Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 18.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/5374 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 18 ақпан №6003-25-00-2к/5374, 5374 (2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,

талап қоюшының өкілі А.Есмұрзаев, жауапкер Р.Толеуова, үшінші тұлға М.Ауданбаевтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Ақтау қаласы прокуратурасының жауапкерлер «Интерьер Строй Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Райхан Туйебаевна Толеуова, Саид Ахмедуллахович Гамзатов, Абдывели Абдырахманович Айымбетов және Нұрболат Гафурұлы Қанатбаев, үшінші тұлғалар Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Мансур Ауданбаев және Есет Тусупович Таниевке келтірген пәтерді алдын ала сату келісім шартын бұзу, жер телімін сатып алу-сату туралы алдын ала шартын жарамсыз деп тану, бірлескен қызмет деп тану және әрекет жасауға міндеттеу туралы талап қоюы бойынша қабылданған Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қарашадағы қаулысына жауапкер Р.Толеуованың және үшінші тұлға Е.Таниевтің кассациялық шағымдары бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Ақтау қаласы прокуратурасы жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Талап қоюдың С.Гамзатов, А.Айымбетов, Н.Қабатбаев және «Интерьер Строй Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) мен С.Койшыгулов, М.Қазбеков, Ж.Әділбекова, М.Бекбосын, А.Сәрсенғали, С.Досумова, Ж.Тлеубергенов, А.Дуйсенбаева, Н.Узганбаев, А.Утеева, Р.Темирбаев, А.Құртышева, Ж.Турсунбаева, Е.Сулейменов, Т.Муратов, Т.Шыныбеков, А.Туркменбаева, С.Бекбаев, А.Кошбаева, А.Бурамбаева, А.Артығалина, А.Нурекешов, А.Ермекбаева, Л.Ізжан, А.Досаева, Ж.Тайджанов, Д.Асканбаев, Б.Акимов, Ж.Тулебаева, Р.Бердибаева, С.Ташимов, А.Жубаназаров, С.Ашыкбаев, А.Телемгенова, К.Саурова, Е.Толқынхан, Г.Дармагамбетов, А.Алайдарова, А.Джумагулова, Ж.Арканов, К.Балаханов, К.Осербаева, Д.Сатакбаев, А.Бокаев, Т.Бекболатов, Б.Муратова, Р.Джетмекова, Ш.Шамкулова, Т.Буркитбаев, Н.Коджабеков, Н.Наурызов, Э.Садирова, Э.Жайлиев, О.Сатыбалдыев, Т.Кулбаева, А.Купесова, К.Тулесенова, Ж.Салықбаева, Д.Казбекова, Е.Койшыбаева, Р.Чоканова, М.Алагөз, Б.Кушкинова, О.Джилгельдыева, С.Аманғали, Т.Омаров, Т.Битанов,

Ж.Имангалиева, Т.Есболаев, Т.Аймагамбетов, М.Серикбаев, О.Тангулов, З.Адилбаева, М.Куламанов, Ж.Аманбеков, А.Магулова, С.Жұмахан, М.Медетбаева, Р.Аскарова, И.Карабаев, Ж.Шергалиев, Р.Аскарова, А.Джамбулова, Н.Рахова, К.Аязбаева, А.Улукпанова, Д.Ағиман, Г.Фазылова, А.Пиязбек, К.Байбосинова, М.Батыков, Я.Мараева, Б.Кайнарбаев, Б.Қожабердиев, Д.Сарсенбаев, Н.Саназарова, Р.Кулькешова, М.Шериниязов, М.Қожиева, Б.Нурлыбекова, А.Тогызбаева, Ф.Шайхиева, Г.Искулова, М.Ағзамқызы, Л.Таймуратова, С.Махамбетов, Р.Умирзакова, А.Хаметов, К.Умирзакова, К.Нуркашева, Д.Байсарова, А.Атабаева, К.Султамуратова, С.Панабеков, И.Аталикова, К.Амангалиев, С.Нұрлыбаева, Ш.Сармуканова, Р.Жайлибаева, А.Елусимова, А.Отетилеуова, И.Нугманов, А.Жаканов, Б.Нарынбаев, С.Котембаева, Е.Туныкбаев, Д.Каракулова, К.Садакбаев, Ж.Тулебаева, Н.Каратабанова, А.Кизамбаева, А.Абдиров, З.Курдашева, Е.Сарсенов, К.Исмагамбетов, Б.Исмагамбетова, Ж.Науарбаева, К.Шаухаев, А.Қазақ, Р.Бейсимбекова, Б.Карабаев, С.Джубатыров, Н.Издибаев, М.Кошимова, А.Турсунбаева, Г.Минканова, К.Елубаев, С.Кошбаева (мұрагер М.Якубов), Д.Оразбаева, А.Кадирмуханбетов, Б.Сугиров, С.Кабатаева, К.Рзагалиева, М.Ауданбаев, М.Айдарбеков, А.Камысбаев, Н.Рахова, О.Мазахбаев, Г.Атенова, Т.Чалабаев, Е.Жумаханов, Т.Сатканбаева, С.Конуров, Е.Нұрай, Ә.Ідрісов, З.Нурбаева, Ж.Әбітұлы, М.Суйекенов, Ж.Егембердиева, С.Джумамурад, С.Еламанов, К.Тастемиров, С.Рахметова, Р.Хұдыбаева, М.Асханбаева, Г.Сейтқалиева, А.Нұрекеш, А.Махамбетұлы, Ж.Демеуов, А.Жумажанов, Р.Канатбаева, А.Жанайысова, Е.Утепов, Г.Сұлтанғалиева, Ж.Мухамбетов, Г.Есенкобекова, Г.Трушева, А.Белгибаева, К.Ермагамбетов, К.Шерниязов, М.Уткилбаев, Д.Калмаганбетов, Я.Телмухаммедов, К.Махамбетов, А.Қазақ, Р.Тлейбергенова, Б.Заредин, М.Исаев, Б.Сәмет, Н.Койчубаева, А.Кемеджанова, Р.Кульджанов, Б.Әбдіғалиев, Г.Асылбаева, Ж.Досыбаева, У.Кенжебекова, Р.Асқармауыт, Д.Ыбрай, Н.Казибаева, Ф.Койланова, А.Буйраев, Е.Атабаев, А.Тулембетова, А.Коданова, А.Турганбаев, Ы.Куанов, А.Ермагамбетова, Т.Сулейменов, Ф.Қызылбаева, М.Джаумбаев, Б.Копеков, С.Садакбаев, Г.Алдан, С.Копкенова, Г.Калимова, Д.Атшыбаева, Е.Жайғалиулы, Б.Дюсенова, М.Бегеева, Е.Жонелбеков, А.Ешимова, С.Танжарбаев, А.Қазақ, С.Нариман, К.Рахимов, У.Бердиева, А.Бактыбаева, Н.Қабимулдинова, А.Жарылгасинова, А.Шадиева, А.Уразалиев, Е.Есболаев, К.Тургумбаевтың араларында жасалған пәтерді алдын-ала сатып алу-сату келісім шарттарын бұзу туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.

Серіктестік пен Ф.Каримбаевтың арасында 2023 жылғы 6 сәуірде жасалған №387, Н.Елеуов арасында 2023 жылғы 12 сәуірде жасалған №391, С.Халмуратовтың арасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жасалған №10012022/1, Ө.Гусманның арасында 2021 жылғы 13 мамырда жасалған №73, Б.Махамбетованың арасында 2021 жылғы 18 қазанда жасалған №18102021/1, Н.Столярованың арасында 2023 жылғы 11 сәуірде жасалған №390, А.Алимбетовтің арасында 2022 жылы 8 қарашада жасалған №371,

Р.Утамбетовтің арасында 2023 жылғы 23 мамырда жасалған №401 пәтерді алдын-ала сату-сатып алу келісім шарттары бұзылған.

Серіктестік пен Р.Толеуова арасында 2020 жылғы 24 мамырда жасалған кадастрлық нөмірі 13:200:033:128 жер телімін сатып алу-сату туралы алдынала шарты жарамсыз деп танылған.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №8 өндірістік аймақ, 5/1 телімінде орналасқан (кадастрлық нөмірі 13:200:033:128, алаңы 1,4838 га) «MURAGER» тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша серіктестік пен Р.Толеуова арасындағы қызмет бірлескен қызмет ретінде танылған.

Сот актісімен «MURAGER-AKTAU» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің (бұдан әрі – ТҮҚК) мүшелерінің пайдасына өндірілген берешекті ішінара өтеу мақсатында жауапкерлер серіктестік пен Р.Толеуова кадастрлық нөмірі 13:200:033:128, алаңы 1,4838 га, орналасқан жері - Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №8 өндірістік аймақ, 5/1 - жер телімін (меншік иелері Р.Толеуова, Е.Таниев), аяқталмаған құрылыс нысанын, құрылысқа қатысты құжаттарымен қоса ТҮҚК меншігіне беруге міндеттелген. Жауапкерлер серіктестік пен Р.Толеуовадан үлестік тәртіпте әрқайсысынан мемлекет пайдасына 9 830 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер Р.Толеуова және үшінші тұлға Е.Таниев кассациялық шағымдарында шешім және қаулының «MURAGER» тұрғын үй кешенінің құрылысын серіктестік пен Р.Толеуова арасындағы бірлескен қызмет деп танылған, сот актісімен ТҮҚК мүшелерінің пайдасына өндірілген берешекті ішінара өтеу мақсатында жауапкерлер серіктестік пен Р.Толеуова жер телімін, аяқталмаған құрылыс нысанын, құрылысқа қатысты құжаттарымен қоса ТҮҚК меншігіне беруді міндеттеу бөлігінің күшін жойып, осы бөлігін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Шағымдарда, жауапкер мен үшінші тұлғаның серіктестіктен пәтер сатып алушылардың алдында міндеттемелері жоқ, ақша алмаған, үшінші тұлға жер телімінің иесі ретінде іске жауапкер болып тартылмаған, заңды күшіне енген сот шешімімен құрылыс бұзылғандықтан құрылыс нысанын және құжаттарын беру мүмкін емес, серіктестік пен жер телімінің құны төленбегендіктен сатып алу-сату шарты жасалмаған, жер телімін серіктестікке сату ниеті болғанымен пәтер сатып алушылардың пәтерді алуға қол жеткізе алмағаны арасында байланыс анықталмаған, серіктестік пен пәтер сатып алушылардың арасындағы шарттары бұзылғаны олардың материалдық жауапкершілігіне алып келмейді деген уәждер келтірілген.

Кассациялық сатыдағы сот тараптар мен үшінші тұлғаларды сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлаған.

Сот отырысына талап қоюшының өкілі А.Есмұрзаев пен жауапкер Р.Толеуова «Whatss App» қосымшасы арқылы, ал үшінші тұлға М.Ауданбаев өзі келіп қатысты. Басқа тараптар сот отырысында қатысуға ерік білдірмеді.

Р.Толеуова сот отырысында сөз сөйлеуден бас тартты, сот отырысы өтіп жатқан кезде өз еркімен байланыстан шығып, мүмкіндігі бола тұра қайта қосылмады. Қайтадан қосылуға шақыртуды қабылдамады. Осыған байланысты сот АПК-нің 450-бабы 2-бөлігіне сәйкес істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген кассациялық шағым берген адамның болмауы сот отырысын жүргізуге кедергі болмайтынын, отырысты жалғастыру мүмкін екенін негізге алып, сот отырысын жалғастыруды ұйғарды.

Сот отырысына қатысқан талап қоюшының өкілі мен үшінші тұлғаның түсіндірмелерін тыңдап, шағымдарда көрсетілген уәждерді және іс құжаттарын тексеріп, сот келесі түйінге келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 401бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде және осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса, бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.

АК-нің 403-бабы 5-тармағына сәйкес егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.

Аталған кодекстің 402-бабының талаптары бойынша шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.

АК-нің 157-бабына сәйкес егер мәміленің маңызсыздығы заңнамалық актіде көзделмесе, ол даулы мәмілеге жатады. Мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады. Мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор

мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін. Осы Кодекстің 160-бабы 2-бөлігіне сәйкес егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер қолданылады. АК-нің 228-бабы 1, 2, 3 - тармақтарына сәйкес бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум).

Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақтар алдында ортақ болып табылады.

АК-нің 228-231-баптарынан көрсетілгендей, тараптар арасында бiрлескен қызмет туралы шарт жасалды деп тану үшін, тараптар: 1) бірігіп әрекет жасауы тиіс, 2) бір мақсатқа жету үшін әрекет жасауы тиіс, мысалы табыс табу үшін немесе басқа да заңға қайшы келмейтін мақсатқа жету үшін, 3) әрқайсысының бірлескен қызметке салатын үлесі болу тиіс. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабы 3- тармағының талаптарына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 52-бабы 1-тармағымен үйге (құрылысқа, ғимаратқа) меншік құқығы көрсетілген үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiне заңнамада белгiленген тәртiппен меншiк құқығын бiлдiредi деп реттелген.

Мемлекеттiк заңды тұлғалардың үйге (құрылысқа, ғимаратқа) шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскесiне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын бiлдiредi.

Көрсетілген құқықтар бiр-бiрiнен ажыратылмайды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 63-бабы 1-тармағының негізінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жеке меншiктегi жер учаскесi, сондай-ақ тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғалар мүлкiнiң құрамына кiредi, банкрот деп танылған жағдайларды қоса алғанда, олар өз мiндеттемелерi бойынша осы мүлiкпен жауап бередi.

2020-2023 жылдар аралығында ТҮҚК мүшелерімен құрылыс салушы серіктестік арасында Ақтау қаласы, №8 - өндірістік аймақ, 5/1 телімінде орналасқан тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында алдын-ала сатып алу-сату келісім шарттары жасалған.

Құрылыс нысанының аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 4 тоқсаны.

Келісім шарттардың талаптары бойынша серіктестік құрылыс нысаны аяқталған соң ТҮҚК мүшелеріне тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді беруге міндеттеме алған.

Өз кезегінде, шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында ТҮҚК мүшелері (салымшылар) серіктестікке 2 095 296 379 теңге ақшалай қаражат салған. 2020 жылғы 24 мамырда серіктестік пен Р.Толеуова арасында кадастрлық нөмірі 13-200-033-128, жалпы аумағы 1,484 га. жер телімін алдын-ала сатып алу-сату туралы шарт жасалған. Шарттың 1, 2-тармақтарына сәйкес жер телімін сатып алу-сату шарты 2020 жылғы 24 шілдеден кешіктірмей, Р.Толеуова жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерткеннен кейін жасалуға жатады. Шарттың 3-тармағына сәйкес тараптар жер телімін 400 000 000 теңгеге бағалап, оның 40 000 000 теңгесін серіктестік 2020 жылғы 24 маусымынан кешіктірмей Р.Толеуоваға беруге және сатып алу-сату шартын жасау, қарызы есебінен салынатын тұрғын үйдің 3000 ш.м. құрайтын тұрғын алаңын, оның ішінде 200 ш.м. коммерциялық алаң, 2 800 ш.м. тұрғын үй, беруге міндеттенген. Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы қаулысымен Р.Толеуова мен Е.Таниевке тиесілі кадастрлық нөмірі 13-200-033-128 жер телімінің нысаналы мақсаты орта қабаттағы тұрғын үй салу және пайдалану деп өзгертілген. 2021 жылғы 4 ақпанда Р.Толеуовамен берілген сенімхатпен әрекет етуші үшінші тұлға Е.Таниев кадастрлық нөмірі 13-200-033-128 жер теліміне архитектуралық–жоспарлау тапсырмасын алған. Алайда белгіленген мерзімде серіктестік тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтамаған және салымшыларға пәтерлері келісілген мерзімде берілмеген.

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметіне сәйкес №8-өндірістік аймақ, №5/1 жер телімі 104 000 000 теңгеге бағаланған.

Ақтау қалалық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы үкімімен құрылыс салушының бұрынғы басшылары С.Гамзатов, А.Айымбетов және Н.Қабатбаев осы құрылыс нысанымен байланысты алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот үкімімен салымшылардың азаматтық талаптары қанағаттандырылған.

Алайда, ТҮҚК-тің мүшелері Ф.Каримбаев, Н.Елеуов, С.Халмуратов, Ө.Гусман, Б.Махамбетова, Н.Столярова, А.Алимбетов, Р.Утамбетов серіктестіктің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер болып танылмаған, олардың пайдаларына материалдық зияны өндірілмеген.

ТҮҚК төрағасы Ақтау қаласы прокуратурасына Ақтау қаласы, №8

өндірістік аймақ, 5/1 телімінде орналасқан жер теліміндегі аяқталмаған құрылыс нысанын, сот актілерімен өндірілген қаражатты ішінара өндіру мақсатында ТҮҚК меншігіне өткізіп беруін сұрап, сотқа талап қоюмен жүгіну туралы өтініш жасаған.

Ақтау қаласы прокуроры ТҮҚК мүшелерінің мүддесін қорғап, алдынала сатып алу-сату шарттарын бұзу, жер телімдерін сатып алу-сату туралы алдын-ала шарттарды жарамсыз деп тану, қызметті бірлескен қызмет деп тану және сот актілерімен өндірілген қаражатты ішінара мүліктен өндіріп алу мақсатында Р.Толеуова мен Е.Таниевке тиеселі жер телімін, аяқталмаған құрылыс нысанын, құрылысқа қатысты құжаттарымен қоса ТҮҚК-не беру жөніндегі талап қоюымен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот заң талаптарын сақтай отырып, шешімді іс бойынша зерттелген дәлелдемелерге сай және тараптардың уәждеріне дұрыс құқықтық баға бере отырып, қабылдаған.

Апелляциялық сатыдағы сот сот шешімен келіскен.

Жауапкер және үшінші тұлғаның шағымдарында келтірген уәждеріне төмендегі құқықтық баға берілген.

Серіктестік мен Р.Толеуова арасында «MURAGER-AKTAU» тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша бірлескен қызмет қатынастары туындаған.

Бұл қатынас шеңберінде жауапкер Р.Толеуова, үшінші тұлға Е.Таниев екеуіне тиеселі жер телімін серіктестікке ұсынған, ал серіктестік өз кезегінде салымшылардан қаражат жинап, осы қаражатты тұрғын үй құрылысын салуға жұмсап, құрылыс жұмыстарын бастаған.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін әрқайсысы өзінің белгілі бір үлесін алу арқылы пайда табуды көздеген. Р.Толеуова жер телімін серіктестікке 2020 жылғы мамырда беріп, ал жасалған шарт бойынша серіктестік 40 000 000 теңгені сол жылдың 24 маусымынан кешіктірмей беретіні туралы міндеттемесін орындамағанына қарамастан, міндеттемесін орындауды немесе шартты бұзуды талап етпей, құрылыстың аяқталуын күткен.

ТҮҚК-нің мүшелерімен (салымшылар) шарттар бойынша жасалған төлемдері қылмыстық іс бойынша қабылданған сот үкімімен олардың пайдасына өндірілген, яғни шарттарды бұзбай, шарттың бұзылуының салдары орын алғандықтан жергілікті соттар бұл шарттарды бұзудың қажеттілігі жоқ деп тұжырымдаған. Ал, ТҮҚК-нің мүшелері, атап айтқанда, Ф.Каримбаев, Н.Елеуов, С.Халмуратов, Ө.Гусман, Б.Махамбетова, Н.Столярова, А.Алимбетов, Р.Утамбетов (8 салымшы) серіктестіктің бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылмағаны және материалдық зиян өндірілмегені, серіктестік осы салымшылар алдындағы міндеттемесін орындамағанын ескеріп, шарттарды бұзу туралы дұрыс түйін жасаған.

№2 және №3 талап қою талаптарына қатысты соттар серіктестік пен Р.Толеуова арасындағы жасалған жер телімін сатып алу - сату шартының іс

жүзіндегі мақсаты – үлестерді бөлісе отырып, бірлескен құрылыс жүргізу болып табылады және бұл мәміле бірлескен қызметті жасыру мақсатында жасалған деген дұрыс тұжырымға келген. Т.Толеуова бірлескен қызметке қатысушы және жер телімінің меншік иесі ретінде, бірлескен қызметке енгізілген мүлік шеңберінде, яғни кадастрлық нөмірі 13-200-033-128 жер телімі бойынша ортақ жауапкершілік тартуы тиіс. №4 талап бойынша, тұрғын үй құрылысы жүргізілген жер телімі Р.Толеуова мен Е.Таниевке тиесілі, ал құрылысты серіктестік жүргізген, қазіргі таңға құрылыс нысаны аяқталмаған.

Соттар ТҮҚК мүшелері және жергілікті атқарушы орган тарапынан тұрғын үй құрылысын жалғастырып салу және жылжымайтын мүлікті алу мүмкін болмағандықтан, тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді құрылыс болып табылады, әрі қарай бұл жұмысты дербес ұйымдастыру үшін жер телімін, тұрғын үй құрылыс нысаны және оның құжаттарын ТҮҚК мүшелеріне табыстауды қажет етеді деген дұрыс қорытындыға келген.

Бірінші сатыдағы сот, жоғарыда көрсетілген материалдық құқық нормаларын даулы құқықтық қатынастарға дұрыс қолданып, прокурордың талап қоюын ішінара қанағаттандырған. Себебі жауапкерлер серіктестік мен Р.Толеуова бірлескен қызмет бойынша жер телімінде құрылыс салуды бастаған, салымшылармен жеткілікті көлемде қаражат берілгенімен, құрылыс салушылар өз міндеттемелерін тиісінше орындамау салдарынан құрылыс жұмыстары аяқталмай қалған.

Қазіргі таңда серіктестіктің басқа да құрылыс нысандары бойынша салымшылардың алдында қарыздары көп, яғни қаржылық жағдайы нашарлаған, сондықтан құрылысты аяқтауға мүмкіншіліктері жоқ.

Осы тұрғыда, жергілікті соттардың жауапкерлер серіктестік пен Р.Толеуованың бірлескен қызметі осы серіктестік құрылтайшылары тарапынан үлескерлерді алдау түріндегі жағымсыз салдарға ішінара алып келгені туралы негізді тұжырымға келген.

Даулы қатынаста басты мән беретін жайт тараптардың құрылыс процесіне әртүрлі үлес қосуы мен ортақ нәтижеге ұмтылуы.

АК-нің 392-бабына сәйкес шартты түсіндіру кезінде тек мәтіні емес, тараптардың нақты мінез-құлқы, мәміленің мақсаты және іскерлік айналымдағы жағдайлар ескеріледі.

Дау нысанасын нақты орын алған фактіге қатысты бағалаған және құрылыс объектісінің құқықтық тағдырын жер телімінің тағдырымен байланысты дұрыс анықтаған.

Бірінші және апелляциялық сатылар мүліктік қатынастарға құқықтық баға бере отырып, салымшылардың құқықтарын қорғау мақсатында жер телімі мен аяқталмаған құрылыс нысанының құқықтық тағдырын анықтаған. Сондықтан заңсыз құрылыс туралы өзге сот актісінің болуы дау нысанасы бойынша қабылданған шешімдердің әділетсіздігін немесе заңсыздығын

білдірмейді.

Сотпен Е.Таниев үшінші тұлға ретінде тартылып, сот талқылауына қатысу, өз позициясын білдіру және дәлелдер ұсыну мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Сот отырысына оның өкілі қатысқан.

Көрсетілгендердің негізінде кассациялық шағымдардағы уәждер жергілікті соттармен жасалған қорытындыларды теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иелерімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі шешімі және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 қарашадағы қаулысы күшінде, жауапкер Р.Толеуованың және үшінші тұлға Е.Таниевтің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

М.Ибрагимова

Судьялар

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.