ВС РК - Постановление от 31.01.2025 по делу 6001-23-00-6ап/2851 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 31 қаңтар 6001-23-00-6ап/2851 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов,

судьялар –Ж.Б.Ермағамбетова, Б.Т.Нажмиденов болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Бактыгул Айтжановна Нысаналина, Нұрсұлтан Еділұлы Еділ жауапкер Ақтөбе облысының әкіміне хаттарындағы уәждеген ақпараттар бойынша құққыққа қарсы сыйымсыз әрекеттерін заңсыз деп тану және шындыққа жанаспайтын ақпараттарды теріске шығаруға талап қоюшылардың бұзылған немесе даулы айтылатын конституциялық заңды құқықтарын тиімді тәсілдермен қорғалып қалпына келтіруге бағытталған тиісті шараларды қабылдауға міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымына, Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөнендегі сот алқасының 2024 жылғы 28 тамыздағы ұйғарымына талап қоюшылардың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымымен Б.А. Нысаналина, Н.Е.Еділ талап қоюлары Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138 - бабының 2- бөлігінің 11) - тармақшасы бойынша қайтарылған.

Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 тамыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған. Талап қоюшылар кассациялық шағымында сот актімен келіспейтінін көрсетіп, күшін жоюды сұраған.

Талап қоюшылар істі онлайн түрде мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қарауды сұраған.

Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Талап қоюшылардың сотқа келмеуі туралы уәжін сот дәлелді деп санамайды.

Жауапкер Ақтөбе облысының әкімінің өкілі істі оның қатысуынсыз қарауды сұраған.

ӘРПК-ның 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді. ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

2013-2015 жылдары «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жұмыскерлері болған Е.К. Кожагелдин, Е.Е. Едилов асыраушы азаматтардың өндірісте қайтыс болу салдарынан бірнеше жылдан бері сергелдеңге салынған жәбірленушілер деп танылған талап қоюшылар заңды құқықтарының жауапкер тарапына бұзылғанын көрсеткен. Онда, өз бетінше, www.akorda.kz ресми сайтындағы виртуалды қабылдаулар бөлмесінде, Сондай-ақ, Парламент www.parlam.kz Сенат/Мажилис Депутаттарына, Премьер-Министрінің www.primeminister.kz ресми ақпараттық ресурсында еGov/eOtinish Web-портал сервистер арқылы да KAZPOST арқылы тіркелген (жолданым) хаттарымен бірнеше жылдан бері жүгінген «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ-не, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» ММ өз кезегінде конституциялық және (немесе) заңды құқықтар бұзылған ситуация фактілер бойынша тиісті шаралар қабылдауға жауапкер Ақтөбе облысының әкімінің әрекетіне қатысты шаралар қабылдау үшін өтініштер жолдаған. Өтініштерге сәйкес алынған жауап хаттары бойынша талап қоюшыларға Ақтөбе облысының әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ –ның тарапынан жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Ақтөбе қаласындағы «Арай» тұрғын үй кешені 144Б-үй, 2-корпус мекенжайы бойынша 7-қабатта орналасқан евро жөндеуі мен 3-бөлмелі пәтерді Н.Еділ иеленген. Сонымен қатар, Б.Нысаналина мен баласы Н.Еділдің есепшотына әрқайсысына 127 000 теңгеден қаржылай көмек аударылды. Пәтер иелері кооперативіне тиісті қарызы 52 000 теңге толығымен өтелді, демеушілер есебінен «кір жуғыш» машина мен тоңазытқыш сатып алынды делінген уәждерін шындыққа жанаспайды деген уәжбен жауапкер Ақтөбе облысының әкімінен 1) уәждеген ақпараттар бойынша құққыққа қарсы сыйымсыз әрекеттерін заңсыз деп тануды; 2) шындыққа жанаспайтын ақпараттарды теріске шығаруға талап қоюшылардың бұзылған немесе даулы айтылатын конституциялық заңды құқықтарын тиімді тәсілдермен қорғалып қалпына келтіруге бағытталған тиісті шараларды қабылдауға міндеттеуді талап еткен.

Соттардың дауланып отырған лауазымды тұлғаның құзырлы органдарға берген жауап хаттары әкімшілік актілер болып табылмайды, аталған хат ақпараттық сипатта жолданып, талап қоюшылардың мүдделерін қозғамайды, қосымша міндеттер жүктемейді және олардың құқықтарын бұзбайды деген тұжырымы дұрыс.

ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінің 11-тармақшасына сәйкес, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Сондықтан соттардың талап қою арызын қайтаруы негізді болып табылады.

АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды. ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 4 шілдедегі ұйғарымы, Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөнендегі сот алқасының 2024 жылғы 28 тамыздағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырасын.

Талап қоюшылар Бактыгул Айтжановна Нысаналина, Нұрсұлтан Еділұлы Еділ келтірген кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Ғ. Әлжанов

Ж.Ермағамбетова

Судьялар

Б.Нажмиденов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.