6001-24-00-3г/5308
ҰЙҒАРЫМ
2024 жылғы 14 қазан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С. Иманиязова
арыз беруші Ж.И.Сагимбекованың мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы мүдделі тұлға «Ержан» ШҚ-ның басшысы Е.С.Болатбековтың өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Ж.И.Сагимбекова сотқа аталған арызбен жүгінген.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың қабылдаған шешімдерімен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.