ВС РК - Постановление от 03.03.2025 по делу 6001-25-00-3Г/224 (Гражданское)

6001-25-00-3г/224

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 3 наурыз Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Қ.Жүсіпбекова талап қоюшы С[...] жауапкер С[...] ортақ мүліктен үлесін анықтап, заттай бөліп беру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2024 жылғы 31 шілдедегі шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкер С[...] келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

С[...] талап қоюын нақтылап, онда Түркістан облысы, [...] (бұдан әрі – даулы пәтер) өзінің үлесін бөліп, өзінен осы пәтердегі [...] үлесі - 1 487 050 теңге ақшалай өтемді С[...] пайдасына өндіріп, даулы пәтерге меншік құқығын тануды сұраған.

Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2024 жылғы 31 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

С[...] даулы пәтердегі [...] (11%) үлестің ақшалай өтемі 1 487 050 теңге С[...] төлеп беруге міндеттелген.

С[...] ақшалай өтемді алған соң даулы пәтеріндегі оған тиесілі 7/48 (11%) үлесіне меншік құқығын жоғалтып, бұл үлес С[...] меншік құқығына өтеді.

Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта жауапкер сот актілерімен келіспей, олардың күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Арыздынушы өтінішхатында келесі мән-жайларды көрсеткен.

Талап қоюшы С[...] жауапкер С[...] шешесі болып табылады.

1992 жылғы 16 қарашадағы № 4690 жекешелендіру шартымен даулы пәтер С[...], оның отбасы мүшелері: С[...], С[...], С[...], С[...], С[...], С[...], С[...] сатылып, ортақ бірлескен меншік құқығы 1992 жылғы 16 қарашада тіркелген. Заң бойынша мұраға құқық туралы 2011 жылғы 25 ақпандағы № 1760 куәліктің негізінде 2010 жылғы 12 тамызда қайтыс болған С[...] қалған мүлкіне: даулы пәтеріне (мұралық мүлік) ұлы С[...], ал балалары С[...], Т[...], М[...] және С[...] мұрадан өз үлестерінен бас тартуларына байланысты марқұмның зайыбы С[...] мұрагер болып табылатындарын нотариус куәландырған.

Заң бойынша мұраға құқық туралы 2011 жылғы 25 ақпандағы № 1761 куәліктің негізінде 1997 жылғы 18 шілдеде қайтыс болған С[...] қалған мүлкі - даулы пәтеріне оның анасы С[...] мұрагер болып табылған.

2023 жылғы 25 қарашадағы сыйға тарту шарты бойынша С[...], С[...], С[...], С[...] сый алушы С[...] даулы пәтердегі [...] үлестерін өтеусіз сыйға тартқан. Даулы пәтердегі С[...] үлесі 41/48 (89%), ал С[...] үлесі 7/48 (11%) құрайды. Сонымен, осы даулы пәтердің иесі С[...] және оның ұлы С[...] болып табылады. С[...] даулы пәтермен пайдалануға С[...] ешқандай кедергі жасамаған, соңғысы пәтермен өз пәтер иесі ретінде пайдаланған.

Өтінішхат беруші даулы үйді бөлуге негіз жоқ деп санайды, себебі даулы пәтерде ол 2005 жылдан бері тұратынын, меншігінде басқа тұрғын үй жоқ екенін, үйдегі өзінің үлесін ақшалай түрде алуды және меншік құқығынан айырылуды қаламайтынын, өзі жүрек қан-тамыр ауруымен ауратынын, 2-топ мүгедек екенін, сонымен қатар талап қоюшы басқа үйде тұратынын көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Қазақстан (бұдан әрі – АК) 212-бабының 1-тармағына сәйкес үлестi меншiктегi мүлiкке билiк ету оның барлық қатысушыларының келiсуiмен жүзеге асырылады.

Үлестi меншiкке әрбiр қатысушы өзiнiң үлесiн өз қалауы бойынша сатуға, сыйға тартуға, өсиет етуге, кепiлге беруге, не осы Кодекстiң 216бабында көзделген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

АК-нің 218-бабының 4-тармағына сәйкес басқа меншiк иелерiнiң үлестi меншiкке қатысушыға оның үлесiн заттай бөлiп берудiң орнына өтем төлеуiне қатысушының келiсуiмен жол берiледi.

Осыған орай, арызданушының жоғарыда көрсеткен уәждері кассациялық сот отырысында тексерілуге жатады. АПК-нің 444-бабының 1 бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жауапкер С[...] Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2024 жылғы 31 шілдедегі шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.

Судья Г.Жүсіпбекова Көшірмесі дұрыс. Судья Г.Жүсіпбекова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.