ВС РК - Постановление от 03.02.2023 по делу 6001-22-00-6ап/1362 (Административное)

6001-22-00-6ап/1362

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 3 ақпан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Қайыпжан Н.Ү., судьялар - Дуйсенбаев Г.Б., Нажмиденов Б.Т.,

талап қоюшы Ш[...],

жауапкер жеке сот орындаушысы Г[...], мүдделі тұлға А[...],

аудармашы Н[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында мобильді бейне-конференц байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы Ш[...] Маңғыстау облысының атқару округінің жеке сот орындаушысы Г[...] (бұдан әрі - ЖСО) атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудан бас тарту қаулысы мен атқару өндірісін тоқтату жөнінде қаулы қабылдамауын заңсыз деп тану, атқару өндірісін орындалуына байланысты тоқтатып, атқару парағын сотқа қайтаруды міндеттеу туралы,

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 4 мамырдағы шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Ш[...] жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 4 мамырдағы шешімімен талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тартылған. Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысымен сот шешімі күшінде қалдырылған.

Талап қоюшы Ш[...] кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерімен келіспейтінін көрсете келе, олардың күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Сот алқасы, шағымның уәждерін қолдаған талап қоюшының түсінігін, жауапкер және мүдделі тұлғаның іс бойынша қабылданған сот актілерін өзгеріссіз, шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған уәждерін, іс құжаттарын және шағым уәждерін зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Ақтау қаласының №2 сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы сот шешімімен С.А[...].Ш[...] келтірген ар-намысы, абыройын қорғау туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, Ш[...] 22 маусым 2018 жылы Қазақстан Республикасының П[...], Қазақстан Республикасының П[...] басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Төрағасы, Қазақстан Республикасы Әділет министірінің атына жолдаған хатындағы сөздер талап қоюшы А[...] ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтер деп танылған

Ш[...] аталған мемлекеттік органдардың атына сот шешімі заңды күшіне енгеннен бастап 10 күн ішінде 22 маусым 2018 жылғы жазған хатында А[...] қатысты сотпен шындыққа жатпайды деп танылған мәліметтер туралы хат жолдау міндеттелген.

ЖСО Г[...] 2019 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен атқару өндірісі қозғалған.

Ш[...] 2022 жылы 24 ақпанда ЖСО Г[...] атқарушылық өндірісті қысқартуды сұрап арызданып, негіздемесінде 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 2 Ақтау қалалық сот ұйғарымына сілтеме жасаған. 2022 жылғы 28 ақпанда сот орындаушысының қаулысымен Ш[...] арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Сот алқасы, төменгі саты соттарының талап арызды қанағаттандырудан бас тару туралы тұжырымдары іс бойынша анықталған нақты мән-жайларға және ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабы 3-тармағына сай, соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзгеде қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, 2022 жылы 28 ақпанда ЖСО Г[...] Ш[...] арызы бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы қабылдап, мәліметтердің шындыққа жатпайтыны туралы, оны теріске шығарып жолдау қажет болған хаттың Қазақстан Республикасы П[...], Жоғарғы Соттың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағаларына жолданбағанын негіздеген.

Сонымен бірге, атқарушылық құжаттың орындалмағаны және Ш[...] өз атынан 2018 жылғы 22 маусымда жолдаған арызында көрсетілген мәліметтердің шындыққа жатпайтыны теріске шығарылмағаны Ақтау қаласының № 2 сотының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы, 2020 жылғы 8 қаңтардағы, 2020 жылғы 2 наурыздағы заңды күшіне енген сот шешімдерімен анықталған.

Одан басқа, ЖСО Г[...] өндірісіндегі 2019 жылғы 7 тамыздағы № 311/19-47-375 атқарушылық іс бойынша қозғалған атқарушылық істің орындалмағаны заңды күшіне енген Ақтау қаласының № 2 сотының 2020 жылғы 9 сәуірдегі шешімімен де бекітілген.

Аталған сот актілерімен талап қоюшының 2019 жылғы 14 наурыздағы тиісті органдарға жазған хаты мен Ақтау қаласының № 2 сотының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы сот шешімін түсіндіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымына тиісті құқықтық баға берілген.

Істің мұндай тұрғысында төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған.

Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал талап қоюшының сотта зерттелген дәлдемелермен негізделген сот тұжырымдасымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 4 мамырдағы шешімі, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы Ш[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Қайыпжан Н.Ү. Судьялар Дуйсенбаев Г.Б. Нажмиденов Б.Т.

Көшірмесі дұрыс.

Дуйсенбаев Г.Б.

Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.