптарымен реттеледі, ал елдi мекендердiң жерiн пайдалану тәртібі Жер кодексінің 109бабында анық көрсетілген. Көрсетілген заң бұзушылықтар фактісі даусыз түрде расталған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 11-тармақшасында АК-нің 267-бабына сәйкес, егер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңнамаға сәйкес келмейтiн нормативтік немесе жеке акті шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа тұлғалардың мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету
жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай акт сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.
Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.
Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Жауапкер К[...] А[...], Е[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: А.О.Тогумбетова
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.