ВС РК - Определение от 14.04.2021 по делу 6001-21-00-3ГП/92 (Гражданское)

6001-21-00-3ГП/92

ҰЙҒАРЫМ

14 сәуір 2021 жыл Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші – алқа төрағасы М.Т. Таймерденов, судьялар Б.Д. Мақұлбеков, М.Ж. Бектұрғанов прокурор У[...]

талап қоюшының өкілі Б[...],

жауапкер Х[...] өкілдері М[...] және Д[...], мемлекеттік органдардың өкілдері Р[...] пен У[...] қатысуларымен бейнеконференц байланыс арқылы, ашық сот отырысында талап қоюшы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер М[...], Н[...], Д[...], Х[...], У[...], Сайрам ауданының әкімдігіне, «Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Сайрам аудандық бөлімшесіне, нотариус А[...], нотариус А[...], дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Сайрам ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №464 қаулысын, жер учаскесіне өтеулі уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беретін кадастрлық №[...] сәйкестендіру актісін, «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен М[...], Х[...], Н[...], Д[...] арасында жасалған 2015 жылғы 26 маусымдағы №243 келісім шартын, М[...], Н[...], Д[...] Х[...] арасында жасалған 2015 жылғы 3 қарашадағы №2751 санды сату-сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 тамыздағы қаулысын қайта қарау туралы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кассациялық өтінішін қарап,

АНЫҚТАДЫ:

«Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) сотқа жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен жүгінген.

Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы ұйғарымымен

Басқарманың жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін жер актісін жарамсыз деп тану туралы талап арыздың бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Аталған соттың 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған, №464 қаулы жарамсыз деп танылып, Жер қатынастары бөлімі мен М[...], Х[...], Н[...], Д[...] арасында 2015 жылы 26 маусымда жасалған келісім шарты және М[...], Н[...], Д[...] пен Х[...] арасында жасалған сату-сатып алу келісім шарты жарамсыз деп танылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Басқарма өтінішхатта іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттың тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, олардың күшін жойып, талап арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешімді қабылдауды сұраған.

Азаматтық істің материалдарын, өтінішхаттың уәждерін, талап қоюшының өкілінің, жауапкердің өкілдерінің, мемлекеттік органдардың өкілдерінің пікірлерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, тараптардың дәлелдерін қосымша зерделеу, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру қажеттілігіне байланысты істің мәні бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдыру дұрыс деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 450бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, сот алқасы

ҰЙҒАРАДЫ:

Аталған азаматтық істі кассациялық тәртіппен қарау іс материалдарын қосымша зерделеу үшін кейінге кейінге қалдырылсын.

Азаматтық істің қаралу уақыты тараптарға қосымша хабарлансын.

Төрағалық етуші М. Таймерденов Судьялар Б. Мақұлбеков М. Бектұрғанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.