Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/2879 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 3 желтоқсан №6003-25-00-2к/2879 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., талап қоюшы Ш.И. Жолдасов,

жауапкерлер Г.С.Туркменбаев, Р.М.Артикбоева,

«ASTER AUTO Шымкент» ЖШС-нің өкілі А.А.Жумабеков,

«Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының өкілі Онгаров Ж.Д.,

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Жолдасов Шымыралы Изетбаевичтің жауапкерлер Туркменбаев Галымжан Сапарбаевичке, Ахметов Мухтар Сейтбековичке, Аманбеков Галымжан Кенесбековичке, Артикбоева Руза Мухаммадкизина, «ASTER AUTO Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - ЖШС-і), «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамына берген, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-і, автокөлікті сату туралы келісім шарттарды және кепіл шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 маусымдағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырудан бас тартылсын.

Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев Судьялар А.Даненова А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.