ВС РК - Постановление от 04.04.2024 по делу 6001-23-00-6ап/3330 (Административное)

№6001-23-00-6ап/3330

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 4 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Ғ.Ө.Әлжанов, Ш.Т.Даниярова, талап қоюшының өкілі Қ[...], жауапкерлердің өкілдері Е[...], И[...],

мүдделі тұлғалар К[...], А[...], А[...], олардың өкілдері З[...], Т[...] қатысуыларымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «ДӘ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жауапкерлер Келес ауданы әкімдігіне (бұдан әрі – Әкімдік), «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Жер қатынастар бөлімі) Жер комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп танып, күшін жою, конкурсты қайта өткізуді міндеттеу, өтініш берушіні жеңімпаз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының өкілі Қ[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Онда ол конкурсқа қатысу үшін тапсырған өтінімдеріндеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану жөніндегі міндеттемелерді тапсырғанымен негіздеп, 2021 жылғы 25 мамырдағы шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі пайдалануға (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару жөніндегі отырысының №13 хаттамасын заңсыз деп танып, күшін жоюды, конкурсты қайта өткізуді міндеттеуді және № 60, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 71, 74, 78 лоттар бойынша талап қоюшыны жеңімпаз деп айқындауды сұраған.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған.

2021 жылғы 25 мамырдағы жер комиссиясының отырысының №13 хаттамасының «ДӘ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін №60, 63, 64, 65, 66, 69, 74, 78 лоттар бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмеу бөлігінде заңсыз деп танылып, күші жойылған; 2021 жылғы 25 мамырдағы жер комиссиясының отырысының №13 хаттамасының №60 лот бойынша Т[...], №63 лот бойынша А[...], №64 лот бойынша «Кашкинбеков» Өндірістік кооператив, №65 лот бойынша Б[...], №66 лот бойынша С[...], №69 лот бойынша А[...], №74 К[...], №78 А[...] жеңімпаз деп таныған бөлігін заңсыз деп танылып, күші жойылған;

Әкімдіктің 2021 жылғы 27 мамырдағы №152 қаулысының Жамбыл ауылдық округінен келесі көлемінде жайылым жер учаскесін: Т[...] 214га, А[...] 200га, «К[...]» Өндірістік кооперативіне 200га, Б[...] 158,2га, С[...] 1361 га, А[...] 300га, К[...] 405га, А[...] 200га берілген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 (он) жыл ұзақ мерзімге өтеулі уақытша пайдалануға жалға табыстау туралы бөлігі және Жер қатынастар бөлімі және аталған тұлғалардың арасында жасалған 2021 жылғы 1 маусымдағы шарттары заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Талап қоюшыны 60, 63, 64, 65, 66, 67, 69, 71, 74, 78 лоттар бойынша жеңімпаз деп айқындау туралы бөлігі және талап қоюдың басқа талаптары қанағаттандырусыз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгертілген. Сот шешімнің талап қоюдың ішінара қанағаттандырылған бөлігінің күші жойылып, осы бөлігінде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Осы соттың 2022 жылғы 11 сәуірдегі жеке ұйғарымымен Жер қатынастар бөлімі тарапынан жер комиссиясы жөніндегі конкурс өткізу барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені туралы және олар бойынша тиісті шаралар қолдану туралы Түркістан облысы әкімі басшылығының назарына жеткізілген.

Талап қоюшы кассациялық шағымда апелляциялық сот алқасы іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, 2022 жылғы 11 сәуірдегі сот қаулының күшін жоюды сұраған.

Сот алқасы тараптардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілмеген.

Соттармен анықталғандай, Жер қатынастар бөлімімен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жариялаған. Конкурстың өткізілетін күні 25 мамыр 2021 жылы деп белгіленген.

Осы конкурсқа қатысу үшін талап қоюшы № 60, 63, 64, 65, 66, 67, 69, 74, 78 лоттар бойынша өтінім берген.

2021 жылғы 25 мамырдағы Жер комиссиясының отырысының №13 хаттамасының (бұдан әрі – хаттама) негізінде талап қоюшы №60, 63, 64, 65, 66, 67, 69, 74, 78 лоттар бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінен бас тартылған.

Хаттамада талап қоюшының конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінен бас тартылу себебі өтінімге міндеттеме тіркелмеген деп көрсетілген. Хаттамамен №60 лот бойынша Т[...], №63 лот бойынша А[...], №64 лот бойынша «Кашкинбеков» Өндірістік кооператив (әрі қарай «К[...]» ӨК-і), №65 лот бойынша Б[...], №66 лот бойынша С[...], №69 лот бойынша А[...], №74 К[...], №78 А[...] жеңімпаздар деп танылған.

Хаттамамен № 67 лот бойынша конкурс өткізілмеген.

Әкімдіктің 2021 жылғы 27 мамырдағы №152 қаулысымен Жамбыл ауылдық округінен келесі көлемінде жайылым жер учаскесін: Т[...] 214га, А[...] 200га, «К[...]» ӨК-не 200 га, Б[...] 158,2га, С[...] 1361га, А[...] 300га, К[...] 405га, А[...] 200га берілген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 (он) жыл ұзақ мерзімге өтеулі уақытша пайдалануға жалға берілген.

2021 жылғы 1 маусымда Жер қатынастар бөлімі және аталған тұлғалардың арасында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) шарттар жасалған.

Бұл әрекеттермен келіспей, талап қоюшы сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды ішінара қанағаттандырып, даулы хаттама ӘРПК-нің 84-бабына сәйкес заңсыз қабылданғаны деп көрсеткен.

Апелляциялық сот алқасы бұл шешіммен келіспей, келесі тұжырымға келген.

Жер комиссиясы конкурсқа қатысқан басқа тұлғалардың құжаттарына салыстырма жүргізгенде, конкурсқа қойылған жер учаскелері орналасқан елді мекен тұрғындарының конкурсқа қатысуда басым құқыққа ие болатынын, ал талап қоюшы сол елді мекеннен тыс жерде орналасқанын еске алған.

Сонымен қатар, талап қоюшының конкурса, яғни 78 лотқа тапсырған құжаттарын ашып тексерген кезде, талап қоюшымен өтінімде жайылым жерлер деп көрсетілгенін, ал ол жерлер егістік жерлер деп саналады.

Яғни, бұл жағдайда жер комиссиямен талап қоюшының өтінімі негізді түрде қабылдаудан бас тартылған.

Бұл жағдайда апелляциялық сот алқасымен бірінші сатыдағы шешімді өзгертуі негізді.

Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.

Бұл дәлелдемелерге апелляциялық сот алқасымен тиісті құқық баға берілген, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актісі ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актісінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 сәуірдегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының өкілі Қ[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова Көшірмесі дұрыс. Судья Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.