Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 08.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/1288 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 8 мамыр №6003-26-00-2к/1288 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья Г.Б.Бастаубаев, судьялар М.Т.Кадырова, Н.О.Косанов,

прокурор К[...], талап қоюшы М[...], жауапкер өкілі Қ[...] бейнебайланыс арқылы қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы жеке кәсіпкер «М[...]» атауымен әрекет етуші М[...] (бұдан әрі - Кәсіпкер) жауапкер «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) шартты біржақты бұзуды заңсыз деп тану туралы электрондық азаматтық істі Басқарманың Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 22 қаңтардағы қаулысына берген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Кәсіпкер сотқа аталған талап қоюмен жүгініп, оны Басқарма тарапынан шарт заңсыз бұзылғанымен негіздеген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап қою қанағаттандырылған, тараптар арасында жария оферта негізінде жасалған шартты Басқарманың 2025 жылғы 23 қаңтардағы №0203/176 хабарламасы негізінде біржақты бұзуы заңсыз деп танылып, шарт қалпына келтірілген және Басқармадан Кәсіпкердің пайдасына 1 966 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Басқарма кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сотпен материалдық және процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, алқа қаулысының күшін жоюды, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын және прокурордың сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деген қорытындысын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін зерделеп, төмендегі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен ондай бұзушылықтарға жол берілмеген. Апелляциялық сатыдағы сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 393-бабының 1-тармағын, 395-397-баптарын, 401-

бабының 2-тармағын дұрыс қолданып, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып, тараптардың уәждері мен қарсылықтарын тексеруге заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.

Анықталғаны, Кәсіпкер (өнім беруші) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша қызмет көрсету туралы 2025 жылғы 5 қаңтарда №1 жария офертасы (бұдан әрі - Шарт) негізінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша қызмет көрсетіп, Басқарма (тапсырыс беруші) қызметтерді қабылдап, оның ақысын төлеуге міндеттенген.

Қызылорда облысының прокуратурасы тарапынан 2024 жылғы 2 желтоқсанда жұмысшы тобы құрылып, мәдениет және спорт салалары бойынша шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялардық жұмыс жасауы, оларға балалардың қатысу негізділігі мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына талдау (тексеріс) жүргізілген.

Қазалы ауданы прокуратурасының 2025 жылғы 21 қаңтардағы №2-100525-00063 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынымында Кәсіпкер тарапынан жекелеген балалардың құжаттарын электрондық платформада қате толтырылғаны анықталғандығы көрсетіліп, 1 500 000 теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Басқарма 2025 жылғы 23 қаңтардағы №02-03/176 жолданған хабарламасы негізінде Шарттың 2025 жылғы 27 қаңтардан бастап бір жақты бұзылатынын Кәсіпкерге хабарлап, аудан прокуратурасының ұсынымын орындау мақсатында 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін 1 500 000 теңгені бюджетке қайтаруды сұраған.

Алайда, Кәсіпкер аталған соманы қайтармауына байланысты Басқарма оны мемлекеттік бюджет пайдасына өндіру туралы талап қоюымен сотқа жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 26 ақпан 2025 жылғы ұйғарымымен Кәсіпкер мемлекет қаражатын негізсіз, қызмет көрсетпей бас пайдасына жаратқан әрі олардың әрекетінде мемлекет қаржысын жымқыру түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері байқалатындықтан іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деген негізбен іс жүргізу тоқтатылған.

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі шешімін Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 шілдедегі №150 қаулысымен балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның бірыңғай әкімшісі болып «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалған, өз кезегінде соңғысы

Шарттың тарабы болып табылмайды, Шартты бір жақты бұзуды заңсыз деп тану оны одан әрі орындау мүмкіндігін бермейді, яғни сот актісі іс жүзінде орындалмайды деп тұжырымдаған.

Бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымымен келіспей, апелляциялық сатыдағы сот шешімнің күшін жойып, талапты қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім шығарған. Бұл қорытындымен кассациялық сот келіседі.

Сот алқасының бұл қорытындысы «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2016 жылдың 7 шілдесіндегі №6 Нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес келеді.

Басқармамен Шартты біржақты бұзуына прокуратурамен анықталған 2024 жылғы жария шарт бойынша заң бұзушылықтар негіз болған, ол шарттың қолданысы жұмыс толық орындалуына байланысты тоқтаған, ал 2025 жылы жаңадан жасалған оферта шарты бойынша қандай да бір заң бұзушылықтар анықталмаған, Кәсіпкермен мемлекетке залал келтірілгені туралы уәждер бекітілмеген.

Бұл жағдайда апелляциялық сот алқасының Кәсіпкер 2025 жылы жаңадан қызмет көрсетуге байланысты шарттық міндеттемелерін толыққанды орындамаған, ағымдағы жұмыс барысының дұрыстығы тексерілмеген, 2024 жылы орын алған кемшіліктерді негізге алып, 2025 жылғы шартты біржақты бұзуға болмайды деген қорытындысы негізді.

Бірінші сатыдағы сот Басқармамен 2025 жылғы Шартты 2024 жылы орын алған жағдайларға сілтеме жасай отырып, заңмен көзделген отыз күндік мерзім сақталмай негізсіз бір жақты бұзылған деген Кәсіпкердің уәждерімен келісе отырып, талапты негізсіз қанағаттандырудан бас тартқан.

Істің мұндай тұрғысында, талап қою қанағаттандырылуға жатады деген апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымы заңды әрі негізді болып табылады.

Кассациялық шағым уәждері апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдарын теріске шығармайды, істің мән-жайлары жан жақты зерттеліп, оларға құқықтық бағасы берілген, қосымша тексеруді қажет ететін фактілер көрсетілмеген, шағымдалған сот алқасының қаулысының күшін жоюға немесе өзгертуге әкеліп соғатын құқық нормаларының бұзылу деректері анықталған жоқ.

Сол себепті, апелляциялық сот алқасының қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 22 қаңтардағы қаулысы күшінде, жауапкер «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.Бастаубаев

Судьялар М.Кадырова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.