ВС РК - Постановление от 13.05.2024 по делу 6001-24-00-6кп/30 (Об административном правонарушении)

6кп-30-24

Ұ Й Ғ А Р У

2024 жылғы 13 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Б.Б.Шермұхаметовтің,

судьялар Н.Қ.Құрманғалиев пен Н.Ө.Жолдасбековтің,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен Р[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен Р[...] ӘҚБтКнің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 3 тамыздағы қаулысымен іс бойынша бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қассациялық тәртіпте бұл іс 2024 жылғы 30 сәуірде қаралған.

Кассациялық кіріспе бөлігінде техникалық қателіктер жіберілген: істің номері «6кп-30-23» және қаралған күні «2024 жылғы 22 сәуір» деп қате көрсетілген.

ӘҚБтК-нің 829-18 бабының 1-бөлігіне сәйкес қаулы шығарған сот қаулыда жіберілген жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге, және ол жөнінде ұйғарым шығаруға құқылы.

Бұл процессуалдық әрекет ӘҚБтК-нің 46-тарауындағы «Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау» нормаларына да қолданылады.

ӘҚБтК-нің 829-18 бабын басшылыққа алып, сот алқасы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 6кп-30-23 қаулысының кіріспе бөлігінде қателіктер жойылсын: істің номері «6кп-30-24» және қаралған күні «2024 жылғы 30 сәуір» деп дұрыс саналсын.

Төрағалық етуші: Судьялар:

Б. Шермұхаметов Н. Құрманғалиев Н. Жолдасбеков

Көшірмесі дұрыс. Судья:

Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.