6001-23-00-3г/5324
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 23 қазан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің (әрі қарай - Департамент) жауапкерлер Жаңақала ауданының әкіміне, «Жаңақала ауданы жер қатынастар бөлімі» ММ-не, С[...] шаруа қожалығына, З[...] шаруа қожалығына жер учаскесін жалға беру және сыйға тарту шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 28 наурыздағы шешімін және Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы Департаменттің өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Департамент сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 28 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған. Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 шілдедегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.