ВС РК - Постановление от 01.06.2023 по делу 6001-22-00-6ап/2533 (Административное)

1

6001-22-00-6ап/2533

Қ А У Л Ы

2023 жылғы 1 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,

судьялар Б.Т.Нажмиденов, Г.К.Нұрбаев болып,

жауапкердің өкілі К[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Б[...] жауапкер Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроратурасына берілген арызды толығымен қарап, қолданыстағы заң нормаларына сілтеме жасай отырып, негізделген және уәжделген мазмұнда және уәждерді теріске шығаратын немесе растайтын нақты негіздер келтіре отырып беруді міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша,

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешіміне және Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысына жауапкердің берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылған.

Жауапкер Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры талап қоюшы Б[...] ұлы Б[...] мүддесінде Алматы қаласы Алмалы ауданының прокурорына 16 шілде 2021 жылы жолдаған арызын толығымен қарап, қолданыстағы заң нормаларына сілтеме жасай отырып, негізделген және уәжделген мазмұнда және уәждерді теріске шығаратын немесе растайтын нақты негіздер келтіре отырып беруге міндеттелген. Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.

Жауапкер кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.

Талап қоюшы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды. Іс құжаттарын зерттеп, шағым уәждерін жан-жақты талқылап, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК 169 бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алған.

ӘРПК-нің 154-бапбына сай соттың шешімі заңды және негізді болуға тиіс. Шағымдалып отырған сот актілері бұл талаптарға сәйкес келмейді.

Іс материалдарынан анықталғандай, талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, онда өзінің нотариустың әрекеттеріне заңды баға беруін сұрап Алмалы аудандық прокурорына арызбен жүгінгенін, алайда Алмалы аудандық прокуроры көтеріліп отырған мәселе бойынша соттармен тиісті құқықтық баға берілгенін, ендігі жерде мәселені ҚР Жоғарғы Сотына кассациялық тәртіппен қайта қарауға мүмкіндік бар екенін түсіндіретіні туралы жауап бергенін, алайда ҚР Жоғарғы Соты бұл мәселені кассациялық тәртіппен қараудан 2022 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен бас тартып отырғанын, нәтижесінде қолданыстағы заң талабына сай тиесілі құжат өздеріне не себепті берілмеуі керек екенін түсінбей отырғанын, прокурордың жауабы заң нормаларын мүлдем ескермей берілгенін көрсеткен.

Бірінші сатыдағы сот талап қою арызын қанағаттандырған.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырған.

ӘРПК -нің 4-бабы бірінші бөлігінің 32) тармақшасына сәйкес, сұрау салу деп әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші түсіндірілген.

Б[...] Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроратурасына берілген арызы сұрау салу болып табылды.

ӘРПК-нің 87-бабына сәйкес сұрау салуды қарауды мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға және олардың лауазымды адамдары сыртқы әкімшілік рәсімдерді көздейтін ӘРПК-нің 3-бөліміне сәйкес оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырады.

ӘРПК-нің 3-бөлімінде әкімшілік рәсімдердің кезеңдері 9-15тарауларында көрсетілген:

  1. әкімшілік рәсімдерді қозғау;

  2. әкімшілік істі қарау;

    1. әкімшілік акт, оңайлатылған әкімшілік рәсім жағдайында жауап
  • беру;

      1. қайта қарау (шағымдану);
      1. шағым бойынша қарау;
      1. шағым бойынша шешім.

ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес, әкімшілік рәсім-бұл әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.

Заңның келтірілген нормасына сүйене отырып, азаматтың мемлекеттік органдардын ресми отырыстарда құжаттары, сөйлеуі Конституцияға сәйкес тек қана мемлекеттік тілде болуы туралы хабарын қарау тәртібі жеңілдетілген әкімшілік рәсім болып табылады және ӘРПК нормаларымен реттеледі.

Әкімшілік Ә[...] міндеттерінің бірі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруының заңдылығын сот бақылауы болып табылады, осыған байланысты әкімшілік рәсімді оның барлық кезеңдерін сақтай отырып жүзеге асырудың дұрыстығы әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

ӘРПК-нің 9-бабына сәйкес, әрбір адам бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Б[...] заңда көзделген құқықты іске асыра отырып, сотқа әкімшілік талап арызбен жүгінген.

Сонымен қатар, ӘРПК-нің 131-бабында сәйкес, талап қоюда талап қою талаптарының мазмұны (талап қою нысанасы) және талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды баяндау (талап қою негіздері), талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні. Талап қою бірнеше жауапкерге берілген жағдайда, жауапкерлердің әрқайсысына қатысты талап қою талаптарының мазмұны көрсетілуі тиіс.

Талап қоюда, әдетте, талап қоюшының жауапкердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы, оларды жүзеге асыруға кедергілер белгілеу туралы не оған қандай да бір міндет заңсыз қою туралы негізделген пікірі де көрсетіледі.

Алайда, Б[...] әкімшілік талап қою арызында оның құқықтарын бұзу немесе бұзу қаупінің мәні неде екенін көрсетпеген, яғни жауапкерлердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы негізделген пікірін келтірмеген.

Яғни, сотқа талап қоюдың міндетті шарты талапкердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу болып табылады, оны қорғау және қалпына келтіру мақсатында ол әкімшілік дауды шешу үшін сотқа жүгінеді. Бұл мән-жайлар, Б[...] әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігін көрсетеді.

Істің мән-жайын бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар толық және дұрыс анықтамаған, материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілгендіктен сот алқасы істі жаңадан қарауға жібермей талап қоюшының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруға жатады деп есептейді.

Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінің, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімі және Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын.

Талап қоюшы Б[...] талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдансын. Жауапкер Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроратурасының кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Дуйсенбаев Г.Б.

Судьялар

Нажмиденов Б.Т.

Нұрбаев Г.К.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.