6001-23-00-3ГП/291
2023 жылғы 9 тамыз Астана қаласы
Қ А У Л Ы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья Н.К. Шәріпов,
судьялар С.А. Әбдірахманов, Е.Ж. Айтжанов,
талап қоюшылардың өкілі А[...] жауапкердің өкілі О[...] қатысуларымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында бейнеконференцбайланысы арқылы өткізілген ашық сот отырысында талап қоюшылар К[...], Т[...], Д[...], К[...], М[...], Ш[...], К[...], С[...], А[...], А[...], Д[...], Ж[...], У[...], Б[...], К[...], К[...] жауапкер А[...] келісім шарт бойынша міндеттемені орындауды міндеттеу туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 наурыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкердің өкілі О[...] өтінішхаты бойынша түскен азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2022 жылғы 19 қазандағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған. Жауапкер А[...] Ақтау қаласы, 19 шағын ауданы, [...] учаскеде орналасқан тұрғын үйдің [...] пәтердің алдына құдық қазылып қате қойылған [...] пәтердің су өлшегіш құралы мен өткізілген тоқты алып тастауға міндеттелген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгертіліп, талап қоюшылардың А[...] Ақтау қаласы, 19 шағын ауданы, [...] учаскеге тұрғызған 19 тұрғын үйдің (таунхаус) бекітілген жобаға сәйкес: тұрғын үйдің төбесін - бу тосқауыл пленкасы (пароизоляция из пленки) және 120 к/м3 қалыңдығы 150 мм минералды жүн плитасымен (минераловатная плита) қаптап жабу және тұрғын үйдің декоративті әрлеу материалы сарғыш травертин мен қатты минералды жүн плитасымен қаптауды міндеттеу туралы талабы қанағаттандырылған.
Жауапкер А[...] Ақтау қаласы, 19 шағын ауданы, [...] учаскеге тұрғызған 19 тұрғын үйдің (таунхаус) бекітілген жобаға сәйкес: тұрғын үйдің төбесін - бу тосқауыл пленкасы (пароизоляция из пленки) және 120 к/м3 қалыңдығы 150 мм минералды жүн плитасымен (минераловатная плита) қаптап жабу және тұрғын үйдің декоративті әрлеу материалы сарғыш травертин мен қатты минералды жүн плитасымен қаптауға міндеттелген.
Өтінішхатта арыз беруші апелляциялық қаулымен келіспей, тұжырымдары істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзушылықтарын көрсете отырып, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Сот алқасы талапкерлердің өкілі А[...] және жауапкердің өкілі О[...] өтінішхат бойынша берген түсініктерін тыңдап, іс құжаттары мен өтінішхат уәждерін зерделеп, келесі тұжырымға келді. Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің (әрі қарай АПК) 427-бабы, 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Апелляциялық сатыдағы сот тарапынан мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің (әрі қарай АПК) 427-бабы, 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс құжаттарынан анықталғандай, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 19 шағын ауданындағы №[...] учаскеде таунхаустың құрылысын салу үшін қажет құжаттарды дайындауды К[...] бастаған, бірақ кейін бұл жер учаскені А[...] сатқан.
Өз кезегінде, А[...] осы жер учаскесіне эскиздық жоба жасатып, 2020 жылғы 20 шілдеде талап қоюшылар К[...], К[...], А[...], Ш[...], С[...], М[...], К[...], Д[...], К[...], А[...] ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы шартқа отырған. Осы шарт бойынша тараптар 30 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшаны біріктіру және күш салу арқылы Ақтау қаласы, 19 шағын ауданы, №[...] учаскесі мекенжайы бойынша 19 тұрғын үй (таунхаусты) салу және пайдалану саласында бірлесіп әрекет етуге міндеттенген.
Тұрғын үй құрылысы екі қатардан аспаса жұмысшы жобасы талап
етілмейді, сондықтан А[...] жұмысшы жобасын жасатпаған.
Алайда, талап қоюшылар бұрыңғы меншік иесі К[...] тапсырыс беріп жасатқан және өзі бекіткен таунхаустың жұмыс жобасын тауып, қазіргі кезде даулы таунхаус құрылысы осы жобаға сай салынбаған деп, сотқа талап қоюмен жүгінген.
Бірінші сатыдағы сотпен келісім шарт бойынша міндеттемені орындауды міндеттеу, су өлшегіш құралын және өткізілген тоқты алып тастауды міндеттеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерге Ақтау қаласы, 19 шағын ауданы [...] учаскеде орналасқан тұрғын үйдің(танхаус) [...] пәтердің алдына құдық қазылып қате қойылған [...] пәтердің су өлшегіш құралын және өткізілген тоқты алып тастау міндеттелген.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерте отырып А[...] ешқандай қатысы жоқ, мүлдем басқа тұлғаның тапсырыс беріп жасатқан жұмысшы жобасын негізге алып, даулы таунхаус құрылысы жұмысшы жобасына сай салынбаған деген тұжырымға келген.
Бірақ соттың бұл тұжырымы негізге алуға жатпайды, себебі А[...] пен талап қоюшылардың құрылыс жұмысы бойынша барлық ара-қатынастары тек 2020 жылғы 20 шілдедегі ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы шартпен реттелген.
Бұл шарттың талаптарына сәйкес, үйдің қабырғасы сырт жағынан тек қас беті (фасад) табиғи травертинмен қапталады, ал қалған жерлері жәй сылақ болады деп көрсетілген. Қандай да бір минералды жүн (минвата) және жұмысшы жобасы туралы шартта көрсетілмеген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (әрі қарай АК) 616-бабының ережелеріне сәйкес мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші Тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін белгіленген мерзімде тапсырысшыға тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелі үшін орындалады. АК-нің 620-бабының 1-тармағына сәйкес мердігерлік шартта жұмысты орындаудың бастапқы және соңғы мерзімдері көрсетіледі. Тараптар арасындағы келісім бойынша Шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерін аяқтау мерзімдері (аралық мерзімдер) де көзделуі мүмкін. Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
АК-нің 627-бабы 3,4-бөліктерінде, егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондайақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмысты өзiне өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартқаны туралы хабарлама алғанға дейін орындаған жұмысы үшiн ақы төлеп, мердiгерлiк шарттан бас тарта алады. Тапсырысшы мердiгерге орындалған жұмыс үшiн төленген бағаның бөлiгi мен барлық жұмыс үшiн белгiленген бағаның арасындағы айырма шегiнде шарттың тоқтатылуынан келтiрiлген залалды өтеуге де мiндеттi.
Аталған Кодекстің 630-бабы 1-3-тармақтарының ережелері тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген мерзімде және тәртіппен орындалған жұмыстың нәтижесін мердігердің қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыстағы өзге де кемшіліктер анықталған кезде бұл туралы мердігерге дереу мәлімдеуге міндетті екенін көрсетеді. Жұмысты қабылдау кезінде оның кемшіліктерін тапқан тапсырысшы, егер актіде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта осы кемшіліктер не оларды жою туралы кейіннен талап қою мүмкіндігі айтылған жағдайда ғана оларға сілтеме жасауға құқылы. Жұмыстың нәтижелерін тексерусіз қабылдаған Тапсырыс беруші оны қабылдаудың әдеттегі әдісі кезінде анықталуы мүмкін жұмыс кемшіліктеріне (айқын кемшіліктер) сілтеме жасау құқығынан айырылады. Бірінші сатыдағы сотпен көшпелі сот отырысы жүргізу барысында, талап қоюшылардың даулы болып отырған тұрғын үйден (танхаус) анықталғаны, шарт бойынша қойылған материалдармен үйдің сыртқы қабаттары жасалғанын, балалар ойын алаңы және спорт алаңы толық бітірілгенін, тұрғындармен қолданып отырғаны көрінген. Жалпы алғанда тұрғын үй құрылысы шарттың барлық талаптары сақталған.
20 желтоқсан 2020 жылғы жылжымайтын мүлікті меншікке беру туралы шарттың 7-бөлігінде,
-шатыр төбесі - металл плиткадан(металлачерепица) жасалған жабылуы конверт тәріздес, түсі қоңыр және су ағызу құбырымен орнатылады делінген;
-Сыртқы әрлеу-сыртқы қабырғаларды қаптау табиғи травентиннен жасалған, ғимараттың тек қасбеттік бөліктері, қалған бөліктері жоғары сапалы сылақ, содан кейін сырлау;
-балалар ойын алаңы және спорт алаңы делінген.
Егер де талап қоюшылардың тұрғын үйдің құрылысының салынуы көңілдерінен шықпаған және шартта көзделген талаптардан ауытқып кеткен жағдайларда шартты бұзып, басқа мердігерлерге жүгінуге құқықтары бар болған. Алайда, талап қоюшылар тұрғын үйдің жүріп жатқан құрылысымен, шартта көзделген талаптарымен толық қанағаттанып, үйді [...] желтоқсан 2020 жылғы жылжымайтын мүлікті меншікке беру туралы шартқа сәйкес жауапкерден нотариалды түрде қабылдап алған.
Сот алқасы, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы АПК-нің 424бабының 1-бөлігінің 2) тармақшаларына сәйкес бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуі негізсіз деп санайды.
Іс құжаттарын зерделеп, бірінші сатыдағы соттың ұстанымы істің нақты мән-жайларына толық сәйкес келетінін, дау мәні бойынша дұрыс және әділ шешілгенін көрсетті.
Істің бұл тұрғысында сот алқасы өтінішхатты негізді және қанағаттандырылуға жатады деп санайды, себебі жоғарыда баяндалған мән-жайлар, дау айтылған сот актісін өзгертіп, мәні бойынша дұрыс бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыру үшін елеулі негіздер болып табылады.
АПК-нің 109-бабының 3-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыда мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығыстар талап қоюшылардан жауапкердің пайдасына өндірілуге жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 наурыздағы қаулысының күші жойылсын.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2022 жылғы 19 қазандағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Жауапкер өкілінің өтінішхаты қанағаттандырылсын.
А[...] пайдасына 2589 (екі мың бес жүз сексен тоғыз) теңге төленген мемлекеттік баж үлестік тәртіпте әрқайсысынан К[...], Т[...], Д[...], К[...], М[...], Ш[...], К[...], С[...], А[...], А[...], Д[...], Ж[...], У[...], Б[...], К[...], К[...] 162 (жүз алпыс екі) теңге өндірілсін.
Төрағалық етуші
Н.К.Шәріпов
С.А.Әбдірахманов
Судьялар
Е.Ж.Айтжанов
Қөшірмесі дұрыс
Судья
Е.Ж.Айтжанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.