Қ А У Л Ы
2025 жылғы 21 қазан 6003-25-00-2к/1522 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К.Рустембеков, судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,
прокурор О.С.Пернеевтің, талап қоюшының өкілі А.Айдарханқызының, Төлеби ауданының әкімінің өкілі Қ.Акылбековтың, «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі Ш.Н.Кеңестің, жауапкер Д.Б.Утинаның өкілі Е.Мырзакуловтың, жауапкер Н.Н.Калдыхановтың, Шымкент қаласының аткарушылық округінің жеке сот орындаушысы О.Д.Сембиевтің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Людмила Сергеевна Несяеваға, Нұрсұлтан Казбекұлы Шырынбековқа, Азамат Саджатович Юсуповқа, Саджат Калыбаевич Юсуповқа, Нурлан Нарбекович Калдыхановқа, Асан Бекембаевич Исхаковқа, Урзия Сабырқызы Наралиеваға, Темиралы Сабырулы Наралиевке, Диана Бегалиевна Утинаға, Данияр Анарметович Сартаевқа, Дильфуза Махамадовна Сартаеваға, Михаил Николаевич Василенкоға, Елена Александровна Василенкоға, Ажар Ондасынқызы Наргозиеваға (Сейдинова), Төлеби ауданының әкіміне, «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Түркістан облысы Нотариаттық палатасына, Түркістан облысы нотариаттық округінің нотариустары Балқыбек Серикбайулы Оразкуловқа, Гульмира Жумабековна Тогызбаеваға, Сапаргали Маликулы Полатовқа, Сара Сапарбековна Сарыбасоваға, Шымкент қаласының нотариаттық округінің нотариустары Жанар Абдикеримқызы Каттабековаға, Дана Рашидовна Кожановаға әкімдіктің қаулыларын, мұраға құқық беретін куәліктерді және сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі жауапкер Д.Б.Утинаның өкілі Е.Б.Мырзакуловтың Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының 2024 жылғы 27 тамыздағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 қарашадағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының 2024 жылғы 27 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
С.Г.Мажугин мен «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Жер қатынастары бөлімі) арасында 2010 жылғы 5 тамызда жасалған №111 жер учаскесін жеке меншік құқығымен сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.
Л.С.Несяеваның атына рәсімделген 2018 жылғы 19 қантардағы №537 заң бойынша мұраға құқық беретін куәлік жарамсыз деп танылған.
Л.С.Несяеваның атына рәсімделген 2018 жылғы 31 қантардағы №914 заң бойынша мұраға құқық беретін куәлік жарамсыз деп танылған.
С.Г.Мажугин мен Н.К.Шырынбековтың арасында 2011 жылғы 4 мамырда жасалған №2182 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
Н.К.Шырынбеков пен С.К.Юсуповтың арасында 2011 жылғы 12 тамызда жасалған №4469 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
С.К.Юсупов пен Н.Н.Калдыхановтың арасында 2014 жылғы 18 сәуірде жасалған №1669 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
С.Г.Мажугин мен Н.К.Шырынбековтың арасында 2010 жылғы 8 желтоқсанда жасалған №3976 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
Н.К.Шырынбеков пен С.К.Юсуповтың арасында 2011 жылғы 12 тамызда жасалған №4467 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
С.К.Юсупов пен А.Б.Исхаковтың арасында 2014 жылғы 18 сәуірде жасалған №1670 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
С.Г.Мажугин мен У.С.Наралиеваның арасында 2010 жылғы 20 қыркүйекте №3234 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
У.С.Наралиева мен Т.С.Наралиевтің арасында 2016 жылғы 19 шілдеде жасалған №994 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
С.Г.Мажугин мен А.Ш.Ильясованың арасында 2010 жылғы 7 тамызда жасалған №2428 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
Д.Б.Утинаның атына рәсімделген 2019 жылғы 7 тамыздағы №1312 заң бойынша мұраға құқық беретін куәліктің кадастрлық №19-298-010-814 жалпы алаңы 7 гектар жер учаскесіне (2010 жылғы 7 тамызда түзілген №2428 жер учаскесіне сату-сатып алу келісім шарты негізінде) қатысты бөлігі жарамсыз деп танылған.
С.Г.Мажугин мен Д.А.Сартаевтың арасында 2010 жылғы 3 желтоқсанда жасалған №3954 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
Д.А.Сартаев пен М.Н.Василенконың арасында 2015 жылғы 20 тамызда жасалған №1827 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
М.Н.Василенко мен Жер қатынастары бөлімінің арасында 2020 жылы 20 тамызда жасалған №63 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған.
М.Н.Василенко мен А.О.Наргозиеваның (Сейдинова) арасында 2024 жылғы 5 наурызда жасалған №324 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шартының кадастрлық №19-298-010-815 жалпы алаңы 0,16 га жер учаскесіне (2015 жылғы 20 тамызда түзілген №1827 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты және 2020 жылы 20 тамызда түзілген №63 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде) қатысты бөлігі жарамсыз деп танылған.
Сот шығыстарын өндіру мәселесі шешілген.
Осы соттың 2024 жылғы 27 тамыздағы ұйғарыммен талап қоюдың Төлеби ауданы әкімдігінің (әрі қарай - Әкімдік) 2010 жылғы 28 шілдеде С.Г.Мажугинге «шаруа қожалығы жүргізу үшін» 10 гектар жайылымдық жер учаскесін сату туралы №298 қаулысын жарамсыз деп тану және Әкімдіктің 2020 жылғы 26 маусымдағы М.Н.Василенкоға тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы №186 қаулысын жарамсыз деп тану туралы бөліктері бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 қарашадағы қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер Д.Б.Утинаның өкілі Е.Б.Мырзакулов кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттардың тұжырымы істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жоюды сұраған. Шағым уәждерінде жергілікті соттармен іс бойынша тапсырылған дәлелдердің толық зерттелмегендігі, дұрыс баға бермегендіктен заңсыз шешім қабылданғаны, аталған санаттағы даулар бойынша ескіру мерзімінің қолданылуға жататыны мәлімделген. Сонымен қатар, шағым уақытында берілгенін, алайда кемшіліктерді жою үшін қайтарылғандықтан, сот актілеріне кассациялық тәртіпте шағым жасау мерзімін қалпына келтіруді сұраған.
Кассациялық сот тараптардың түсініктерін, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс құжаттарына сәйкес Әкімдіктің 2010 жылғы 28 шілдедегі №298 қаулысымен С.Г.Мажугинге Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің арнайы жер қорынан «шаруа қожалығы жүргізу үшін» 10 гектар жайылымдық жер учаскесі жеке меншік құқығымен табысталып, С.Г.Мажугин мен Жер қатынастары бөлімінің арасында 2010 жылғы 5 тамызда №111 жер учаскесін жеке меншік құқығымен сатып алу-сату келісім шарты жасалып, кадастрлық №19-298-010-811 алаңы 0,24 гектар, №19-298-010-812 алаңы 0,60 гектар, №19-
298-010-813 алаңы 2,000 гектар, №19-298-010-814 алаңы 7,000 гектар және №19-298-010-815 алаңы 0,16 гектар жер учаскелеріне сәйкестендіру актілері рәсімделген.
Кадастрлық №19-298-010-812 жер учаскесі С.Г.Мажугинның өтініші негізінде екіге бөлініп, оларға кадастрлық №19-298-010-816 алаңы 0,40 гектар және 19-298-010-817 алаңы 0,20 гектар сәйкестендіру актілері рәсімделген.
Кадастрлық №19-298-010-816 жер учаскесі 2011 жылғы 4 мамырдағы №2182 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде С.Г.Мажугиннің иелігінен Н.К.Шырынбековтың иелігіне өткен.
2011 жылғы 12 тамыздағы №4469 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде Н.К.Шырынбековтың иелігінен С.К.Юсуповтың иелігіне өткен.
2014 жылғы 18 сәуірдегі №1669 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде С.К.Юсуповтың (2023 жылы 14 ақпанда қайтыс болған) иелігінен Н.Н.Калдыхановтың иелігіне өткен.
Кадастрлық №19-298-010-817 жер учаскесі 2010 жылғы 8 желтоқсандағы №3976 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде С.Г.Мажугиннің иелігінен Н.К.Шырынбековтың иелігіне өткен.
2011 жылғы 12 тамыздағы №4467 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде Н.К.Шырынбековтың иелігінен С.К.Юсуповтың иелігіне өткен.
2014 жылғы 18 сәуірдегі №1670 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде С.К.Юсуповтың (2023 жылы 14 ақпанда қайтыс болған) иелігінен А.Б.Исхаковтың иелігіне өткен.
Кадастрлық №19-298-010-817 жер учаскесіне Шымкент қаласының жеке сот орындаушылары Э.Амангельдиеваның, Д.Майлышевтың, О.Сембиевтың қаулыларымен тыйым салынған.
Кадастрлық №19-298-010-813 жер учаскесі 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №3234 жер учаскесіне сату-сатып алу келісім шарты негізінде С.Г.Мажугинның иелігінен У.С.Наралиеваның иелігіне өткен. 2016 жылғы 19 шілдедегі №994 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты негізінде У.С.Наралиеваның иелігінен Т.С.Наралиевтың иелігіне өткен. Кадастрлық №19-298-010-814 жер учаскесі 2010 жылғы 7 тамыздағы №2428 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты негізінде С.Г.Мажугинның иелігінен А.Ш.Ильясованың (2017 жылы 11 қазанда қайтыс болған) иелігіне өткен.
А.Ш.Ильясованың өтініші негізінде кадастрлық №19-298-010-598, 19298-010-710, 19-298-010-398, 19-298-010-837 және 19-298-010-814 жер учаскелері біріктіріліп, жаңа кадастрлық №19-298-010-859 сәйкестендіру актісі алынған.
2019 жылғы 7 тамыздағы №1312 заң бойынша мұраға құқық беретін куәліктің негізінде А.Ш.Ильясованың иелігінен қызы Д.Б.Утинаның иелігіне өткен.
Кадастрлық №19-298-010-815 жер учаскесі 2010 жылғы 3 желтоқсандағы №3954 жер учаскесіне сатып алу-сату келісім шарты негізінде С.Г.Мажугинның иелігінен Д.А.Сартаевтың иелігіне өткен. 2015 жылғы 20 тамыздағы №1827 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шартты негізінде Д.А.Сартаевтың иелігінен М.Н.Василенконың иелігіне өткен.
Бұл жер учаскесі Әкімдіктің 2020 жылғы 26 маусымдағы №186 қаулысымен кадастрлық №19-298-010-815 «шаруа қожалығын жүргізу үшін» жеке меншік құқығымен табысталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты «демалыс аймағының құрылысы үшін» өзгертілген.
Осы қаулының негізінде М.Н.Василенко мен Жер қатынастары бөлімінің арасында 2020 жылы 20 тамызда №63 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты жасалынған.
М.Н.Василенконың атында кадастрлық №19-298-010-815, 19298-010-740, 19-298-010-742, 19-298-010-724 сәйкестендіру актілері рәсімделген болатын, осы жер учаскелері біріктіріліп, жаңа кадастрлық №19298-010-1458 сәйкестендіру актісі алынған.
2024 жылғы 5 наурыздағы №324 жер учаскесін сатып алу-сату келісім шартты негізінде М.Н.Василенконың иелігінен А.О.Наргозиеваның (Сейдинова) иелігіне өткен.
С.Г.Мажугин 2017 жылы 8 маусымда қайтыс болған.
Кадастрлық №19-298-010-811 жер учаскесі 2018 жылғы 19 қантардағы №537 және 2018 жылғы 31 қантардағы №914 заң бойынша мұраға құқық беретін куәліктер негізінде қызы Л.С.Несяеваның иелігіне өткен.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 147бабы 1 тармағына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңдары саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Кодекстің 43-бабының 8-тармағына сай, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері және сол жер учаскелерін жалдау құқығы осы Кодекстің 48бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектілері болуы мүмкін.
Осы кодекстің 48-бабының 1-тармағында көрсетілген ерекше жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Істі соттарда қарау барысында дауланып отырған жер учаскелері Кодекстің 48-бабының талаптарын бұза отырып, яғни жер учаскелері саудасаттықсыз С.Г.Мажугинге заңсыз берілгені өз дәлелін тапқан. Демек, жергілікті атқару органы жоғарыда аталған заң талаптарын бұза отырып, С.Г.Мажугинге жер учаскесі аукционсыз немесе конкурссыз тікелей заңсыз рәсімделген құжаттардың негізінде берілген.
Сонымен қатар жергілікті соттар С.Г.Мажугинге Әкімдікпен Алатау ауылдық округінің арнайы жер қорынан «шаруа қожалығы жүргізу үшін» 10 гектар жайылымдық жер учаскесі сатылып берілгендігіне назар аударған.
Осыған байланысты, дау болған жер учаскесі Кодекстің 48-бабында тізбеленген ерекше жағдайлардың қатарына кірмегендіктен сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы берілуі тиіс болған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 267бабы 1-тармағына сай, егер мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.
АК-нің 158-бабына сәйкес, мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін. Бірінші сатыдағы сот аталған мән-жайларды негізге алып жауапкерлердің арасында жасалған шарттармен мұраға құқық беретін куәліктері заң талаптарын бұза отырып жасалынғанын анықтап, оны жарамсыз дегені заңды.
Бірінші сатыдағы сот жауапкер Д.Б.Утинаның өкілі Мырзакуловтың талап қою мерзімі өткендігі жөніндегі оның уәждерін дұрыс негізсіз деп тапқан.
Өйткені, талап қоюшыға көрсетілген мән-жайлар 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменттің хатының негізінде белгілі болған.
Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіскен.
Сондықтан касациялық сот жергілікті соттардың бұл дау бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі қолдануға жатпайды тұжырымдарын негізді деп санайды. Өйткені АК-нің 180-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес, талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады.
Сот актілерін зерделеу барысында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың ұстанымы іс үшін маңызы бар мән-жайларға және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келетінін көрсетті.
Қабылданған шешімнің құқықтық негіздері мен уәждемесі дауланған сот актілерінде толық көрініс тапқан.
Шағымданушының келтірген уәждері соттардың қарау нысаны болған, дауланған сот актілерінде оларға тиісті құқықтық баға берілген, кассациялық шағымда жаңа фактілер мен негіздемелер келтірілмеген.
Іс нәтижесіне әсер еткен материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуын, шағымда көрсетілген уәждер растамайды, сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
Шағымданушының іс бойынша анықталған мән-жайлармен келіспеуі дау айтылған сот актілерін күшін жоюға негіз бола алмайды.
Процестік мерзім дәлелді себептермен өткізіп алынғандықтан, сот актісіне кассациялық тәртіпте шағым жасау мерзімі қалпына келтірілуге жатады.
АПК-нің 126, 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Сот актілеріне шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.
Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының 2024 жылғы 27 тамыздағы шешімі, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 қарашадағы қаулысы күшінде, жауапкер Д.Б.Утинаның өкілі Е.Б.Мырзакуловтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Ж.К.Рустембеков
Төрағалық етуші:
Судьялар: В.Е.Тохтарбаева
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.