КСАД РК - Постановление от 14.11.2025 по делу 7199-23-00-4к/1142 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жыл 22 қырқүйек іс №7199-23-00-4к/1142 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші - судья М. Туғанбаев,

судьялар: М.Манабаева, Л.Қаирбаева болып,

ашық сот отырысында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 14 қарашадағы және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы ұйғарымдарына Гулназ Жалгасбаевна Абдрахманованың кассациялық шағымы бойынша, Гулназ Жалгасбаевна Абдрахманованың (бүдан әрі - Г.Абдрахманова, талап қоюшы) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесіне (бүдан әрі - Департамент, жауапкер) 2024 жылғы 31 қазандағы №24 бұзушылықты жою туралы нұсқама мен тексеру нәтижелері туралы актіні заңсыз деп танып, күшін жоюы туралы әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы осы әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 14 қарашадағы ұйғарымымен талап қою қайтарылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы ұйғарымымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 14 қарашадағы ұйғарымы өзгеріссіз, жекеше шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың ұйғарымдарымен келіспеген талап қоюшы жеке шағымында ұйғарымдардын күшін жоюды сұраған.

Тиісті түрде хабарланған тараптар кассациялық соттың отырысына келмеді, бұл Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бүдан әрі - ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес осы істі қарауға кедергі болмайды.

Іс материалдарын зерттеп, шағымдардың дәләлдерін талқылай отырып, кассациялық сот мынадай тұжырымға келді.

ӘРПК 169 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кассациялық сатыдағы сотта кассациялық шағымдану тәртібі мен іс жүргізу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377 - V Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бүдан әрі-АІЖК) қағидаларында айқындалады.

АІЖК-нің 438-бабының бесінші бөлігі зансыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және құқық нормаларын елеулі бұзушылықтар сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады деп көзделген.

Осы әкімшілік іс бойынша - мұндай негіздер анықтамаған.

Іс материалдарына қарағанда, тексеру жүргізуге қатысты жария ‑құқықтық қатынастар Департамент (әкімшілік орган) пен «№113 Қаракөл орта мектеп (тексеру субъектісі, әкімшілік рәсімге қатысушы) арасында орын алған. Сондықтан тексеру нәтижесімен тексеру субъектісіне қатысты қандай да бір ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған болса, бұл актіні осы тексеру субъектісі ғана даулауға құқылы.

Мұнымен қоса анықталғандай, Г.Абдрахманова өзінің еңбек құқығын қорғау үшін азаматтық тәртіппен жұмысқа қайта орналастыру туралы талап берген. Сондықтан оның еңбек құқығы бұзылғаны жөніндегі уәждері азаматтық іс шеңберінде қаралып-шешілуге жатады. Қорыта келе, кассацилық сот шағымдалып отырған бірінші және апелляциялық саттыдағы соттардын ұйғарымы заң талаптарына сай шығарылғаны жөнінде тұжырымға келіп, ұйғарымдарды өзгеріссіз қалдырады.

АІЖК-нің 452 - бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы - апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы үшін - осы Кодексте белгіленгенге сәйкес келуге тиіс.

АІЖК-нің 462 - бабының екінші бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты дәлелді бөлігінде жаңа дәлелдердің болмауына байлынысты қанағаттындырусыз қалдырылған кезде - қаулының бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзерістер енгізу үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқтығы ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағымда жаңа дәлелердің болмауына байланысты, қолда бар материалдар бойынша істі кассациялық сатыда қарау шектері, кассациялық сот шығымданатын сот актілері өзгерссіз, ал талапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдыруға тиіс деп есептейді.

Баяндалғанның негізінде, ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігін және АПКнің 451-бабының 2) тармақша 2-бөлігін басшылыққа алып, кассацилық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 14 қарашадағы және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы ұйғарымдары күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья

М.Туғанбаев

М.Манабаева

Судьялар

Л.Қаирбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.