ВС РК - Постановление от 27.02.2024 по делу 6001-23-00-6ап/2208 (Административное)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 27 ақпан 6001-23-00-6ап/2208 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,

судьялар – Ғ.Ө. Әлжанов, Ш.Т.Даниярова болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкер «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылғы 6 қаңтардағы №ЖТ-2022-02832160 санды ауыртпалық салатын әкімшілік актісін заңсыз деп тануды, жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 25 мамырдағы, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымдарына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 25 мамырдағы ұйғарымымен талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылып, талап қоюы қайтарылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшылар кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, апелляциялық сатылы сотқа жаңадан қарауға жолдауды сұраған.

Талап қоюшы істі оның қатысуынсыз қарауды сұраған.

Жауапкелер өкілдері сотқа келген жоқ.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Істегі құжаттарды зерделеп, сот алқасы келесідей тұжырымға келеді. ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

ӘРПК-нің 136 бабы бірінші бөлігіне сай көрсетілген дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Талап қоюшы даулы актіні 2023 жылы 6 қаңтарында «Е-өтініш» платформасы арқылы ала отырып, сотқа 2023 жылдың 5 мамырында, яғни жоғарыда көрсетілген бір айлық талап қою мерзімін өткізіп алып, талап қоюмен жүгінген.

Талап қоюшы әкімшілік актіні даулауға берілген бұл мерзімді дәлелді себептерсіз өткізіп алғаны сотта анықталған.

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес, сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады. Сондықтан соттардың талап қою арызын қайтаруы негізді болып табылады.

Істің бұл тұрғысында соттардың ұйғарымдары өзгеріссіз, талап қоюшының жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 25 мамырдағы ұйғарымы, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Т[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

С. Баймаханов

Судьялар

Ғ. Әлжанов

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.