ВС РК - Постановление от 15.06.2023 по делу 6001-22-00-6ап/2570 (Административное)

№6001-22-00-6ап/2570

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 15 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев болып,

жауапкердің өкілдері У[...], А[...] қатысуыларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Ар-Иман» мүгедектердің қоғамдық қорының жауапкерлер «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент) хабарламаның, қорытынды хаттаманың күшін жою, 19500000 теңге залалды өндіру туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі шешімі мен Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 13 қазандағы қаулысына талап қоюшы «Ар-Иман» мүгедектердің қоғамдық қорының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Онда ол мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы 2022 жылғы 11 мамырдағы хаттаманы заңсыз деп танып, 2022 жылғы 5 мамырдағы Департаменттің жолдаған хабарламаны заңсыз деп танып, 19 500 000 теңге келтірілген залалды өндіруді сұраған.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған. Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 13 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, шығарылған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Тараптардың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.

Іс материалдарын анықталғандай, 2022 жылғы 25 наурызында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Тең қоғам» мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығының қызметін қайта ұйымдастыру бойынша конкурс жарияланған.

Ұйымдастырушы және тапсырыс беруші – «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) болып табылған.

Қызмет көрсетудің мерзімі 2022 жылдың ішінде, бөлінген сома – 21000000 теңге.

Конкурсқа қатысу үшін талап қоюшыдан, «Бізбен бірге» қоғамдық қорынан, «Асыл-Мұра Орда» қоғамдық қорынан және «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы» қоғамдық бірлестігінен өтінімдер түскен.

Мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы 2022 жылғы 13 сәуірдегі хаттамаға сәйкес жеңімпаз ретінде «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігі, ал «Бізбен бірге» қоғамдық қоры екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып анықталған.

Конкурстың осы қорытындысымен келіспей, конкурсқа қатысушы мекемелер Департаментке шағымымен жүгінген.

Шағым иелерінің ұсынған дәлелдері расталып, Департамент тарапынан Тапсырыс берушіге 2022 жылғы 5 мамырда хабарлама жолданған. Одан бөлек «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы» қоғамдық бірлестігінің конкурсқа негізсіз қатыстырылғаны анықталған.

Конкурс нәтижесі бойынша 2022 жылғы 11 мамырдағы конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қаралып, «Бізбен бірге» қоғамдық қоры жеңімпаз, ал «Асыл-Мұра Орда» қоғамдық қоры екінші орын алған әлеуетті өнім беруші болып анықталды.

2022 жылғы 17 мамырда Тапсырыс беруші және «Бізбен бірге» қоғамдық қоры арасында №53 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, Департамент аталған конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтағанын көрсеткен.

Осыған байланысты Департамент тарапынан тапсырыс берушіге хабарлама жолдау әрекеті заңды және негізді ден саналады.

Сондықтан соттар дауланып отырған хабарлама қолайлы және жарамды екендігі туралы дұрыс тұжырымға келген.

Соттардың бұл тұжырымы негізді, материалдық және процестік құқық нормаларына сәйкес келеді.

Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.

Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі шешімі мен Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 13 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

«Ар-Иман» мүгедектердің қоғамдық қорының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар Көшірмесі дұрыс. Судья

С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.