6001-20-00-3гп/81
Қ А У Л Ы
6 тамыз 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – Н.Сұлтанов, судьялар Ш. Иманиязова, Б.Мақұлбеков, прокурор У[...],
«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы» басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі М[...] қатысуымен,
ашық сот отырысында мобильдік және бейнеконференц байланыс арқылы арыз беруші С[...] қаласының әкімдігіне, «НұрСұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік мекемесіне келтірген есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттеу туралы азаматтық ісі бойынша қабылданған
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 1 шілдедегі шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы Басқарма өкілінің келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Арыз беруші Р[...] сотқа жоғарыда көрсетілген арызбен жүгінген. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 1 шілдедегі шешімімен арыз қанағаттандырылған.
Сот шешімімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй комиссиясының 2018 жылдың 21 желтоқсандағы хаттамасының Р[...] қатысты бөлігі, Басқарманың 2018 жылдың 29 желтоқсандағы №02-41/291 бұйрығының Р[...] қатысты бөлігі заңсыз деп танылған.
Басқармаға бұзылған құқықтарды бір ай ішінде қалпына келтіру міндеттелген.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхат иесі соттар істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрайды.
Азаматтық іс бойынша жиналған дәлелдемелерге сәйкес, арыз беруші Р[...] 2010 жылдың 17 наурызынан бастап мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне «Халықтың әлуметтік тұрғыдан әлсіз тобы» - «оралман» санаты бойынша жанұя мүшелерімен, яғни:
Жұбайы – Н[...] – 17 желтоқсан 1961 ж.т.,
Ұлы – С[...] – 8 қазан 1987 ж.т.,
Қызы – С[...] – 25 қаңтар 1993 ж.т.,
Қызы – С[...] – 15 қаңтар 1995 ж.т.,
Қызы – С[...] – 31 желтоқсан 1996 ж.т.,
Қызы – С[...] – 14 тамыз 1999 ж.т., барлығы 7 адам қойылған. А[...] 2010 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының
азаматтығын алған.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 21 желтоқсан 2018 жылғы №19 хаттамасына және «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 29 желтоқсан 2018 жылғы №02-41/291 бұйрығына сәйкес арызданушы тұрғын үйге мұқтаждар кезегінен шығарылған.
Бұл ақпарат арызданушыға Басқармамен 2019 жылдың 4 қаңтарында жазбаша түрде жіберілген.
Қабылданған шешімнің негізі ретінде Астана қаласы Ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі басқармасының 2 қараша 2018 жылғы шығыс №158-15/6500 хаты көрсетілген.
Басқарма құқықтық негіз ретінде Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының (бұдан әрі – арнайы Заң) 25-бабына және Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 1-тармағына, 73-бабының 1-тармағына сілтеме жасаған.
Жергілікті соттар осы азаматтық дауды қарап, шешу барысында арызданушы Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына байланысты тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде кезектен заңсыз шығарылған деген қорытындыға келген.
Азаматтық істің материалдарын, өтінішхаттың уәждерін зерделеп, прокурордың сот актілерінің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберу туралы қорытындысын тыңдап, кассациялық сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438 - бабы 5-бөлігінің талаптарына сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Сот алқасы кассациялық өтінішхаттың уәждері ескерілуге жатады, сол себепті дауланып отырған сот актілерін қабылдау барысында жергілікті соттар қолданыстағы тұрғын үй қатынастары және көші-қон туралы заңнаманыда дұрыс қолданбаған деп есептейді.
Арнайы Заңның 25-бабының 1-тармағына сәйкес, оралман мәртебесі оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.
Ал, Заңның 73-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес азаматтар егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылуға жатады.
Жергілікті соттар осы іс бойынша шешім қабылдау барысында материалдық заңнаманың көрсетілген императивтік нормаларын сақтамаған.
Азаматтық іс бойынша жиналған дәлелдемелерге сәйкес арыз беруші Р[...] Қазақстан Республикасының азаматтығын және жеке куәлігінің көшірмесін 2010 жылы 27 қаңтарда алған.
Сондықтан, сот алқасы Р[...] 2010 жылдың 17 наурыз күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне заңсыз қойылған деген тұжырымға келеді, себебі ол кезекке қойылған уақытта Заңның 68-бабының 7-тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың санатына жатпаған.
Баяндалған жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органның өкілдері тиісті заңнамалардың талаптарын сақтамай, арызданушы Р[...] мемлекет тарапынан тұрғын үй алу кезегіне заңсыз қойған.
Жоғарыда көрсетілгендей осы дауды қарап, шешу барысында жергілікті соттар қолданыстағы тұрғын үй және халықтың көші-қоны туралы материалдық заңнамаларды дұрыс қолданбай, заңсыз шешім қабылдаған. АПК-ның 449-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша өтiнiшхаттың, ұсынудың, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.
Айта кететін жағдай, осы істі бірінші және апелляциялық сот сатыларында қарау барысында арызданушы Р[...] жанұясында бес баласы бар екенін, яғни ол «халықтың әлеуметтік жағынан осал таптарына жатады», сондықтан кезекке осы негіз бойынша қойылуы тиіс деген мәселе қаралмаған.
Бұл жөнінде арызданушы сот органдарына арыз бермеген.
Сондықтан кассациялық сот алқасы шешім қабылдау барысында тек іс материалдарында көрсетілген жағдайларды ғана басшылыққа алады.
Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот Басқарманың 29 желтоқсан 2018 жылғы № 02-41-291 санды бұйрығымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 21 желтоқсан 2018 жылғы № 19 санды хаттамалық шешімін де ішінара заңсыз деп тапқан.
Алайда, сот аталған комиссияның хаттамалық шешімінің азаматтық іс жүргізу тәртібімен даулануы немесе дауланбайтындығы туралы мәселеге құқықтық баға бермеген.
Жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты дауланып отырған сот актілерін заңды әрі негізді деп тануға болмайды.
Азаматтық дауды шешу барысында материалдық заңнаманың талаптары дұрыс қолданылмағандықтан аталған сот актілерінің күші жойылуға жатады. Сот алқасы азаматтық даудың мән-жайы толық, жан-жақты анықталғанын, бірақ материалдық заңнамаларды қолдануда елеулі қателіктер жіберілгенін ескере отырып, істі қайта қарауға жолдамай, іс бойынша жаңа шешім қабылдауға құқықтық негіздер бар деген қорытындыға келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 451-бабы 2 бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сол алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Сарыарқа аудандық сотының 1 шілде 2019 жылғы шешімінің және НұрСұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 24 қыркүйек 2019 жылғы қаулысының күші жойылсын.
Азаматтық іс бойынша жаңа шешім қабылдансын. А[...] арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Басқарма өкілінің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші: Н. Сұлтанов
Ш. Иманиязова Б. Мақұлбеков
Көшірме дұрыс. Судья Б. Мақұлбеков
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.