6001-24-00-3Г/5753
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 11 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) жауапкерлер «Кенжебек» атауымен әрекет етуші К.Т.Жұмабеков жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – ЖК «Кенжебек»), «Қызылорда Мұнай Өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - ЖШС), «Global Alatau Group» ЖШС, «Пикет LTD» ЖШС, «Рысдаулет» атауымен әрекет етуші Р.Ә.Әбибулла жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – ЖК «Рысдаулет»):
-«Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС мен ЖК «Кенжебек» арасындағы жалпы сомасы 101 647 958 теңгеге, қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) 0 теңгеге 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №1 шартты, 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №257/1 шартты, 2023 жылғы 5 қаңтардағы шартты, 2023 жылғы 1 наурыздағы №2 шартты, 2023 жылғы 12 маусымдағы №318/1 шартты, 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №ESF-841210301812-20210908-88457383, 2021 жылғы 26 қазандағы №ESF841210301812-20211026-75654421, №ESF-841210301812-20211026-75995411, 2021 жылғы 29 қазандағы № ESF-841210301812-20211029-81571172, 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №ESF-841210301812-20211207-52877883 электронды шотфактуралармен (бұдан әрі - ЭШФ) дәлелденетін мәмілелерді жарамсыз деп тану;
-«Global Alatau Group» ЖШС мен «Кенжебек» ЖК арасындағы жалпы сомасы 17 720 000 теңгеге, ҚҚС 0 теңгеге жасалған 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №1 шартты, 2023 жығы 24 наурыздағы №03-03/23 шартты жарамсыз деп тану;
-«Пикет LTD» ЖШС мен «Кенжебек» ЖК арасындағы жалпы сомасы 13 787 430 теңгеге, ҚҚС 0 теңгеге жасалған 2022 жылғы 1 мамырдағы №1 шартты, 2023 жылғы 15 мамырдағы №3 шартты жарамсыз деп тану;
-«Кенжебек» ЖК мен «Рысдаулет» ЖК арасындағы ЭШФ дәлелденетін жалпы сомасы 2 039 400 теңге, ҚҚС 0 теңгеге жазылған 2021 жылғы 11 қарашадағы №17 шартты, 2022 жылғы 17 сәуірдегі №2 шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 сәуірдегі қаулысына Мекеменің келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 9 қаңтардағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Даулы шарттар жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары өндірілген.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімнің күші
жойылып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.
Мекеме өтінішхатта апелляциялық сатыдағы сотпен істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актінің күшін жойып, сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушының пікірінше іс бойынша жол берілген.
Іс материалдарымен анықталғандай, «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС 2019 жылғы 10 сәуірде Мекемеде салық төлеуші ретінде тіркелген. Негізгі қызмет түрі: «Автомобиль бензиндерін көтерме саудада сату, дизельдік отынды көтерме саудада сату». Жалпыға бірдей салық режимімен жұмыс жасайды, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген. Бюджетке төлеген салығы: 2021 жылы 106 839 396 теңге, 2022 жылы 201 065 159 теңге. 2021 жылы үшін жылдық жиынтық табысы 10 869 837 780 теңге, 2022 жылғы жылдық жиынтық табысы 12 609 360 572 теңге. 2021-2022 жылдар аралығында жалдамалы жұмысшы саны 200 адам. 2021 жылға салық жүктемесі 0,1%, 2022 - 0,2%. Тәуекел дәрежесі орташа дәрежеде. Салықтар бойынша бет есепте берешек қарыз сомасы жоқ. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша орындалмаған хабарламалары жоқ. Сенімсіз салық төлеушілермен өзара есеп айырысу болмаған.
«Global Alatau Group» ЖШС заңды тұлға ретінде 2005 жылғы 19 қазанда Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген. Негізгі қызмет түрі: «Жалға беру және өзінің мүлкін басқару». ҚҚС төлемгер ретінде 2010 жылғы 1 мамырда тіркелген. Салық режимі: жалпыға бірдей тәртіп режимімен жүргізеді.
«Пикет LTD» ЖШС заңды тұлға ретінде 2009 жылғы 13 қыркүйекте Мекемеде тіркелген. Негізгі қызмет түрі: «Темір жолды пайдалану». ҚҚС төлеуші ретінде 2006 жылғы 1 наурызда тіркеліп, 2016 жылғы 20 маусымда шыққан.Салық режимі: жалпыға бірдей тәртіп режимімен жүргізеді.
ЖК «Кенжебек» Мекемеде 2021 жылғы 1 маусымда тіркелген. Қызмет түрі «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге қызметтерді ұсыну». 2012 жылғы 1 маусымнан бастап оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiмен жұмыс жасайды. ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген. Бақылау касса машинасы тіркелмеген. Мемлекеттік сатып алуға қатыспаған. 2021-2023 жылдар аралығында бюджетке төленген салық сомасы 613 284 тенге. 2021 жылға 910.00 салықтық декларациясындағы кіріс сомасы 36 503 175 теңге көрсетілген. 2022 жылға 910.00 салықтық декларациясындағы кіріс сомасы 59 163 593 теңге көрсетілген. 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы 910.00 салықтық декларациясындағы кіріс сомасы 21 309 910 теңге. Жалдамалы жұмысшылар жоқ. 2021 жылы салық салу жүктемесі 0%, 2022 жылға салық салу жүктемесі 0%. Тәуекел дәрежесі 2021-2022 жылы орта деңгейде. Салықтар бойынша бет есепте
қарыз сомасы, камералдық бақылау нәтижесімен орындалмаған хабарламалары жоқ. Сенімсіз салық төлеушілермен өзара есеп айырысу болмаған, шет елден және ЕАЭС елдерінен экспорт мен импорт болмаған.
ЖК «Рысдаулет» 2019 жылғы 4 сәуірде Мекемеде тіркелген. Негізгі қызмет түрі: «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге қызметтерді ұсыну». ҚҚС төлемгер ретінде 2020 жылғы 17 қыркұйекте тіркелген. Салық режимі-жалпыға бірдей тәртіп режимімен жүргізеді.
Сотпен анықталғандай, жабдықтаушы ЖК «Кенжебек» 2021-2023 жылдарда ЭШФ мәліметіне сәйкес тұтынушы болып табылатын жауапкер «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС ҚҚС-сыз айналым сомасы 101 647 958 теңгеге тұрмыстық-шаруашылық, сусындар тауарларын өткізіп, қызметтер жасаған.
«Global Alatau Group» ЖШС 2022-2023 жылдарғы ЭШФ мәліметтеріне сәйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 17 720 000 теңгеге (ҚҚС 0 тг) жабдықтаушы болып табылатын ЖК «Кенжебек» Қызылорда қаласы, Айманкуль акын көшесі, № 21 мекенжайда орналасқан № 18 жанар-жағар май құю станциясына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, Қызылорда қаласы, Хон Бен До көшесі, №28 мекенжайда орналасқан жанар-жағар май құю станциясының операторлық ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметтерін сатып алып, өз шығынына қойған.
«Пикет LTD» ЖШС-нің 2022-2023 жылдарғы ЭШФ мәліметтеріне сәйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 13 787 430 теңгеге (ҚҚС 0 тг) жабдықтаушы болып табылатын ЖК «Кенжебек» тауарларды сатып алып, өз шығынына қойған.
ЖК «Рысдаулет» 2021-2023 жылдарғы ЭШФ мәліметтеріне сәйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 2 039 400 теңгеге (ҚҚС 0 тг) жабдықтаушы болып табылатын ЖК «Кенжебек» қызметтерді сатып алып, өз шығынына қойған.
Салық органы жауапкерлердің арасында ешқандай қызметтер жүргізілмегені, серіктестіктің тіркеуінде активтерінің тағы да басқа дәлелдейтін құжаттары болмағанын, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың толық болмауы даулы мәмілелер формальды түрде, салықтан жалтару мақсатында жасалғанын көрсетіп, аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыруын даулы шарттар бухгалтерлік құжаттары толық ұсынбағанымен, формальды құжат айналымы, салық міндеттемелерін азайту және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жасалған деген тұжырымдарымен негіздеген. Апелляцилялық сот алқасы сот шешімімен келіспей, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындысын даулы Шарттар бойынша жауапкерлер барлық тиісті жұмыстар іс жүзінде атқарылғанымен, белгіленген жұмыстарды жүзеге асырғанымен және қажетті техникалар жалдағаны, тиісті төлемдерді төлеп отырғанымен негіздеген
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыруын даулы шарттар бухгалтерлік құжаттары толық ұсынбағанымен, формальды құжат айналымы, салық міндеттемелерін азайту және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жасалған деген тұжырымдарымен негіздеген.
Сонымен қатар апелляциялық сот алқасының тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есетпейді.
Атап айтқанда, ЖК «Кенжебек» пен ЖК «Рысдаулет» арасында айналым сомасы ҚҚС-сыз 1 200 000 теңгені құрайтын 2021 жылғы 11 қарашадағы №17 көлік жөндеу шарты жасалғандығын көрсеткен. Алайда, «Ремонт механической коробки передач автомашины МАЗ 342208-230Р гос.номер 437EJA11» ұсынылған
орындалған жұмыстар актісінде шарт №2, 2023 жылғы 17 сәуірде деп көрсетілсе, №ESF-841210301812-20230428-77595512 ЭШФ-да шарт №2, 2022 жылғы 17 сәуірде деп көрсетілген. Сонымен қатар ЭШФ-да есеп айрысу аудару түрінде деп көрсетілгенімен алайда төлемдер бойынша мәліметтер жоқ.
ЖК «Кенжебек» пен «Global Alatau Group» ЖШС арасында айналым сомасы ҚҚС-сыз 10 320 000 теңгені құрайтын 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №1 қызметтерді көрсету бойынша шарты, айналым сомасы ҚҚС-сыз 7 400 000 теңгені құрайтын 2023 жылғы 24 наурдағы №03-03/23 шарты жасалғандығын көрсеткен. Алайда, «Global Alatau Group» ЖШС төлемді қалай жүргізгендігі жөнінде дәлелді құжаттары ұсынылмаған. Сонымен қатар 2023 жылғы 31 шілдеде №4 атқарылған жұмыстар актісінде «мөр» орнында «Қызылорда мұнай өнімдері» ЖШС-нің мөрі басылғандығы анықталған.
ЖК «Кенжебек» пен «Пикет» ЖШС айналым сомасы ҚҚС-сыз 8 272 180 теңгені құрайтын 2022 жылғы 1 мамырдағы №1 қызметтерді көрсету бойынша шарт жасалғандығы көрсетілген, 8 272 180 теңгеге жазылған күні - 2022 жылғы 29 шілде, мәміле жасалған күні - 2022 жылғы 31 мамырдағы №ESF-84121030181220220729-53964253 ЭШФ-ның 27.2 тармағында күні 2022 жылғы 1 маусымдағы шарт деп көрсетілген. Айналым сомасы ҚҚС-сыз 5 515 250 теңгені құрайтын 2023 жылғы 15 мамырдағы №3 жеткізу бойынша шарты жасалғандығы көрсетілген, 5 515 250 теңгеге жазылған күні 2023 жылғы 13 маусым, мәміле жасалған күні 2023 жылғы 25 мамырдағы №ESF-841210301812-20230613-43024791 ЭШФ-ның 27.2 тармағында шарт нөмірі, күні жазылмай келісім шартсыз деп көрсетілгендігі анықталды.
Яғни, «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шотфактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығының талаптарын бұзғандығын көруге болады.
Сонымен қатар ЖК «Кенжебек» мен «Пикет» ЖШС-не сатылған тауарларды қайдан, кімнен, қашан алғандығы көрсетілмеген. Өзі өндіруші болып табылмайды тауардың шығу тегі жоқ.
ЖК «Кенжебек» 2021 жылдың ЭШФ-да көрсетілген қызметтер мен өткізілген тауарлар ҚҚС-сыз айналым сомасы тамыз, қазан-желтоқсанда 36 503 175 теңгені құраған. ЖК «Кенжебек» 2021 жылдың 2-жартыжылдығына табысталған оңайлатылған салық декларациясы бойынша 910.00.001 қатарында табысы 36 503 175 теңге. 910.00.003 қатарында қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетілмеген, сонымен қатар жеке кәсіпкердің өзіне де, жұмысшыларға міндетті аударымдарымен салықтарын есептемеген.
ЖК «Кенжебек» 2022 жылдың 1-жартыжылдығында ЭШФ-да көрсетілген қызметтер мен өткізілген тауарлар ҚҚС-сыз айналым сомасы қаңтар, наурыз, сәуір-маусымда 20 875 560 теңгені құраған. 2022 жылдың 1-жартыжылдығына табысталған оңайлатылған салық декларациясы бойынша 910.00.001 қатарында табысы 20 875 560 теңге. 910.00.003 қатарында қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетілмеген, сонымен қатар жеке кәсіпкердің өзіне де, жұмысшыларға міндетті аударымдарымен салықтары тек мамыр, маусым айларына есептелген. Көрсетілген қызметтер түрлері бойынша қаңтар, наурыз, сәуірде ЭШФ жазылған,
яғни айналым қаңтар, наурыз, сәуір айларында бола тұра, жұмысшыларға және өзіне тиісті аударымдарымен, салықтарын есептемеген
ЖК «Кенжебек» ұсынылған «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС-не қатысты тауарларды жөнелту құжаттарында жіберушінің аты-жөні, ЖСН, сатып алушының аты-жөні, күні көрсетілмеген. ЖК «Кенжебек» жеке тұлғаны жалдамалы қызметкер ретінде жалдаған жағдайда өз салық есептілігінде жалдамалы жұмысшыларды көрсетіп, жеке табыс салығын төлеуге міндеттелген, яғни заңдылықтардың сақталмауы, көлеңкелі экономиканың айқын көрінісі.
Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері кассациялық сот алқасының отырысында тексерілуге жатады.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 сәуірдегі қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.
Судья Ғ.Ж.Мырзаке
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.