Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 12.03.2026 по делу 6003-25-00-2к/5488 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 12 наурыз №6003-25-00-2к/5488 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар М.Т.Қадырова, Н.О.Қосанов,

талап қоюшылар Е[...], Е[...], олардың өкілі [...], жауапкерлер Ж[...], С[...], олардың өкілі А[...], жауапкер «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қорының өкілі М[...], бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшылар Е[...] және Е[...] жауапкерлер Ж[...], С[...], «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қорына, «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берген тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысына талап қоюшылардың келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы шешімінің және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысының күші жойылсын, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын.

2024 жылғы 19 маусымда талап қоюшылар Е[...], Е[...] келісімімен, және жауапкерлер Ж[...], С[...] келісімімен, «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры, «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі арасында жасалған, Ақтөбе облысы, [...] округы, Қаратал ауылы, Қ[...] көшесінде орналасқан, №1 тұрғын үйді, қосалқы құрылыс нысандарымен, 2,977 га жер телімімен сатып алу - сату шарты жарамсыз деп танылсын.

Талап қоюшылардың кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Талап қоюшы Е[...] пайдасына жауапкерлер Ж[...] және С[...], әрқайсынан, үлестік тәртіпте 1414 (бір мың төрт жүз он төрт) теңге мемлекеттік баж шығыны өндірілсін.

Талап қоюшы Е[...] пайдасына жауапкерлер Ж[...] және С[...], әрқайсынан, үлестік тәртіпте 1414 (бір мың төрт жүз он төрт) теңге мемлекеттік баж шығыны өндірілсін.

Талап қоюшы Е[...] пайдасына мемлекеттік бюджеттен 163 733 (бір жүз алпыс үш мың жеті жүз отыз үш) теңге артық төленген мемлекеттік баж қайтарылсын. Талап қоюшы Е[...] пайдасына мемлекеттік бюджеттен 163 733 (бір жүз алпыс үш мың жеті жүз отыз үш) теңге артық төленген мемлекеттік баж қайтарылсын.

Ғ.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

М.Қадырова

Н.Қосанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.