Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 24.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/2717 (Гражданское)

6003-25-00-2к/2717

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 24 ақпан

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,

судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,

прокурор А.Қадылбековтың, талап қоюшының өкілі А.Киізбайдың, «Маңғытай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (бұдан әрі- «Маңғытай» ЖШС, серіктестік) өкілдері Ж.Досымовтың, Е.Т.Издибаевтің, Отырар ауданының әкімінің өкілі А.Әмірханның, «Отырар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі А.Құлдыбайұлының, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қағамының өкілі Б.А.Есімнің, Арыс қаласының әкімінің өкілі Б.С.Сапарханұлының, «Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі Ғ.Спатайдың қатысуларымен, ашық сот отырысында

талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер «Маңғытай» ЖШС-не, Отырар ауданының әкіміне, «Отырар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қағамына, Отырар ауданының әкімінің қаулысын жарамсыз, жер учаскесін жалға беру туралы типтік шартын және сәйкестендіру актісін жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық істі Серіктестіктің Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 11 ақпандағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 11 ақпандағы шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

«Маңғытай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков Судьялар: А.О.Тогумбетова Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.