Қ А У Л Ы
2025 жылғы 3 желтоқсан №6003-25-00-2к/1966 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы А.Сапабек, оның өкілі Д.Игубаев, жауапкер М.Ережепов және өкілі А.Сулейменованың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Айым Нұртасқызы Сапабектің жауапкер Маккам Анарбаевич Ережеповке қарызды өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысына талап қоюшының
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
А.Сапабек жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 5 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Жауапкер М.Ережеповтен талап қоюшы А.Сапабектің пайдасына 14 000 000 теңге қарызы, 140 000 теңге төленген мемлекеттік баж және 750 000 теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығындары өндірілген.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында, апелляциялық сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, алқа қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнің (бұдан әрі - АК) 152-бабы 1-тармағына сәйкес, егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде
орындалатындарынан басқа, кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын және мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш жоғары сомаға жазбаша түрде жасалуға тиiс.
АК-нің 153-бабы 1-тармағына сәйкес, мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.
Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мәнжайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес (АПК-нің 65-бабы 3-тармағы).
АПК-нің 65-бабы 5-тармағына сәйкес мән-жайлар, егер оларды растауға құжаттардың көшірмелері ғана ұсынылса, түпнұсқасын ұсыну қажеттігі заң талаптарынан туындаса, анықталды деп есептелмейді. Егер:
құжаттың төлнұсқасы жоғалса және сотқа берілмесе; 2) дауласушы тараптардың әрқайсысы ұсынған осы құжаттың көшірмелері бір-біріне ұқсамаса;
құжат төлнұсқасының мазмұнын басқа дәлелдемелердің көмегімен анықтау мүмкін болмаса, сот сонымен қатар құжаттың көшірмесімен немесе өзге де жазбаша дәлелдемелермен ғана расталатын мән-жайларды оның мазмұнын даулаған кезде дәлелденді деп есептей алмайды.
АПК-нің 48-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес.
АПК-нің 225-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде шешеді.
Іс құжаттарына қарағанда, А.Сапабек қарызды өндіру туралы талап қоюын, 2024 жылғы 6 қыркүйекте жауапкер М.Ережепов өзінен 14 000 000 теңгені бір айға, 2024 жылғы 6 қазанына дейін қарызға алып, оны қайтару міндеттемесін орындамағанымен негіздеген.
Бірінші сатыдағы сот 2023 жылғы 31 қазаннан бастап 2024 жылғы 6 қыркүйекке дейінгі кезеңде талап қоюшы «Каспи Банк» АҚ-ның аударымдары арқылы жауапкердің өтініші бойынша оған 64 253 447 теңге мөлшерінде ақша жібергенін, осы кезеңде жауапкер «Каспи Банк» АҚ-ның аударымдары арқылы осы сомадан талап қоюшыге 36 512 001 теңге сомасын қайтарып бергені (64 253 447 – 36 512 001 = 27 741 446), талап қоюшымен ұсынылған бейнежазбасында жауапкер 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ақшалай қаражатты қайтаруға міндеттенгенін, 14 000 000 теңгені 2024 жылдың 6 қазанында қайтаратыны туралы жазбаша қолхаттың көшірмесін негізге алып, талап қоюшы жауапкерден 14 000 000 теңгені өндіріп алуды талап еткені ескеріп, талап қоюды қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келген.
Апелляциялық сатыдағы сот, талап қоюшы сотқа берген талап қоюын қарыз сомасын жауапкерге 2024 жылғы 6 қыркүйекте бергенімен негіздегенін
ескеріп, іс жүзінде ол күні ақша берілгені дәлелденбегені, талап қоюшы жауапкелің қарызды қайтару міндеттемесі туындағаны ретінде ұсынған қолхат көшірмесі АК-нің 152-бабының 1-тармағына, АПК-нің 65-бабы 3-тармағы негізінде дәлелдеме ретінде қабылдануға жатпайтыны, сондай-ақ, ақша қаражатын аудару фактісі расталмағандықтан, қарыздың бар екендігінің дәлелі ретінде сотқа ұсынылған бейне және аудио-жазбаларды қабылданбайтыны туралы тұжырым жасап, бірінші сатыдағы соттың қорытындылары талап қою шегінен шығып жасалғанын, яғни істің мән-жайларына сәйкес келмейтіндіктен шешімнің күші жойылып, талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қарыз шарты нақты мәмілеге жатады, сондықтан ақша берілген сәтте жасалған деп саналады. Қаралып отырған жағдайда қолхатта ақша берілді деген күні ешқандай ақша берілмеген.
Кассациялық шағымдағы уəждер апелляциялық сатыдағы соттың талап қою шегінде жасалған қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. Сондықтан алқа қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
Талап қоюшы А.Сапабек кассациялық шағым бергенде Астана қаласы Есіл аудандық кірістер басқармасына 70 000 теңге мемлекеттік бажды артық төленгендіктен, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодлексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 108бабы 1-тармағының негізінде қайтарылуға жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Астана қаласы Есіл аудандық кірістер басқармасына артық төленген 70 000 (жетпіс мың) теңге мемлекеттік баж талап қоюшы Айым Нұртасқызы Сапабекке қайтарылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.