Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 28.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/5229 (Гражданское)

6003-25-00-2к/5229

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 28 сәуір

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,

арыз берушінің өкілі Б[...], мүдделі тұлға «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі С[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында арыз беруші Б[...] заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы электрондық форматтағы азаматтық істі арыз берушінің өкілі Б[...] Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешіміне және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Арыз беруші жоғарыда көрсетілген арызбен сотқа жүгінген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен арыз қанағаттандырудан бас тартылған.

Арыз беруші кассациялық шағымында сот актілерімен келіспей, іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықталмағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Кассациялық сот, іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарына қарағанда, Б[...] 1989 жылғы желтоқсанда Арал аудандық әскери комиссариатымен әскерге шақырылған.

1990 жылдың 25 шілдесі мен 21 тамыз аралығында Ә[...] Республикасында (бұдан әрі-КСР) Сумгайт қаласының маңындағы Насосный ауылындағы №93952 әскери бөлімінде әскери борышын өтегенін көрсетіп, Т[...] этносаралық қақтығысты реттеуге

әскери жауынгер ретінде қатысу фактісін анықтауды сұраған.

Еңбек, әлеуметтік қорғау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 5 наурыздағы №ЖТ-2025-00673469 хатында мұрағаттық анықтамаларда Б[...] басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс-қимылдарының ардагері болып танылатыны айқындалмағаны, сол себепті оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғаны көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сай, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Т[...] этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады.

Б[...] 1990 жылдың 25 шілдесі мен 21 тамыз аралығында Т[...] этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқаны іс құжаттарымен расталмаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 нормативтік қаулысының 13-тармағында заңдылық маңызы бар фактілерді анықтау туралы іс бойынша шығарылған шешім АПКнің 226-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс. Онда сот анықтаған мәнжайлар туралы тұжырымды растайтын дәлелдемелер келтірілуі тиіс.

Арыз беруші М.Б.К[...] этносаралық қақтығысқа қатысқандығы туралы нақты дәлелдемелер сотқа табыстамаған.

Сонымен қатар, Сумгайт қаласының маңындағы Насосный [...] аймағының қарамағына кіретіндігі туралы анық дәлелдер сотқа ұсынылмаған.

Сондықтан бірінші сатыдағы сот М.Б.К[...] этносаралық қақтығысты реттеуге әскери жауынгер ретінде қатысқаны туралы мәліметтер анықталмаған, демек арыз қанағаттандыруға жатпайтындығы туралы негізді тұжырымға келген.

Апелляциялық сот істің мән-жайын тексеріп, бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымдарымен толықтай келіскен.

Кассациялық сот, Б[...] сотқа ұсынған фотоларымен онда жазылған Сумгайт қаласының маңындағы Насосный ауылындағы фото-ателье деген жазбалармен дәлелденеді деген уәжі негізсіз деп санайды.

Өйткені фотолармен жазбалар өздігінен жеткілікті дәлелдемелік күшке ие емес және талап етіліп отырған мән-жайлардың шынайлығын не қатыстылығын айқындамайды.

Осыған байланысты аталған уәждер істің мән-жайларын дәлелдеу үшін құқықтық маңызға ие емес.

Істің мұндай тұрғысында, соттардың арызды қанағаттандырудан бас тартқаны заңды.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облысы Арал аудандық сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімі және Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Арыз берушінің өкілі Б[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.