ҚАУЛЫ
2025 жылғы 29 қазан іс №7199-23-00-4к/396 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші - судья М. Манабаева,
судьялар - М. Туғанбаев, Л.Каирбаева,
прокурор О.С. Пернеев, талап қоюшы Нұржан Баукенұлы Амангелді және оның өкілі Р.М. Ильясов, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері А. Кеңес, Ж.Б. Жамбаев, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жетісай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Е.М. Жаксыбаевтың қатысуымен,
талап қоюшы: Нұржан Баукенұлы Амангелдінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 90 тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша,
мүдделі тұлғалар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жетісай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Бақ-Нұржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің банкроттық басқарушысы Ерлан Абдигаппарович Сатыбалдиев, «KazInvestPolymer» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 1 тамыздағы шешіміне және Түркістан облысы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысына талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АҢЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
2024 жылғы 1 тамыздағы Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған. 2024 жылғы 24 желтоқсандағы Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 1 тамыздағы шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Кассациялық шағымдарда талап қоюшы төменгі саты соттарының сот актілерінің күшін жоюды сұраған. Шағым уәждерін толық қолдаған талап қоюшы және оның өкілін, жауапкер және мүдделі тұлғаның өкілдерінің түсініктемелерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік ‑ процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Осы іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алған.
Іс құжаттарынан анықталғандай, «Бақ-Нұржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік) заңды тұлға ретінде Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Жастар көшесі, №18 үй, № 2 пәтерде тіркелген. Жалғыз құрылтайшысы және басшысы Н.Б.Амангелді.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі - МАЭС) 2021 жылғы 8 ақпандағы шешімімен Серіктестік банкрот деп танылған және банкроттық рәсімі қозғалып, таратылған.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі ‑ Департамент) 2021 жылғы 3 наурыздағы № 62 бұйрығымен Е.А.Сатыбалдиев Серіктестіктің банкроттық басқарушысы болып тағайындалған.
Салықтық тексеруге «Бақ-Нұржан» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы Е.Сатыбалдиевтің 2021 жылғы 25 қазандағы № 35 арызы негіз болып, Департамент тарапынан 2021 жылғы 12 қарашадағы № 90 нұсқама бойынша Серіктестіктің 2018 жылғы 1 қазан және 2021 жылғы 30 қыркүйек аралығындағы кезеңдегі қызметіне құжаттық салықтық тексеру жүргізілген.
Банкроттық басқарушы Е.Сатыбалдиевке 2021 жылғы 12 қарашадағы № 90 нұсқама 2021 жылы 23 қарашада табыс етілген.
Салықтық тексеру 2021 жылғы 23 қарашадан 2022 жылғы 1 сәуір аралығында жүргізілген.
Тексеру нәтижесі бойынша 2022 жылы 1 сәуірде № 90 құжаттық салықтық тексеру актісі түзіліп, оған сәйкес корпоративті табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бойынша 318 157 951 теңге және оған 67 046 795 теңге өсімпұл, қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) 160 286 682 теңге және оған 39 906 437 теңге өсімпұл, барлығы 585 397 865 теңге қосымша есептелген.
Департаментпен 2022 жылы 1 сәуірде Серіктестікке қосымша есептелген салықтар мен өсімпұлдарды жөнінде № 90 тексеру нәтижелері туралы хабарлама жолданған. Талап қоюшы сотқа әкімшілік талаппен жүгініп, өзінің талабында Серіктестіктің бұрынғы басшысы ретінде салықтық тексеру болатыны түралы және бухгалтерлік құжаттарды ұсыну қажет екені туралы хабар алмағанына сілтеме жасап, 2022 жылы 1 сәуірде № 90 тексеру нәтижелері туралы хабарламасына шагымданған.
Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламасы занды деген қорытындыға келді.
Кассациялық сот бұл тұжырымдармен келесі негіздер бойынша келіспейді.
ӘРПК-нің 8 - бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптақты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушыларпдың әрқайсына олардың әкімшік істің мәнжайлырын жан - жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. Егер занда тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға коңымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті.
ӘРПК-нің 16 - бабына сәйкес судья белсенді рөл атқаруға міндетті.
Іс бойынша, салық төлеуші тарапынан (банкроттық басқарушы Е.Сатыбалдиев) тиісті бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттар ұсынылмағандықтан, салық органымен салықтық құжаттық тексеру жанама әдістер негізінде жүргізілген.
Тексеру нәтижелері бойынша жауапкер Серіктестікке салықтарды қосымша есептеу туралы даулы хабарламаны шығарған.
Талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, соттар талап қоюшы ұсынған бастапқы құжаттар салықтық тексеру кезінде берілмегенін көрсеткен.
Аталған тұжырымдар мерзімінен бұрын жасалған, өйткені соттар талап қоюшы сотқа ұсынған Серіктестіктің 1 447 666 684 теңгеге айнылымы туралы бастапқы бухгалтерлік құжаттарына құқықтық баға бермеген.
Соттар талап қоюшы ұсынған Серіктестіктің 1 447 666 684 теңге шығыстары туралы құжаттардың бастапқы бухгалтерлік құжаттары болып табылатыны және олардың салықтық текстеру нәтижелеріне әсері анықталмаған. Сондай - ақ, соттар талап қоюшының осы құжаттарды 2022 жылы сотқа ұсынғанын тексермеген. Сондай - ақ, мүдделі тұлға «KazinvestPolymer» ЖШС - нің ұстанымы анықталмаған, Серіктестікпен қарым - қатынас бойынша «KazinvestPolymer» ЖШС - нің бастапқы бухгалтерлік және қаржылық құжаттарына құқықтық баға берілмеген.
Бұдан басқа, апелляциялық алқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен осы іс бойынша тараптардың қатысуымен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 17 қантардағы каулысының куші жойылғаны назардан тыс қалған. Кассациялық алқа осы әкімшілік істі мәні бойынша өзге кұрамда қарау үшін апелляциялық сатыдағы сотқа жолдаған. Істі жанадан қарағанда кемшіліктерді жойып, тараптардың ұсынған уәждерін толық зерттеп, оларға кұқықтық баға беріп, анықталған мән - жайларға байланысты заңды шешім қабылдау қажеттілігін көрсеткен.
Алайда, осы іс құжаттарына жоғарыда аталған істі қарау нәтижесі туралы мәлімет тіркелмеген.
Осылайша, апелляциялық сатыдағы сот ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігінде белгіленген әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттерін толық көлемде іске асырмаған.
Дауды дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық мән - жайлардың толық аңықталмауына байланысты, апелляциялық сот актісінің күші жойылуға, әкімшілік іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жолдануға жатады.
Істі жаңадан қарау барысында апелляциялық сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық анықтап, қарамақайшылықтарды жойып, тараптардың дәлелдерін мұқият тексеріп, ұсынылған барлық дәлелдемелерге оң баға беріп, іс бойынша заңды және негізделген шешім шығаруы қажет.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қаулыда баяндалған негіздер бойынша ішінара қанағаттандырылады.
Осы іс бойынша сот шығындары АПК-нің 107-бабы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 108-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес шешілуге жатады.
Кассациялық шағым беру кезінде талап қоюшы төлеген 1 000 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж тиісті бюджеттен қайтарылуға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігін және АПК-нің 451-бабының 2) тармақша 2-бөлігін басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысының күші жойылсын.
Іс жаңадан басқа құрамда қарау үшін апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілсін.
Нұржан Баукенұлы Амангелдіге 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде төленген мемлекеттік баж қайтарылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші судья М. Манабаева
Судьялар М.Туғанбаев
Л. Каирбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.