6кп-47-20
Қ А У Л Ы
2020 жылғы 17 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья А. Рахметулин,
судьялар Г. Әлмағамбетова, Ж.Ермағамбетова,
прокурор Т[...],
қорғаушы С[...] қатысуларымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы,
Ақтөбе облысы, [...] сотының 2020 жылғы 15 маусымдағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандындырылған сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен,
Р[...] (RONG TIANZHI) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Ақтөбе облысы, [...] сотының 2020 жылғы 15 маусымдағы қаулысымен Р[...] (RONG TIANZHI) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуында сот қабылдаған қаулысы соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатындығы туралы көрсетілген, себебі жауапқа тартылған адамның Қазақстанда жұмыс жасауға тиісті рұқсаты болған. Алқа, қорғаушының ұсынуды қолдауды, прокурордың ұсынуды қолдап, айыппұл тағайындау жөнінде пікірлерін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп, ұсынудың уәждерін талқылап, сот қаулысы бұзуға жатады деп есептейді.
ӘҚБтК-нің 840-бабының 1) тармағы бойынша судьяның сот қаулысында жазылған істің нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеген жағдайда сот қаулысын бұзуға негіз болады.
Іс материалдарына сәйкес Қ[...] Республикасының азаматы Р[...] 2019 жылы 16 қазанда Қазақстан Республикасына келіп, Мұғалжар ауданы Жаңажол вахталық селосындағы «С[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде аспазшы болып еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырған. Осы факт бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Бірінші сатыдағы сот Р[...] кінәсі сот мәжілісінде мойындалған және зерттелген істегі дәлелдемелерімен толық дәлелденген деген тұжырымға келіп, әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындаған.
Бірақ, сот шығарған қаулысы келесі негіздер бойынша заңға сәйкес келмейді.
Р[...] іске тіркелген 03.07.2019 жылдан бастап 03.07.2020 жылға дейін «С3» - бірнеше мәртелік жұмыс визасы болған. Сонымен бірге оған 22 мамыр 2019 жылда азық-түлік технологы мамандығы бойынша Қазақстанда жұмыс жасау үшін рұқсаты берілген.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының 25-тармағында пісіру технологиясы аспазшылардың міндеттеріне жатады деп
қарастырылған.
Халықаралық тәжірибеде тамақтану бойынша технологтардың міндеттеріне: аспаздық өнімдерді әзірлеу, өндіру, сату, сапасын бақылау кіреді.
Р[...] мамандығы мен жасаған қызметінің сәйкес еместігі туралы ешқандай дәлел анықталмаған.
Сотының қаулысы Қазақстан Республикасы мен Қ[...] Республикасы арасындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартының 8, 9-бабтарда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сауда, техникалық ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес келмейді. ӘҚБтК-нің 822-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде қаулы заңды және негізді болуға тиіс Сот істі қараған кезде заңның жоғарыда аталған ережелерін тиісті дәрежеде ескермей, дұрыс мән-жайларды анықтамаған деп пайымдауға негіз бар. Мұндай жағдайда, бірінші сатыдағы сот қабылдаған қаулысы ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздерге сәйкес бұзулуға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 1) тармақшасын, 851-бабы 5-бөлігін басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша Р[...] (RONG TIANZHI) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Ақтөбе облысы, [...] сотының 2020 жылғы 15 маусымдағы қаулысының күші жойылсын, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылсын.
ӘҚБтК-нің 864-бабы бойынша Р[...] заңсыз әкімшілік жауапқа тартылғанынан келтірген зиянды өтеттіруге құқығы танылсын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
А. Рахметулин
Г. Әлмағамбетова
Судьялар
Ж.Ермағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.