Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.06.2026 по делу 6003-25-00-2к/5635 (Гражданское)

6003-25-00-2к/5635

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 3 маусым Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор К[...],

талап қоюшының өкілі Б[...], жауапкер К[...] өкілі А[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында

талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «83205 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер К[...] артық төленген біржолғы тұрғын үй төлемін мемлекет кірісіне өндіру туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер өкілі А[...] Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 30 сәуірдегі шешіміне және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы өзгеріссіз қалдырылған Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкер К[...] мемлекет кірісіне 11 073 150 теңге және 332 194 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Жауапкер кассациялық шағымында бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Кассациялық сатыдағы сотта тараптар аталған дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, татуласу келісімін ұсынды.

Келісімнің шарттары:

Талап қоюшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «83205 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі жауапкер К[...] артық төленген біржолғы тұрғын үй төлемін мемлекет кірісіне өндіру туралы талап қоюдан бас тартады.

Жауапкер К[...] талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «83205 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің талап қоюын толық мойындайды және тараптар келесідей келісті.

Қазіргі таңда талаптың сомасынан 8 232 069 теңге мемлекет пайдасына төленді.

Талаптың қалған сомасы 2 841 081 теңгені К[...] 2026 жылдың 15 маусымынан бастап ай сайын әр айдың он бесінші күніне дейін 100 000 теңгеден төлеуге міндеттенеді.

К[...] ай сайынғы төлемдердің кез келгенін 3 (үш) күнге кешіктірсе, талап қоюшы барлық қарыз сомасын мәжбүрлі түрде өндіру үшін атқару парағың алуға сотқа жүгінуге құқылы.

Тараптар аталған бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Тараптарға Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 175-178-баптарына, 277-бабының 5) тармақщасына, 278бабына сәйкес бітімгершілік тәртібімен реттеу туралы келісімге келудің, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді.

Бітімгершілік келісімнің шарттары заңға қайшы келмейді және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Мұндай жағдайда кассациялық сот тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады деп санайды. АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 6) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақмола гарнизоны әскери сотының 2025 жылғы 30 сәуірдегі шешімінің және Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы қаулысының күші жойылсын.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «83205 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі мен К[...] арасында жасалған дауды бітімгершілік келісім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілсін.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «83205 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі жауапкер К[...] артық төленген біржолғы тұрғын үй төлемін мемлекет кірісіне өндіру туралы талап қоюдан бас тартады.

Жауапкер К[...] талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «83205 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің талап қоюын толық мойындайды және тараптар келесідей келісті.

Қазіргі таңда талаптың сомасынан 8 232 069 (сегіз миллион екі жүз отыз екі мың алпыс тоғыз) теңге мемлекет пайдасына төленді.

Талаптың қалған сомасы 2 841 081 (екі миллион сегіз жүз қырық бір мың сексен бір) теңгені К[...] 2026 жылдың 15 маусымынан бастап ай сайын әр айдың он бесінші күніне дейін 100 000 (жүз мың) теңгеден төлеуге міндеттенеді.

К[...] ай сайынғы төлемдердің кез келгенін 3 (үш) күнге кешіктірсе, талап қоюшы барлық қарыз сомасын мәжбүрлі түрде өндіру үшін атқару парағың алуға сотқа жүгінуге құқылы.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.