6001-24-00-3Г/43(3)
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 18 наурыз Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,
талап қоюшы «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме, Тапсырыс беруші) жауапкер « «ҚҚИ[...]»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік, Өнім беруші):
-мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану;
-6 960 000 теңге өндіру туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы қаулысына Серіктестіктің өкілі – Е[...] келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Серіктестіктен мемлекет пайдасына 6 960 000 теңге және 208 800 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттардырусыз қалдырылған.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы өтінішхатта істі қарау барысында жергілікті соттармен материалдық және процессуалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актілердің күшін жойып, іс бойынша талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешімді шығаруды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушының пікірінше іс бойынша жол берілген.
Іс құжаттарына қарағанда, Мекемемен Серіктестіктің арасында көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №65 шарт (бұдан әрі - Ш[...]) жасалған.
Ш[...] №1, 2 қосымшаларына сәйкес Өнім беруші Тапсырыс берушіге «Маңғыстау облысы, [...] орындық мәдениет үйі және кітахананың құрылысына» (Байламалау) жобалық-сметалық құжаттама жасақтау», ал Тапсырыс беруші Ш[...] бойынша атқарылған қызметтерді қабылдап алуға міндеттенген.
Мекеме Серіктестіктің есеп шотына 2021 жылғы 31 желтоқсанда 100 000 теңге және 2022 жылғы 27 мамырда 6 860 000 теңге аударған.
Серіктестікпен Ш[...] бойынша міндеттемелер толығымен орындалмаған.
Талап қоюшы жауапкерді Ш[...] бойынша міндеттемесін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануға және Ш[...] бойынша төленген ақшаны өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Жергілікті соттар, талап қоюышымен сотқа талап қою мерзімі сақталмай берілгендіктен жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танудан бас тартқан. Жауапкер Ш[...] бойынша міндеттемесін толығымен орындалмағанына қарамастан қаражат аударылуына байланысты жауапкерге алдын ала аударылған қаражатты өндірген.
Сонымен қатар соттардың тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есетпейді.
Атап айтқанда, Ш[...] 2021 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркелген. Ш[...] 2022 жылғы 10 наурызда №1 қосымша келісім-шарт жасалған, 2022 жылғы 7 желтоқсанда №2 қосымша келісім-шарт жасалған. Қосымша келісім-шарттың 1.4-бөлігіне сәйкес шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркеген күннен кейін бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады делінген.
Ш[...] жалпы құны 9 907 806,72 теңге.
Бүгінгі таңда «Маңғыстау облысы, [...] орындық мәдениет үйі және кітапхананың құрылысына» (Байламалау) жобалық-сметалық құжаттама жасақтау» нысаны бойынша 2021 жылғы 31 желтоқсанда 100 000 теңгеге және 2022 жылғы 27 мамырдағы 6 860 000 теңге қаражатқа жұмыстар атқарылып, Тапсырыс берушімен орындалған жұмыстардың актілері бекітіліп, жұмыстар қабылданып алынған.
Яғни, бұл ретте Тапсырыс берушімен 6 960 000 теңге қаражатқа орындалған жұмыстар расталған және қабылданып алынып, Мекеменің бірінші басшысымен жұмыстың орындалғандығын растайтын мемлекеттік веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісі бекітіліп, қол қойылған.
Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық
сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешімін, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 15 тамыздағы қаулысын қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Судья Ғ.Ж.Мырзаке
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.