6001-24-00-6ап/919
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 12 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Г.Б. Дуйсенбаев,
судьялар – Г.К. Нурбаев, Е.Ж., Өмірәлиев болып,
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» РММ-нің өкілі А.К.Маликтің, Ж.К.Канатованың, Е.Д.Каирлиевтің, Ж.Бактиярдың, Д.Т.Султановтың, А.Д.Карсаубаеваның, Е.Казбековтің,
жауапкердің өкілі С.Бекишованың, мүдделі тұлғаның өкілі А.В.Коробейниковтің, аудармашы Р.Т.Шайхының қатысуларымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында:
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» (бұдан әрі – Комитет) жауапкер РММ-нің «Астана қаласының Әділет департаменті» РММ-нің сот орындаушысы Кульдикова Айгүл Мухамеджановнаның (бұдан әрі – МСО, сот орындаушысы) 2023 жылғы 7 желтоқсандағы атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудан бас тарту туралы әрекетін заңсыз деп тану және күшін жою туралы;
талап қоюшылар «DOĞUŞ İNŞAAT VE TİCARET A. S.», «GÜLSAN İNŞAAT SANAYİ TURİZM NAKLİYAT VE TİCARET A.S.» компанияларының (бұдан әрі – Компания) жауапкер «Астана қаласының Әділет департаменті» РММ-нің мемлекеттік сот орындаушысы Кульдикова Айгүл Мухамеджановнаның атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды мiндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 14 ақпандағы қаулысына талапкер өкілінің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жауапкерге жоғарыда көрсетілген талаптармен жүгінген. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған.
Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 14 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, олардың күшін жоюды және талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Талап қоюшы өкілдерінің кассациялық шағымды қолдаған пікірлерін, жауапкер өкілі С.Бекишеваның және мүдделі тұлға өкілі А.В.Коробейниковтың кассациялық шағыммен келіспеген уәждерін тыңдап, шағымның уәждері мен іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, жауапкер атқарушылық іс жүргізуді заңды күшіне енген халықаралық сауда палатасының халықаралық Төрелік сотының 2020 жылғы 18 маусымдағы шешімінің орындалуына НұрСұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 27 тамызындағы ұйғарымы негізінде берілген атқару парағын орындау мақсатында қозғаған.
МСО А.Кульдикова борышкер Комитетке атқарушылық өндіріс қозғалғаны және Компаниялардың пайдасына шешілген сомманы өндіру туралы хабарлама жолдап, онда орындау мерзімін 2023 жылғы 21 маусымына деп көрсеткен.
2023 жылғы 15 маусымдағы хабарламаға жауап ретінде Комитет 2021 жылғы 15 желтоқсанда Комитет пен мердігер Компаниялар Төрелік шешімді орындау мақсатында екіжақты келісім жасалды және Төрелік шешім орындалды деп көрсеткен. Комитет 2021 жылдың желтоқсанында мердігерге 8 138 469,32 АҚШ доллары, 2022 жылдың желтоқсанында 1 335 000 АҚШ доллары төленді деп көрсеткен. Осыған байланысты сот актісі толық көлемде орындалды және өкілдің келу қажеттілігі жоқ екендігін хабарлаған.
2021 жылғы 15 желтоқсанда Комитет пен Компаниялар арасында Төрелік шешімді орындауға қатысты келісім-шарт жасалған болатын. Борышкер өндіріп алушыға 2021 жылғы 27 желтоқсанда - 4 567 302,10 АҚШ долларын, 2021 жылы 27 желтоқсанда - 3 571 167, 21 АҚШ долларын, 2022 жылы 23 желтоқсанда - 750 000 АҚШ долларын, 2022 жылы 23 желтоқсанда - 585 000 АҚШ долларын төледі.
2023 жылғы 13 қарашадағы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымына сәйкес МСО атқарушылық құжаттың орындау тәртібін түсіндіру туралы ұсынысы қанағаттандырусыз қалдырылған.
2023 жылғы 25 қыркүйегіндегі хатына сәйкес өндіріп алушы борышкердің 1 137 644 824,82 тенге қосымша есептеулер бойынша өтелмеген берешегі жөнінде хабарлаған.
Сот орындаушысы А.Кульдикованың 2023 жылғы 7 желтоқсандағы қаулысымен атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудан бас тартылған.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудың негіздері қарастырылған.
Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанда, жауапкер тарапынан атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудан бас тарту туралы әрекеттерін және даулы қаулыны қабылдау барысында ешқандай заң бұзушылық фактілері орын алмаған деп дұрыс тұжырым жасаған.
Сондай-ақ, соттар талап қоюшының талабы өз құқықтарын теріс пайдаланып, заңды күшіне енген Төрелік сот шешімін орындаудан жалтарып, созбалаңдыққа салу әрекеті деп санайтынын негіздеген. Атқару өндірісі материалдарынан анықталғандай, Төрелік сот шешімінде борышкерден қосымша күрделі пайыздардың сомалары төленуі тиіс, онда бұл сомаларды ай сайын есептеудің тәртібі көрсетілген. Төрелік шешімді орындау бойынша келісімнің 4.1-тармағына сәйкес Комитет Компанияларға 2021 жылдың 24 желтоқсанына дейін 8 138 469,32 АҚШ доллары сомасын төлейді, 4.2-тармағына сәйкес Комитет Компанияларға 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін 559 235,33 АҚШ долларын және 381 339 520,23 теңге сомасын төлеу қарастырылған.
Осы көрсетілген сомалар келісімнің аталған тармақтарына сәйкес Төрелік шешімнің сомалары мен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі пайыздар болып табылады.
Сонымен қатар, келісімнің 11-тармағына сәйкес, бұл мерзімдер сақталмаған жағдайда Келісімнің күші жоғалтатыны және Талап қоюшы пайыздардың сомасын толық көлемде төлеуге міндетті болатыны, Өндіріп алушы 2021 жылғы 1 қаңтарынан кейінгі кезең үшін пайыздардың, оған қоса 2021 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі кезең үшін пайыздардың төленуін талап етпейтінін қарастырылған. Бұған қоса, Комитет өндіріп алушыға 8 138 469,32 АҚШ долларын 2021 жылдың 27 желтоқсанында, ал 1 335 000 АҚШ долларын тек 2022 жылдың 23 желтоқсанында ғана төлегені даусыз, бұл жағдай Келісімнің 4.2тармағы қарастырған мерзімнен тыс төлегендігін растайды.
Яғни, талап қоюшы Келісімнің 11-тармағына сәйкес Төрелік сот шешімін толық көлемде және оған қоса пайыздарды төлеуге міндетті. Жергілікті соттар талап қоюшының төлемдерді кешігіп төлегенін өндіріп алушының теңгелік банк төлемдері туралы ақпаратты бермеуі туралы уәждерін негізсіз деп санайды. Себебі, бұл борышкердің міндеттемелерін орындауы үшін кедергі емес, кейін берешекті төлеу АҚШ долларымен жүргізілген. Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізу материалдарымен, Комитетке барлық қажетті банк деректемелері, банктен тиісті анықтама жолданғаны анықталған.
Қазіргі таңда аталған Төрелік сот шешімінің талаптары орындалмағаны сотпен анықталған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-3-бөлігінің және Азаматтық процестік кодексінің 21-бабының 2-бөліктерінің талаптары бойынша соттар шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады және олар орындалуға жатады.
Сот орындаушының атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудан бас тарту туралы әрекеттерін және қаулысын шығару барысында ешқандай заң бұзушылықтар фактісі анықталмағандықтан, соттың талапты қанағаттандырудан толықтай бас тартылуға жатады деген тұжырымымен сот алқасы келіседі. Істің мұндай тұрғысында төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған. Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдарымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.
Сондықтан, сот алқасы іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің
- тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ: Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 17 қаңтардағы шешімі, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 14 ақпандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» РММ-нің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Г.Б. Дуйсенбаев
Г.К. Нурбаев
Судьялар
Е.Ж. Өмірәлиев Г.Б. Дуйсенбаев
Көшірмесі дұрыс. Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.