№6001-24-00-6ап/3497
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 6 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып,
жауапкерлердің өкілдері А.М.Мұхтаровтың, Р.Р.Егенбаевтың, А.Ұзақбайұлының, А.Г.Байтукинаның, М.Избановтың, қатысуыларымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «КазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Қазынашылық комитеті), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Казынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Түркістан облысы бойынша департаменті), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Казынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Казынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Маңғыстау облысы бойынша департаменті), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Казынашылық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті), «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма), «Қарғалы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне электрондық депозитарийге енгізілетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерін қабылдау туралы шешімдерінің күшін жою, мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы жарамсыз деп тану, конкурс бойынша мемлекеттік сатып алудың нәтижесін қайта қарауға жіберу, шартты жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 21 тамыздағы шешімі мен Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы қаулысына мүдделі тұлға «Qazyna Stroi Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ: Серіктестік жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 21 тамыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің, Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-нің электрондық депозитарийге енгізілетін жұмыс тәжірибесін растайтын №№3656141, 3656064, 3656140, 3656139, 3656137, 3656136, 3656134, 3656133, 3656132, 3656131, 3656130, 3656128, 3656126, 3656124, 3656119, 3656118, 3656115, 3656114, 3656112, 3656111, 3656108, 3656103, 3656096, 3656094, 3656087, 3656081, 3656077, 3656067, 3656062, 3656057, 3656054, 3656045, 3656032, 3656027, 3656022, 3656019, 3656015, 3656007, 3656004, 3655999, 3655993, 3655989, 3655986, 3655983, 3655981, 3655989 мәліметтерін қабылдау туралы шешімдерінің күші жойылған;
мемлекеттік сатып алудың №12353460-КРБС1 қорытындылар туралы хаттамасы жарамсыз деп танылған;
№12353460-КРБС1 конкурсы бойынша мемлекеттік сатып алудың нәтижесі қайта қаралған;
«Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі мен «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-гі арасында 2024 жылғы 1 тамыздағы жасалған №66 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарты жарамсыз деп танылған. Талап қоюшының қалған бөлігіндегі талаптары қанағаттандырудан бас тартылған.
Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Мүдделі тұлға кассациялық шағымында жергілікті соттардың іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімі мен апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жоюды сұраған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, тиісті түрде хабарланған тараптардың сотқа келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы кассациялық шағым бойынша іс құжаттарын зерттеп, тараптардың пікірлерін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Соттармен анықталғандай, 2024 жылғы 13 мамырда Басқармамен бірыңғай ұйымдастырушы ретінде «goszakup.gov.kz» веб-порталында №12353460-КРБС 1 «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Велиховка ауылында жеткізуші және ауылшілік газ құбырының құрылысы» сомасы 606 016 708.00 теңге жобасы бойынша рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жариялаған.
2024 жылғы 5 маусымдағы автоматты түрде қалыптасқан №12353460-КРБС1 қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес, жеңімпаз болып «Qazyna Stroi Servis» ЖШС, ал талап қоюшы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ретінде танылған.
Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы негізінде 2024 жылғы 1 тамызда ««Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі мен «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-нің арасында №66 мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған.
Бұл қорытындысымен келіспей, талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша ішкі аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент) шағым жолдаған. 2024 жылғы 1 шілдедегі Департаменттің хатына сәйкес, «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-нің жұмыс тәжірибелері уәкілетті органға бұғаттауға жіберілгені туралы хабарланған.
Талап қоюшы сотқа талап қоюмен жүгініп, мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы, конкурс бойынша жасалған келісім шартты жарамсыз деп тануды, конкурстың нәтижесін қайта қарауға жіберуді сұраған.
Жергілікті соттар талап қоюды ішінара қанағаттандырып, келесі мәнжайларды анықтаған.
Мемлекеттік сатып алудың № 12353460-КРБС1 қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес, конкурстың жеңімпазы «Qazyna Stroi Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электрондық депозитарийде расталған жұмыс тәжірибесі:
2017 жылы - бас мердігер ретінде жасалған 1 бірлік жұмысы үшін 1%; 2019 жылы - бас мердігер ретінде жасалған 1 бірлік жұмысы үшін 1 %; 2020 жылы - бас мердігер ретінде жасалған 1 бірлік жұмысы үшін 1 %;
2023 жылы - қосалқы мердігер ретінде жасалған 46 бірлік жұмыс жасаған, ондағы 1 жұмыс үшін веб-портал 0,5% есептесе, қалған 45 бірлік жасалған жұмыстың әрқайсысы 0,1% - дан есептеліп, барлығы 5% (45*0,1+0,5=5%) қабылданған.
Осылайша, «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-нің электрондық депозитарийдегі тәжірибесі - 4 жыл, ондағы жұмыс тәжірибесі 8 % болып табылады.
Бұл ретте, «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-не 2023 жылы - қосалқы мердігер ретінде жасалған 46 жоба бойынша жұмысы үшін әрқайсысына тиісті жеңілдігі есептеліп, барлығы 5 % жеңілдік берілген, яғни аталған жұмыс тәжірибесі үшін электрондық депозитарийде расталған мәліметтер дауланып отырған конкурс нәтижесіне әсер еткен.
Іс материалдарынан анықталғандай, 1 жер учаскесі бойынша жұмысты 11 серіктестік атқарған, тиісінше, әрбір қосалқы мердігер 1,1 метр желі жүргізу бойынша жұмыс атқарған. Нәтижесінде барлығы 46 жер учаскесі бойынша орындалған жұмыстар бойынша 46 акті жасақталып, жұмыс тәжірибесі ретінде көрсетілген.
Мердігерлердің жоғарыда көрсетілген әрекеті «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2, 3, 6- тармақшаларымен көзделген әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі туралы қағидаттарына қайшы келеді. Сондықтан мүдделі тұлғаның жұмыс тәжірибесі шартты балды жасанды көтермелеу мақсатында жасалған деген соттардың тұжырымы және Департаменттердің «Qazyna Stroi Servis» ЖШС-нің электрондық депозитарийге енгізілетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтерін қабылдау туралы шешімдерінің күшін жою туралы тұжырым негізді болып табылады.
Бұл жағдайда соттардың талап қоюшының талап қоюы ішінара қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымы заңды болып табылады.
Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні пікірде келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған. Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды. Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ. ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 21 тамыздағы шешімі мен Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Мүдделі тұлға «Qazyna Stroi Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.