Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 05.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/618 (Гражданское)

6003-26-00-2к/618

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 5 мамыр

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші Л.Б.Мамырбаева, судьялар А.О.Тогумбетова, А.К.Тлеубаева, прокурор Ж[...], талап қоюшының өкілі Т[...] қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Ш[...] жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және тұрғын үйден шығару туралы электрондык азаматтық істі талап қоюшының Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, онда жауапкердің меншігіндегі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін ақшалай өтемақы төлей отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығаруды сұраған.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Жауапкер Ш[...] жеке меншік құқығына тиесілі Астана қаласы, «Нұра» ауданы, «Родничок» б/с, № [...] учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі [...], жалпы ауданы 0,0760 га жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті объектісімен бірге 19 776 506 теңге ақшалай өтемақыны төлеумен мемлекеттік қажеттіліктері үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.

Жауапкер Ш[...] мемлекет кірісіне 1 966 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мәнжайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын, сарапшының қорытындысымен келіспейтінін көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімін және апелляциялық соттың қаулысының өзгертіп, төленетін өтемақыны 19 776 506 теңге мөлшерінен 17 228 823 теңге мөлшеріне дейін азайтуды, қалған бөлігінде сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған.

Кассациялық сот тараптарды, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп

соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс материалдарынан қарағанда, Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» 2024 жылғы 20 желтоқсан №510-3918 қаулысына сәйкес Астана қаласы, «Нұра» ауданы, А[...] [...] тас жолы қиылысы мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 2,4068 га, жер учаскелері «Әкімшілік ғимараты» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген қоса ұсынылған сызба мен қосымшаға сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

Алынатын жер учаскесінің шегіне Астана қаласы, «Нұра» ауданы, «Родничок» б/с, № [...] учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі [...], жалпы ауданы 0,0760 га жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығаруға (сатып алуға) жатады.

2022 жылғы 11 қаңтардағы Заң бойынша мұра құқығы туралы куәлік бойынша және жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісінің негізінде жер учаскесінің меншік иесі Ш[...] болып табылады.

17 228 823 теңге мөлшеріндегі ақшалай өтемақы сомасы 2025 жылғы 4 наурыздағы «ДО[...]» ЖШС-нің жасаған жылжымайтын мүлікті бағалау есебінің негізінде анықталған.

Алайда, жауапкер өзінің мүліктерін талап қоюшының бағалаған нарықтық құнымен келіспеген.

Осыған байланысты сот сараптамасы тағайындалған.

Сарапшылардың 2025 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысына сәйкес, жауапкердің меншігіндегі Астана қаласы, «Нұра» ауданы, «Родничок» б/с, № [...] учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі [...], жалпы ауданы 0,0760 га жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті объектінің нарықтық құны 19 776 506 теңге болып анықталған.

Сот алынатын жылжымайтын мүліктің бағасын айқындау кезінде сарапшылардың қорытындысын назарға алған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының (бұдан әрі -Заң) 1-бабының 25) тармақшасының талаптарына сәйкес, мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару - жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу болып табылады.

Заңның 67-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі» туралы Заңның 14бабына сәйкес, бағалаушының дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға құқығы бар.

Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдаған кезде сарапшылардың қорытындысын назарға алған. Өйткені, қорытынды иеліктен шығарылатын жер учаскесінің шынайы нарықтық құнын айқындайтын анық дәлелдеме деп танылған. Бұл сараптама заңдылық пен әділдік өлшемдеріне сәйкес келеді. Сарапшылармен сараптама салыстырмалы тәсілімен жүргізіліп, зерттеу кезінде аналогтар пайдаланылған. Соттар бұл әдіс Объектінің нарықтық құнын анықтау кезінде ең сенімді әдіс болып табылатынын назарға алған. Аталған қорытынды ғылыми негізделген, бағалау тәртібі, стандарты мен әдістемесін көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, Астана қаласындағы нарықта қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын талдау және зерделеу негізінде құрастырылған.

Сарапшылардың бағалау тәсілдері мен әдістері сот құрылыс-тауартану сараптамасын жүргізу кезінде жылжымайтын мүліктің құнын айқындау әдістемесінің талаптарына сәйкес келеді, оны теріске шығаратын дәлелдемелер ұсынылмаған.

Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіскен.

Кассациялық сот сот сатыларының қорытындыларын заңды және негізді деп есептейді.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 23 сәуірдегі сараптама қорытындысын қос сарапшы жүргізген және ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген.

Істің мұндай тұрғысында, соттардың мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынатын жер учаскесі үшін өтемақы мөлшерін кадастрлық нөмірі [...] құның 19 776 506 теңге деп анықтауы заңды.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге

жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,

сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Л.Мамырбаева Судьялар: А.Тогумбетова

А.Тлеубаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.