ВС РК - Постановление от 05.09.2019 по делу 6001-19-00-6кп/67 (Об административном правонарушении)

6кп-67-19

Қ А У Л Ы

2019 жылғы 5 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья А. Қыдырбаева,

судьялар М. Балкен, Ж. Ермағамбетова,

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаментінің прокуроры Т[...],

2019 жылғы 3 қыркүйектегі сенімхаты негізінде әрекет етуші Қызылорда облысының әкімдігі «Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Е[...] қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 2019 жылғы 4 ақпандағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен

«А[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

2019 жылғы 4 ақпанда шығарылған Қызылорда облысы Арал аудандық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылықтың ескіру мерзімі өтуіне байланысты «А[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабы 3- бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот ісін жүргізу тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуда соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.

Ұсынудың дәлелдерін қолдаған уәкілетті органның өкілі Е[...], ұсыну қанағаттандыруға жатады деген прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, алқа келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; осы Кодекстiң процестік нормаларының

елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.

Іс құжаттарына сәйкес, уәкілетті органның 2018 жылғы 20 қыркүйектегі тексеруімен Серіктестіктің «Қызылорда облысы, [...] нөмірсіз мекен-жайындағы 6 шығысқа есептелген типтік жобадағы өрт депосының құрылысы» нысаны бойынша бірқатар құрылыс-монтаждау жұмыстарын бекітілген жобалаусметалық құжаттамадан ауытқып орындап, құрылыс нормалары ережелерін бұзғанын анықтаған.

Серіктестікке 2018 жылғы 25 қыркүйекке дейін жобадан ауытқушылықтар мен ақауларды жойып, заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №81 нұсқама орындауға беріліп, ол жөнінде ақпарат ұсыну тапсырылған. Осыған байланысты 2019 жылғы 3 қаңтарда Серіктестікке қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданған.

Сот әкімшілік істі тоқтату барысында уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны 26 қыркүйекте белгілі болғанын негізге алған. Алайда, соттың істе әкімшілік құқық бұзышылықтың ескіру мерзімі өткен деген тұжырымы негізсіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуында іс бойынша іс жүргізуді тоқтату заңсыздықтың негіздемесі ретінде Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс материалдарында дәлелдемелердің болуы туралы дәлел келтірілген. Ұсыну дәлелдерінің негізділігі мыналармен расталады.

ӘҚБтК-нің 62-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, тұлға - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күнінен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Серіктестікке «Қызылорда облысы, [...] нөмірсіз мекен-жайындағы 6 шығысқа есептелген типтік жобадағы өрт депосының құрылысы» нысаны бойынша Басқарма берген 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №81 нұсқаманың талаптарын себепсіз орындамағаны 2019 жылғы 3 қаңтарда жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде анықталған. Нұсқаманың орындалмауы жалғасқан құқық бұзушылықтарға жататындығы және ол анықталған сәтке дейін орындалмағаны назардан тыс қалған. Сонымен бірге іс құжаттарына сәйкес нұсқамада Серіктесстікке анықталған ақаулармен жою туралы ісшаралар жоспарын жасап 25 қырқүйекке дейін басқармаға табыс ету қажеттілігі тапсырылған. Іске тіркелген жоспарға сәйкес Серіктестік анықталған ақауларды жою үшін 25 қыркүйектен 30 қарашаға дейін мерзім белгілеген.

Аталған жәйт соттың назарынан тыс қалған. Сонымен қатар, ӘҚБтҚтің 822-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиіс.

Алайда, сот бұл талаптарды сақтамаған, оның қаулысында қандай құқықтық нормаларға сүйене отырып, іс жүргізу тоқтатылғаны көрсетілмеген.

Жоғарыда айтылғандар соттың істі қарау кезінде заң нормаларын сақтамағандығын білдіреді, осыған орай, ӘҚБтК-тің 839-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы негізінде Қызылорда облысы Арал аудандық соты қаулысының күші жойылып, іс аталған сотқа қайтадан қарау үшін жолдауға жатады. Істі қайтадан қарау барысында жоғарыда аталған мәселелерге сот назар аударып заңды шешім қабылдауға тиіс.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде ӘҚБтК-тің 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша «А[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты қабылданған Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 2019 жылғы 4 ақпандағы қаулысының күші жойылып, іс бойынша іс жүргізуді қайта қозғап, бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда қайта қарау үшін жолдансын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

А. Қыдырбаева

Судьялар

М. Балкен

Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.