Кассационный суд Республики Казахстан по уголовным делам - Постановление от 05.03.2026 по делу 6003-26-00-3к/196 (Об административном правонарушении)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 5 наурыз 6003-26-00-3к/196 Астана қаласы

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А.Мусетов, судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова,

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізіліп жатқан тұлғаның қорғаушысы – А.Р.Русланованың қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты төрағасының ұсынуымен келіп түскен Гулбарам Туремуратовна Ходжамуратоваға (Khodjamuratova Gulbaram Turemuratovna) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен Ходжамуратова Гулбарам Туремуратовна (Khodjamuratova Gulbaram Turemuratovna) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 517бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты төрағасының ұсынуында құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот қаулыларын қайта қарауды сұраған.

Әкімшілік жауапқа тартылған тұлғаның қорғаушысын ың, прокурордың ұсынуды қолдаған пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Кассациялық тәртіппен қайта қарау ӘҚБтК-нің 851 - бабы 5 - бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінің талабына сәйкес, осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза

қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Іс материалдарына сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматы Г.Т.Ходжамуратова 2025 жылғы 20 қаңтардағы сот қаулысымен ӘҚБтКнің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылып, жаза қолданған кейін, бір жыл ішінде қөші-қон саласындағы заңнамасын қайталап бұзған. Атап айтқанда, Г.Т.Ходжамуратова 2025 жылғы 25 маусымда Қазақстанға келіп, 25 шілдеге дейін заңды болып, содан жүріп тұруға рұқсат берілген уақыттан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетуден жалтарған. Осы факт бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Бірінші сатыдағы сот Г.Т.Ходжамуратованың кінәсі сот отырысында мойындалған және зерттелген істегі дәлелдемелермен толық бекітілген деген тұжырымға келіп, оған қатысты Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындаған.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіскен.

Г.Т.Ходжамуратованың әрекеттері ӘҚБтК-нің 517-бабының 7- бөлігімен дұрыс сараланған.

Алайда сот жаза тағайындағанда істегі мән-жайларға, құқық бұзушының жеке басына қажетті көңіл бөлмей, ескермеген.

Г.Т.Ходжамуратова зейнеткер және егде жастағы тұлға (65 жаста), жұбайы мен үлкен қызы қайтыс болған.

Іс материалдары бойынша Г.Т.Ходжамуратова Қазақстан Республикасы азаматы болып келетін кіші қызы А.Р.Руслановамен бірге Қазақстан Республикасында тұрады, одан бөлек оның кәмелетке толмаған үш балалары бар.Тіркелген құжаттарына сәйкес, олар Қазақстан Республикасының азаматтары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 - бабының 1 - тармағына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.Іс бойынша сот қаулысы некені, отбасы мен баланы қорғау қағидаттарына сәйкес келмейді.

Сотпен тағайындалған жаза Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда бекітілген балалардың қажетті өмір сүру деңгейіне, өз ата-аналарынан күтіп-бағу, отбасында тұру және тәрбиелену, ата-аналарымен бірге тұру құқықтарын бұзады.

Сондықтан Г.Т.Ходжамуратованы Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы жаза оның Қазақстан Республикасына бес жыл бойы келуге тиым салу қолайсыз салдарға әкеп соғады.

Г.Т.Ходжамуратованың іс - әрекеті формальды түрде әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтиды, бірақ құқық бұзушылықтың сипатын, зиянның болмауын, сондай- ақ ол қорғалатын қоғамдық құқықтық қатынастарға айтарлықтай қауіп төнбегенін ескере отырып, маңызы болмашы әкімшілік құқық бұзушылық болып танылды.

ӘҚБтК-нің 64-1-бабына сәйкес жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған жағдайда адамды әкімшілік жауаптылықтан босату кезінде заң шығарушы ӘҚБтК-нің 64-1бабына ескертпеде айқындаған өлшемшарттарды негізге алу, атап айтқанда: әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың мән-жайларын, оның ішінде құқық бұзушының жеке басын, қолсұғушылық объектісін, ал келтірілген зиян болған кезде оның мөлшерін ескеру қажет деп көрсетілген.

Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ іс бойынша анықталған мәнжайларды ескере отырып, Г.Т. Ходжамуратоваға ӘҚБтК-нің 64-1-бабы негізінде ауызша ескерту жасаумен шектеліп, ол әкiмшiлiк жауапкершіліктен босатылуға жатады.

Істің жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға ала отырып, соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында біркелкіліктің бұзылуына байланысты ӘҚБтК-нің 851-бабының тәртібімен іс бойынша шығарылған бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың қаулылары өзгертілуге, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады.

ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот,

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 7-бөлігі бойынша Гулбарам Туремуратовна Ходжамуратоваға (Khodjamuratova Gulbaram Turemuratovna) қатысты Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 25 тамыздағы және Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының

2026 жылғы 13 қаңтардағы қаулылары өзгертілсін, қаулылардың жаза тағайындау бөлігінің күші жойылсын.

Гулбарам Туремуратовна Ходжамуратова (Khodjamuratova Gulbaram Turemuratovna) Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ӘҚБтК-нің 64-1-бабы негізінде ауызша ескерту жасаумен шектеліп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылсын.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Қ.А.Мусетов

М.К.Сатыбалдин

Судьялар

Г.Б.Даулетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.