6001-22-00-6ап/1234
2022 жылғы 8 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші Қайыпжан Н.Ү.,
судьялар Ермагамбетова Ж.Б., Токмурзина Д.А.,
прокурор Д[...], талап қоюшы А[...] өкілі
Б[...], жауапкерлер өкілдері Ш[...], Т[...], Р[...] Л[...], А[...], У[...], мүдделі тұлға жеке сот орындаушысы Ж[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында қашықтықтан бейне-дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы талап қоюшы А[...] жауапкерлер «Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-не, «Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не, Л[...], А[...], Т[...], Р[...], У[...] электронды түрде жолданған хабарламаны заңсыз деп танып, күшін жою, талап қоюшының электрондық цифрлік қолтаңбасын қолданып, декларацияларды өткізу, салық бұйрығын шығару әрекеттерін заңсыз деп тану, салық бұйрығының күшін жою, жауапкерлердің дөрекілік мінез көрсету әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне және Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 мамырдағы қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы А[...] сотқа жауапкерлер «Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Департамент), «Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не (бұдан әрі – Басқарма), Л[...], А[...], Т[...], Р[...], У[...] электронды түрде жолданған хабарлманы заңсыз деп танып, күшін жою, талап қоюшының электрондық цифрлік қолтаңбасын қолданып, декларацияларды өткізу, салық бұйрығын шығару әрекеттерін заңсыз деп тану, салық бұйрығының күшін жою, жауапкерлердің дөрекілік мінез көрсету әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінген.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымымен А[...] талап қою арызының Басқарманың 2020 жылғы 10 қыркүйектегі элоктронды түрде жіберілген хабарламасын және 2018 жылғы 4 қазандағы әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын заңсыз деп танып, бұзу туралы бөлігі қайтарылған.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен А[...] талап қою арызының қалған бөлігі ішінара қанағаттандырылған. Басқарманың 2020 жылғы 26 қазандағы салық бұйрығын шығару әрекеттері заңсыз деп танылып, 2020 жылғы 26 қазандағы А[...] салық қарызын өндіру туралы салық бұйрығының күші жойылған.
Талап қою арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық саты соттарының материалдық және процессуальдық заң нормаларын бұзуына байланасты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қою арызды толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкер өкілдерінің кассациялық шағымға қарсы пікірін, прокурордың сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс құжаттарына қарағанда, 2012 жылғы 29 наурыздағы сатып алу–сату шарты бойынша А[...] Жамбыл облысы, [...] кадастрлық нөмері [...], көлемі 0,6000 га жер учаскесін «Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-нен 2654 теңгеге сатып алып, меншік құқығын 2013 жылғы 7 наурызда тіркеген.
2013 жылғы 3 мамырдағы шарт бойынша аталған жер учаскесі талап қоюшымен 3 500 000 теңгеге сатылған.
Одан бөлек, 2012 жылғы 29 наурыздағы сатып алу-сату шарты бойынша А[...] Жамбыл облысы, [...] кадастрлық нөмері [...], көлемі 109,4 га жер учаскесін «Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-нен 363 795 теңгеге сатып алып, меншік құқығын 2013 жылы 24 сәуірде тіркеген.
2013 жылғы 3 мамырдығы шарт негізінде аталған жер учаскесін 2 000 000 теңгеге сатқан.
Талап қоюшымен аталған жер учаскелерін сатудан түскен мүліктік табысты алуына байланысты, Басқармамен А[...] камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы 2018 жылғы 6 тамызда және 2018 жылғы 29 қарашада хабарламалар жолданған.
А[...] 2018 жылы 25 қазанда 1 636 205 теңгеге және 2019 жылы 14 қаңтарда 3 497 346 теңгеге жеке табыс салығы бойынша декларациялар тапсырып, 163 620 теңге және 349 735 теңге көлемінде жеке табыс салығы есептелінген.
2020 жылы 26 қазанда 513 355 теңге сомасында жеке табыс салығы бойынша қарызды өндіру туралы Басқарманың салық бұйрығы шығарылып, мәжбүрлеп орындауға жеке сот орындаушысы Ж[...] жолданған.
2021 жылы 21 шілдеде жеке сот орындаушысы Ж[...] қаулысымен атқару іс жүргізу қозғалған.
Жергілікті соттар талап қою арызын ішінара қанағаттандыра отырып, Басқарманың 2020 жылғы 26 қазандағы салық бұйрығын шығару әрекеттерін заңсыз деп танып, 2020 жылғы 26 қазандағы А[...] салық қарызын өндіру туралы салық бұйрығының күшін жойып, оны «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 128 бабының 3-бөлігінің 3) тармақшасымен негіздеген.
Бұдан бөлек, талап қоюшының ЭЦҚ-сын Басқарма қызметкерлері қолдана отырып, 2018 жылы 25 қазанда және 2019 жылы 14 қаңтарда декларациялар тапсырды деген уәждерін соттар негізді қабылдамаған.
Себебі, Департаментің соттың сұрауына берген жауабына сай, Басқарма қызметкерлерінің IP мекен-жай тізімі ұсынылып, аталған декларациялар «Салық төлеушінің кабинеті» IP мекен-жайы бойынша тапсырылғандығы көрсетілген. Бұл IP мекен-жайлары Басқарма қызметкерлеріне тиесілі емес екендігі және Басқармаға келген салық төлеушілерге арналған, жалпы қолданыста тұрған компьютер арқылы тапсырылғандығы анықталған.
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сай, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Алайда А[...] тарапынан аталған заң нормалары бұзылған, өзіне тиесілі ЭЦҚ-сын басқа адамға, қандай-да бір сенімхатсыз иеленуіне жол берген.
Ал осы ЭЦҚ-ны қолданып нақты Басқарма қызметкерлері декларацияларды тапсырғандығы жайлы дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған. ӘРПК-нің 131-бабының 4-бөлігіне сай, талап қою талаптары негізделетін мән-жайларды растау үшін талап қоюшы дәлелдемелерді ұсынады, ал мүмкін болмаған жағдайда тиісті себептерді көрсете отырып, өзі дербес бере алмайтын дәлелдемелерді көрсетеді. Талап қоюшы А[...] өкілі жауапкерлер Л[...], А[...], Т[...], Р[...], У[...] дөрекелік мінез көрсету әрекеттерін растайтын дәлелдер сотқа келтірмеген.
Талап қоюшының салық органының даулы хабарламаларын 5- жылдық мерзімін өткізіп шығарылған деген уәждері негізсіз, себебі салық органының хабарламаларды шығарған әрекеттері 5-жылдық мерзімнің ішінде шығарылғаны іс материалдарымен толық дәлелденген.
Істің мұндай тұрғысында, жергілікті соттардың А[...] талап қою арызын ішінара қанағаттандыру туралы тұжырымдары негізді, дауланған сот актілерін өзгертіуге, күшін жоюға ешқандай негіздер жоқ.
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, ӘРПК-нің 169-бабын, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы әкімшілік іс бойынша қабылданған Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қаңтардағы шешімі және Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 11 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Н. Қайыпжан Судьялар Ж. Ермагамбетова
Д. Токмурзина Көшірмесі дұрыс Судья
Н. Қайыпжан
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.