ВС РК - Постановление от 09.03.2022 по делу 6001-22-00-6кп/14 (Об административном правонарушении)

6кп-14-22

ҚАУЛЫ

2022 жылғы 9 наурыз Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья А.Қ. Қыдырбаева,

судьялар Г.Ж. Әлмағамбетова, М.Т. Балкен,

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...] қатысуымен,

әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған тұлға Р[...],

жәбірленуші И[...] және оның қорғаушы адвокаты А[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып, ашық сот отырысында Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2021 жылғы 5 қазандағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен

Р[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 610бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен Р[...] ӘҚБтКнің 610-бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2021 жылғы 5 қазандағы қаулысымен аталған қаулының күші жойылып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты сот қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау ұсынылады. Ұсыну дәлелдерін қолдаған прокурор Т[...] қорытындысын, Р[...], И[...] және А[...] түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын зерделеп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе

өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады. Іс бойынша мұндай негіздер бар.

Іс құжаттарына сәйкес Р[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуына 2021 жылдың 14 мамырда НұрСұлтан қаласындағы Сәтбаев көшесінде Р[...] басқаруындағы «Foton» және И[...] «BMW» көлік құралдарының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі негіз болған. Бұл іс бойынша соқтығысқанға дейін көлік құралын басқара отырып, Р[...] бұрылу жолдың жүру бөліктерінің қиылысынан шыққаны анықталған. Бұрылысты орындау кезінде «Foton» көлік құралының жол бойында келе жатқан «BMW» көлік құралымен соқтығысуы орын алған.

Істі қарап, бірінші сатыдағы сот жүргізуші Р[...] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 8-бөлімі 7- тармағының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп таныған. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жойып, апелляциялық сатыдағы сот И[...] өзінің басқаруындағы «BMW» көлік құралымен бұрылыс жасамай, тіке жүріп, жанында келе жаткан көлік құралына соқтығыс жасаған деген тұжырымға келген. Апелляция соты істегі бейнежазбаны И[...] кінәсін растау деп таныған.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқаның пікірінше, апелляциялық сатыдағы соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділікті бұзады. Іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жол-көлік оқиғасының схемасымен, бейнежазбамен, көлік құралдары жүргізушілерінің түсініктемелерімен көлік құралдарының соқтығысу жағдайлары расталады. Іс материалдары бұрылуға дейін жүргізуші Р[...] осы маневрді орындау үшін өзінің көлік құралын солға ауыстырғанын растайды.

Ереженің 8-бөлімнің 1-тармағына сәйкес жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын тиісті мақсаттағы жарық көрсеткіштерімен, егер олар болмаса немесе ақауы болса - қолмен сигнал береді. Бұл ретте маневр қауіпсіздікті сақтай отырып, жүзеге асырылады және жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі туғызбайды.

Р[...] бұрылу жолдың жүру бөліктерінің қиылысынан шыққаны туралы бейнежазбаны ескере отырып, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген жүргізуші тарапынан жол берілген Ереженің талаптарын бұзылуы туралы тұжырымы негізді болып табылады. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы соттың И[...] жол-көлік оқиғасының кінәсі туралы қорытындысы іс бойынша дәлелдемелермен расталмайды.

Осыған байланысты алқа Нұр-Сұлтан қаласының соты қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың қаулысын күшінде калдыру туралы тұжырымға келіп отыр. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады. ӘҚтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып сот алқасы,

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2021 жылғы 5 қазандағы қаулысының күші жойылсын.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша Р[...] қатысты қабылданған Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 20 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

А. Қыдырбаева

Г. Әлмағамбетова

Судьялар

М. Балкен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.