ВС РК - Определение от 18.03.2020 по делу 6001-20-00-3гп/81 (Гражданское)

6001-20-00-3гп/81

ҰЙҒАРЫМ

2020 жылғы 18 наурыз Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - алқа төрағасы М. Таймерденов, судьялар Б.Д.Мақұлбеков, А.А.Сапарова,

прокурор У[...],

«Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) өкілі С[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында мобильдік қосымша арқылы арыз беруші С[...] қаласының әкімдігіне, Басқармаға келтірген есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттеу туралы арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 1 шілдедегі шешімін және Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы Басқарманың келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Арыз беруші Р[...] сотқа жоғарыда көрсетілген арызбен жүгінген.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2019 жылғы 1 шілдедегі шешімімен арыз қанағаттандырылған. Сот шешімімен НұрСұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы хаттамасының Р[...] қатысты бөлігі, Басқарманың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №02-41/291 бұйрығының Р[...] қатысты бөлігі заңсыз деп танылған. Басқармаға бұзылған құқықтарды бір ай ішінде қалпына келтіру міндеттелген.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта Басқарма соттар істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, арызды толық көлемде қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Сот алқасы іс бойынша Басқарма өкілінің, прокурордың пікірлерін тыңдап, арыз беруші Р[...] сот отырысына келмеуіне байланысты, оның қатысуынсыз істі қарау мүмкін емес деген тұжырымға келіп, істі қарауды кейінге қалдыру қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 450-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы,

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Арыз беруші С[...] қаласының әкімдігіне, «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне келтірген есептен шығару туралы бұйрығын және тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттеу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық істің кассациялық тәртіппен қаралуы кейінге қалдырылсын.

Азаматтық істің қаралатын күні туралы тараптар қосымша хабарландырылсын.

Төрағалық етуші: М. Таймерденов

Б. Мақұлбеков А. Сапарова

Көшірме дұрыс. Судья Б. Мақұлбеков

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.