ҚАУЛЫ
2026 жылғы 18 маусым 6003-26-00-4к/633 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты, құрамындағылар:
төрағалық етуші судья Е.М.Нұралиев
судьялар Л.С.Кудекова, Ш.С.Манжуева,
талап қоюшы Н[...], талап қоюшылардың өкілдері А[...], А[...], К[...], жауапкер Қостанай облысы, [...] әкімінің өкілі М[...], мүдделі тұлғалардың өкілдері: комиссияның төрағасы Ш[...], «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Амангелді аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің өкілі Ж[...], "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ-нің өкілдері Ш[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Ж[...], Е[...], К[...], М[...], М[...], И[...], С[...], Ж[...], К[...], Е[...], Н[...], А[...], А[...], Б[...], С[...], С[...], А[...], К[...], К[...], Ж[...], А[...], Т[...], С[...], К[...], И[...], Х[...], Ж[...], А[...], С[...], А[...], К[...], Т[...], К[...], К[...], Н[...], С[...], А[...], Т[...], Т[...], А[...], Д[...], К[...], К[...], С[...], А[...], Е[...], О[...], М[...]
жауапкер Қостанай облысы, [...] әкіміне
Амангелді ауданының аумағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 18 қазандағы № 42 хаттамасын және 2024 жылғы 22 тамыздағы № 36 хаттамасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабымен қозғалған әкімшілік ісімен,
Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 17 сәуірдегі шешіміне, Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысына
талап қоюшылар С[...], С[...], Е[...], И[...], А[...], А[...], Ж[...], К[...], Т[...], К[...], К[...], К[...], Н[...], К[...], К[...], А[...], Е[...], Х[...], К[...], А[...] кассациялық шағымдары бойынша қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жоғарыдағы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Қостанай облыстық соты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, талап қоюшылардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап қоюшылар С[...], С[...], Е[...], И[...] А[...], А[...], Ж[...], К[...], Т[...], К[...], К[...], К[...], Н[...], К[...], К[...], А[...], Е[...], Х[...], К[...], А[...] өздерінің кассациялық шағымдарында, іс бойынша қабылданған жоғарыдағы сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды және талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Кассациялық сот, талап қоюшылардың кассациялық шағымдардың уәждерін қолдаған пікірлерін, жауапкер өкілінің шағымдардың уәждерімен келіспеген түсінігін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігі бойынша, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Аталған мән-жайлар осы істі кассациялық тәртіппен қарау барысында анықталмады.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, Қостанай облысы, [...] әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы №1 шешімімен Қостанай облысы, [...] аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.
Қостанай облысы, [...] әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы №70-р өкімімен Амангелді ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі К[...] (бұдан әрі - К[...]) құрылған.
Аталған өкіммен Амангелді ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі К[...] бекітілген.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша, К[...] келесі тұлғалардың өлген мал шығыны үшін «Көмек KST» қоғамдық қорынан залалды өтеу туралы өтініштерін қанағаттандыру туралы хаттамалар шығарған. Атап айтқанда:
-2024 жылғы 14 маусымдағы № 19 хаттамамен:
- А[...] жалпы сомасы 23 050 000 теңгеге;
- К[...] жалпы сомасы 57 000 000 теңгеге;
- Е[...] жалпы сомасы 3 995 000 теңгеге;
- Ш[...] жалпы сомасы 5 005 000 теңгеге;
- К[...] жалпы сомасы 2 020 000 теңгеге.
2024 жылғы 15 маусымдағы № 20 хаттамамен:
- Т[...] жалпы сомасы 13 500 000 теңгеге;
- Ж[...] жалпы сомасы 13 500 000 теңгеге;
- М[...] жалпы сомасы 14 850 000 теңгеге;
- А[...] жалпы сомасы 21450000 теңгеге;
- К[...] жалпы сомасы 19 200 000 теңгеге;
- К[...] жалпы сомасы 6 600 000 теңгеге;
- И[...] жалпы сомасы 14 600 000 теңгеге;
- С[...] Е. жалпы сомасы 18 550 000 теңгеге;
- Х[...] жалпы сомасы 8 652 000 теңгеге;
- Ж[...] жалпы сомасы 9 600 000 теңгеге;
- Е[...] жалпы сомасы 12 600 000 теңгеге;
- С[...] жалпы сомасы 15 850 000 теңгеге;
- А[...] жалпы сомасы 7 457 000 теңгеге;
- С[...] жалы сомасы 4 290 000 теңгеге;
- М[...] жалпы сомасы 17 850 000 теңгеге;
- Д[...] жалпы сомасы 3 720 000 теңгеге;
- С[...] жалпы сомасы 7 200 000 теңгеге;
| 23) | К[...] жалпы сомасы 12 750 000 теңгеге; |
|---|---|
| 24) | К[...] жалпы сомасы 13 200 000 теңгеге; |
| 25) | Ж[...] жалпы сомасы 10 685 000 теңгеге; |
| 26) | К[...] жалпы сомасы 9 000 000 теңгеге; |
| 27) | Т[...] жалпы сомасы 7 000 000 теңгеге; |
| 28) | И[...] жалпы сомасы 5 900 000 теңгеге; |
| - 2024 жылғы 17 маусымдағы № 21 хаттамамен: | |
| 29) | Н[...] жалпы сомасы 4 800 000 теңгеге; |
| 30) | М[...] жалпы сомасы 16 270 000 теңгеге; |
| 31) | О[...] жалпы сомасы 17 685 000 теңгеге; |
| 32) | Т[...] жалпы сомасы 6 000 000 теңгеге; |
| 33) | Т[...] жалпы сомасы 27 010 000 теңгеге; |
| 34) | К[...] жалпы сомасы 16 950 000 теңгеге; |
| 35) | К[...] жалпы сомасы 6 950 000 теңгеге; |
| 36) | А[...] жалпы сомасы 10 915 000 теңгеге; |
| 37) | А[...] жалпы сомасы 960 000 теңгеге; |
| 38) | Б[...] жалпы сомасы 4 800 000 теңгеге; |
| 39) | С[...] жалпы сомасы 2 400 000 теңгеге; |
| 40) | Н[...] жалпы сомасы 6 600 000 теңгеге; |
| 41) | К[...] жалпы сомасы 1 150 000 теңгеге; |
| - 2024 жылғы 25 маусымдағы № 23 хаттамамен: | |
| 42) | Е[...] жалпы сомасы 21 790 000 теңгеге; |
| 43) | А[...] жалпы сомасы 19 200 000 теңгеге; |
| 44) | А[...] жалпы сомасы 4 800 000 теңгеге; |
| 45) | С[...] жалпы сомасы 25 200 000 теңгеге; |
| 46) | Ж[...] жалпы сомасы 30 380 000 теңгеге; |
| 47) | А[...] жалпы сомасы 1 750 000 теңгеге; |
| - 2024 жылғы 1 шілдедігі № 25 хаттамамен: | |
| 48) | С[...] жалпы сомасы 6 000 000 теңгеге; |
| 49) | А[...] жалпы сомасы 2 000 000 теңгеге. |
Алайда, 2024 жылғы 14 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің атына, Қостанай облысының прокуратурасы, өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу мәселесі бойынша талдау жүргізу туралы шығыс № 2- 09070-24-07793 хатын жолдаған.
Көрсетілген хаттан туындайтыны, Қостанай облысының прокуратурасы өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу мәселесі бойынша талдау жүргізгені, оның нәтижелері бойынша К[...] барлық мәнжайларды жан-жақты және объективті зерделеусіз өтініштерді қарауы туралы көрсетілген, өйткені, талдау шеңберінде малды сату не жеке пайдалану үшін өткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда малды тіркеудің болмауы (бұдан әрі-АШЖ базасы) немесе К[...] өтініш берген күні малды тіркеу фактілері анықталған. Сондай-ақ, 4 055 бас малдың
1730 басы су тасқынынан кейін вакцинацияланған, 564 бас ауыл шаруашылығы жануарларына қатысты ветеринариялық зерттеулер жүргізілгені анықталған.
Су тасқынынан кейін Амангелді ауданында ауыл шаруашылығы жануарларына вакцинация және ветеринариялық зерттеулер жүргізілген, оның ішінде су тасқыны кезінде өлген деп мәлімделген мал да бар екендігі анықталғандықтан, облыс прокуратурасы комиссияның өтініштерін қарау кезінде әрбір жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алу және одан кейін ғана залалды өтеу туралы шешім қабылдау қажеттігі туралы көрсеткен.
2024 жылғы 8 ақпанда "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ және "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының "Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы" КМК арасында "бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен" № 7 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалып, оған сәйкес өнім беруші – "Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы" КМК 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында жалпы сомасы 274 824 566 теңгеге эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу қызметін көрсетуге міндеттенген.
2024 жылғы 24 желтоқсанда "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ мен Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының "Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы" КМК арасында №7/1 қосымша келісім жасалып, оған сәйкес 2024 жылғы 8 ақпандағы № 7 шарттың жалпы сомасы 280 087 166 теңгеге өзгертілген.
2024 жылғы 18 тамызда, Қостанай облысы прокуратурасының 2024 жылғы 16 тамыздағы баянаты негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабы 3-бөлігінің, 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша № 243900031000075 қылмыстық іс қозғалған.
О[...] қылмыстық іс шеңберінде Қостанай облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Амангелді ауданы әкімдігінің атына Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі және 2024 жылғы 24 қыркүйектегі Қылмыстық - процестік кодексінің 200-бабының тәртібімен қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстар жолдаған.
2024 жылғы 6 қыркүйектегі ұсыныста бірқатар тұлғалардың өтініштерін, олардың ішінде осы іс бойынша мынадай талап қоюшыларға қатысты: С[...], А[...], А[...], К[...], К[...] малдың бір бөлігі табылғандықтан және куәгерлердің айғақтары өз растауын таппағандықтан, қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.
Ал, 2024 жылғы 24 қыркүйектегі ұсыныста Т[...] малы табылған және С[...] – куәгерлердің айғақтары өз растауын таппағаны себебінен осы іс бойынша талап қоюшылардың өтініштерін қайта қарау қажеттігі көрсетілген.
2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 243900031000075 қаулымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігінің, 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша іс-әрекетке қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
2024 жылғы 22 тамызда комиссия №36 хаттама қабылдап, ол бойынша жоғарыда көрсетілген №243900031000075 қылмыстық іс бойынша нәтижелерді алғаннан кейін өтініштерді қарау үшін №19,20,21,23,25 хаттамалармен қабылданған өтініштерді қанағаттандыру туралы шешімдердің күшін жойылған.
2024 жылғы 1 қазанда "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ, Амангелді ауданының әкімі мен Амангелді ауданының прокурорының атына Қостанай облысы полиция департаментінің тергеу-жедел тобы тергеушісінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, ветеринария басқармасының қызметкерлері К[...] қарауына ұсынылған көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен адамдарға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген мәліметтер туралы салыстырып тексеру жүргізгені туралы хат жолдады. 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап ветеринария басқармасының қызметкерлері АШЖ базасында тіркелген мал бойынша 3697 бас малға 86 өтініш берушіден (оның ішінде ІҚМ – 1081, жылқы – 1314, ұсақ мүйізді мал-1302) ақпаратты қайта қарады. Оның ішінде 1762 мал басына 54 өтініш берушіде (оның ішінде ІҚМ - 372, жылқы – 736, ұсақ мал-654) мынадай бұзушылықтар анықталды:
-ТЖ жарияланғаннан кейін -1681 бас (ІҚМ-348, жылқы -679, ұсақ мал -654) вакцинацияланған;
– ТЖ жарияланғаннан кейін АШЖ базасына 10 бас (ІҚМ -19, жылқы57, ұсақ мал-30) есепке қойылды.
2024 жылғы 18 қазанда комиссия Амангелді ауданы тұрғындарының, оның ішінде жоғарыда аталған адамдардың өтініштерін қайта қарады.
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия келесі негіздер бойынша өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту туралы № 42 шешім қабылдады:
Қостанай облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3- бөлігі бойынша қозғалған 2024 жылғы 6 және 24 қыркүйектегі №243900031000075 қылмыстық іс бойынша ұсыным негізінде, жауапкер өкілінің түсініктемелеріне сәйкес, осы негізде куәгерлердің айғақтары өз растауын таппағандықтан немесе куәгерлер өз айғақтарын қолмағандықтан бас тартылды.
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ-нің 2024 жылғы 1 қазандағы № 06-07/1288 хаты негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының меншік иелерінің мәліметтерін салыстыру нәтижелері бойынша. Бұл бас тарту АШЖ базасының мәліметтері бойынша су
тасқынынан кейін өлген малға 2024 жылдың сәуір – қыркүйек айларында, яғни, су тасқынынан кейін вакцинация жүргізілгеніне негізделген.
- Қостанай облысы прокуратурасының 2024 жылғы 14 тамыздағы № 2- 09070-27-07973 хаты негізінде прокуратураның мәліметінше, өлген деп аталған мал іс жүзінде 2023 жылы тіркеуден шығарылған.
2024 жылғы 18 қазандағы № 42 хаттамамен (бұдан әрі – № 42 хаттама) аудан тұрғындарының өтініштерін жалпы сомасы 801 882 000 теңгеге қанағаттандырудан бас тартылды, оның ішінде талап қоюшылардың өтініштері бойынша - 519 312 000 теңгеге.
О[...] аудан тұрғындарының "Көмек KST" қоғамдық қорынан жалпы сомасы 617 186 000 теңгеге, оның ішінде талап қоюшылардың өтініштері бойынша 55 917 000 теңгеге қаражат төлей отырып, залалды өтеу туралы өтініштерін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.
Талап қоюшылар сотқа жүгініп Амангелді ауданының аумағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 18 қазандағы № 42 хаттамасын және 2024 жылғы 22 тамыздағы № 36 хаттамасын заңсыз деп тану және күшін жоюды сұраған.
Талап қоюдан бас тарта отырып, бірінші және апелляциялық соттар комиссияның 2024 жылғы 22 тамыздағы №36 және 2024 жылғы 18 қазандағы №42 хаттамалармен рәсімделген шешімдердің заңды және негізді қабылданғанын атап өтті, өйткені берген өтініштерде талап қоюшылар көрсеткен жануарлардың өлім фактісі нақты анықталмаған. Талап қоюшылардың айғақтары мен түсіндірмелері оқиғаның басталу күні мен орны бойынша шешілмейтін қайшылықтарды қамтиды; АШЖ базасы бойынша су тасқыны кезінде өлген ретінде мәлімделген мал су тасқыны аяқталғаннан кейін вакцинацияланған болып көрсетіледі, АШЖ базасындағы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жөніндегі соттың шешімі, атап айтқанда жүргізілген вакцинация туралы мәліметтерді алып тастау туралы шешім жоқ, сондай-ақ орындалған жұмыстардың актілерімен және кәдеге жарату актілерімен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық орындалуы расталады (2024 жылғы 08 ақпан және оған 2024 жылғы 24 желтоқсандағы қосымша келісім). Сондай-ақ сот қабылданған хаттамалық шешімдердің заңдылығына әсер ететін рәсімдік бұзушылықтар жоқ екенін, кворум сақталғанын, № 36 хаттама бойынша шығарылған шешім К[...] құзыретіне жататынын, хаттама нысанының сәйкес келмеуі қабылданған шешімді заңсыз деп тану үшін негіз бола алмайтынын көрсетті.
Кассациялық сот, аталған төменгі сатыдағы соттардың қорытындыларымен келіседі.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58 бабына сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке тұлғалардың
денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян (нұқсан) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шекте өтеледі.
Зиянды өтеу тәртібі табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу қағидаларымен реттеледі. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - № 1358 Қағида).
№1358 Қағиданың 3 тармағына сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен және (немесе) ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
Ал, №1358 Қағиданың 3-1 тармағының 2) тармақшасы бойынш, зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті ауылшаруашылық жануарлары өтеледі.
Ауыл шаруашылығы саласында залалды өтеу мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашалығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 (2024 жылдың мамыр айындағы редакциясы бойынша) (бұдан әрі-№167 Қағида) бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларымен келтірілген залалды өтеу тәртібі айқындалады.
Қағиданың 19 тармақшасына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен және/немесе бюджеттен тыс қаражат есебінен мыналар белгіленген өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу жүзеге асырылады:
өлген ауыл шаруашылығы жануарында сәйкестендіру белгілерінің (құлақ сырғасы, тавро, микрочип) болуы;
өлген ауыл шаруашылығы жануарының сәйкестендіру белгілері жоқ, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында болғанының расталуы;
өлген ауыл шаруашылығы жануарының орналасқан жерінің болмауы, бірақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында болғанының расталуы.
Қағиданың 20 тармақшасына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға бюджеттен тыс қаражат есебінен мыналар белгіленген өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеу жүзеге асырылады:
сәйкестендіру белгілері жоқ өлген ауыл шаруашылығы жануарының болуы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру дерекқорында болмауы.
өлген ауыл шаруашылығы жануарының орналасқан жерінің болмауы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру дерекқорында болмауы.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының (келісу бойынша), қоғамдық ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жергілікті қоғамдастықтар өкілдерінің қатарынан комиссия құрады. К[...] мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан кем емес тақ санды құрайды.
Өлген ауыл шаруашылығы жануарларының залалын өтеу құнының мөлшерін анықтауды комиссия жүзеге асырады.
167 Қағиданың 27 тармақшасына (2024 жылдың мамыр айындағы редакциясы бойынша) сәйкес, К[...] он бес жұмыс күні ішінде өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге арналған өтінімде қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.
О[...] 19 тармағында көрсетілген жағдайларда комиссия ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда ауыл шарушылығы жануарларының жеке нөмерлері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Аталған Қағиданың 20-тармағында көрсетілген жағдайларда комиссия ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мәліметтерді әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректері бойынша тексеруді жүзеге асырады.
Қағиданың 19-тармағының 3) тармақшасына және 20-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының орналасқан жерінің жоқтығы анықталған кезде кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары өлімінің комиссиялық актісі жасалады.
Баяндалғанның негізінде, 167-Қағида ережелерін тура түсіндіруді негізге ала отырып, берілген өтінімдерде қамтылған нақты мәліметтер болған жағдайда, өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залал өтелуге жатады. АПК-нің 68-бабына сәйкес, әрбір дәлелдеменің салыстырмалылығын, жарамдылығын, шынайылығын ескере отырып бағалауға жатады.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар К[...], С[...] талап арыздарын қанағаттандырудан бас тарту туралы дұрыс шешім қабылдаған, өйткені арыз беруші мен олардың куәгерлерінің
айғақтары, оқиғаның басталу уақыты мен орнына сәйкес келмейді, жауап алу хаттамаларында қылмыстық іс материалдарынан айғақтар бар, олардан куәгерлердің бір бөлігі талап қоюшылардың суға батып бара жатқан малын көрмеген және талап қоюшыдардың мұны теріске шығарғаны бұрын төменгі сот шешімдерінде нақты көрсетілген.
Сонымен қатар, кейбір талап қоюшылардың өтініштерінде, №167 Ереженің 4-қосымшасын бұза отырып, комиссияға су тасқыны салдарынан өлген жануарлардың сәйкестендіру нөмірлері көрсетілмеген, ал оларға қоса берілген АШЖ базасынан төменде аталған талап қоюшылар бойынша үзінді көшірмелерде барлық тіркелген жануарлар туралы мәліметтер қамтылған, осылайша екі айға жуық уақыт ішінде талап қоюшылардың өздері су тасқыны кезінде жануарлар қандай сәйкестендіру нөмірлерімен өлгенін анықтаған жоқ.
Сонымен қатар, комиссия, талап қоюшылардың пікірінше, су тасқыны салдарынан өлген жануарлардың жалпы санын дербес анықтауға құқылы емес еді, өйткені Қағиданың 19-тармағына сәйкес, өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелері туралы мәліметтерді тексеру ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сот Ж[...], Т[...], К[...], А[...], К[...], К[...], Н[...], К[...], Х[...], К[...], А[...], К[...], А[...], Е[...], Е[...], С[...], А[...], С[...], И[...], талап арыздарын негізді қанағаттандырусыз қалдырған, өйткені АШЖБ базасы бойынша талап қоюшылардың өлген ретінде көрсетілген деректердегі жылқылары су тасқыны аяқталғаннан кейін вакцинацияланған болып есептеледі.
08.02.2024 жылғы №7 және №8 қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес, "Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы" КМК 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 274 824 566 теңге сомасында эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу бойынша қызметтер көрсетуге міндеттенген.
2024 жылғы 24 желтоқсанда "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ мен Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының "Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы" КМК арасында №7/1 қосымша келісім жасалды, оған сәйкес 2024 жылғы 8 ақпандағы № 7 шарттың жалпы сомасы 280 087 166 теңгеге өзгертілді.
Көрсетілген қызметтердің актілерінен, төлем тапсырмаларынан және ЭШФ-дан 2024 жылы орындаушы шарт толық орындалды.
Пайдаланылған биопрепараттардан бос құтыларды кәдеге жарату актілері де жүргізілген вакцинация фактісін растайды.
Сондықтан, комитет пен ветеринариялық дәрігерлердің вакцинация жүргізбеу фактісін растау туралы талап қоюшылардың дәлелдерін сот назарға
алған жоқ, өйткені аталған мән-жайлар белгілі бір дәлелдемелермен, атап айтқанда, шарт орындалды деп есептелетін және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалмағанын растайтын құжаттарды бұрмалау фактісін анықтаған сот актілерімен расталуы тиіс.
Қазіргі уақытта мұндай сот актілері жоқ.
Бұдан басқа, сот ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 02 маусымдағы №367 бұйрығымен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және одан үзінді беру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 35-тармағының ережелерін дауға негізді түрде қолданды – 367-ереже), соған сәйкес сот тәртібімен ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жөніндегі фактіні анықтаған кезде көрсетілетін қызметті беруші сот шешімі негізінде деректер базасында ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады, ал соттың өзектендіру (түзету) жөніндегі шешімі жоқ.
Баяндалғанның негізінде, төменғі сатыдағы сотар мемлекеттік сатып алу туралы орындалған шарт, орындалған жұмыстар актілері және пайдаланылған биопрепараттардан бос құтыларды кәдеге жарату актілері болған кезде, оларға сәйкес ветеринариялық іс-шаралар толық көлемде орындалған, тиісті сот актілері болмаған, АШЖБ базасына енгізілген вакцинация туралы мәліметтердің жалғандығын болжауға негіз жоқ деген дұрыс қорытынды жасады.
ӘРПК-нің 84-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын бұзу, егер мұндай бұзушылық дұрыс емес әкімшілік актіні қабылдауға әкеп соқтырса не әкеп соқтыруға әкелсе, әкімшілік актіні заңсыз деп тану үшін негіз болып табылады. Дұрыс әкімшілік актіні тек ресми негіздер бойынша заңсыз деп тануға болмайды.
О[...] байланысты, №36 хаттама бойынша тыңдаудың болмауы бөлігінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар туралы шағымның дәлелдері әкімшілік актіні заңсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды, өйткені олар ресми бұзушылық болып табылады.
К[...] 2024 жылғы 18 қазандағы залалды өтеуден бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылданған отырысында рәсімдік бұзушылықтар жоқ.
Зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру туралы бұрын шығарылған хаттамалық шешімдердің күшін жоюға комиссияның құзыретінің жоқтығы туралы шағымдардың дәлелдері назар аударуға лайық емес, өйткені "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес қолданысы тоқтатылғанға дейін жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің күшін оны қабылдаған орган жоюы мүмкін.
Өтініштерді қанағаттандыру туралы комиссияның хаттамалық шешімдері олардың күші жойылған кезде тоқтатылған жоқ, өйткені олар орындалмады.
Кассациялық сот, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдерін заңды және негізді деп санайды, өйткені олар сотта анықталған нақты мән-жайлар мен заңдылық, әділеттілік принциптері ескеріле отырып қабылданған.
Талап қоюшылардың кассациялық шағымдарында көрсеткен уәждері кезінде төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан, іс бойынша қабылданған бірінші сатыдағы сот шешімінің және апелляциялық сот қаулысының күшін жоюға, сөйтіп, кассациялық шағымдарды қанағаттандыруға еш негіз жоқ.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 17 сәуірдегі шешімі, Қостанай облыстық соты әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшылар С[...], С[...], Е[...], И[...], А[...], А[...], Ж[...], К[...], Т[...], К[...], К[...], К[...], Н[...], К[...], К[...], А[...], Е[...], Х[...], К[...], А[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Е. Нұралиев Л. Кудекова
Судьялар
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.