ВС РК - Постановление от 03.02.2020 по делу 6001-19-00-3Г/8646 (Гражданское)

6001-19-00-3Г/8646, 6001-19-00-3Г/8646(2)

Қ А У Л Ы

2020 жылғы 3 ақпан

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Ә.Сапарова арыз беруші «Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2014 жылғы 20 қарашадағы шешіміне, Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі қаулысына «ПС[...]» ЖШС-нің және «Нұрбанк» АҚ-ның келтірген өтінішхаттарын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

«Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ (бұдан әрі - мекеме) жоғарыда көрсетілген арызымен сотқа жүгінген.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2014 жылғы 20 қарашадағы шешімімен арыз қанағаттандырылды. Батыс Қазақстан облысы, [...] аумағында орналасқан Есенжанов көшесінің бойындағы жанар-жағар май құю станциясы - жалпы жер көлемі 1154,5, Мұнай базасындағы насос станциясы - жалпы жер көлемі 1154,5, Карачин каналы-жалпы жер көлемі 17,5 шақырым, Чапаев-Казталов тас жолының оң жағындағы №1 тоған ұзындығы 138 м, ені - 86 м. және аталған тас жолдың сол жағындағы орналасқан № 2 тоғандарды ұзындығы 160,5 м., ені 93 м. иесіз мүлік ретінде деп танылып, коммуналдық меншік құқығы танылған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

«ПС[...]» ЖШС пен «Нұрбанк» АҚ өтінішхаттарында жергілікті соттардың материалдық құқық нормаларын бұзғанын алға тартып, сот актілері заңсыз және негізсіз болғандықтан, олардың күшін жоюды сұрайды.

«ПС[...]» ЖШС өтінішхатында 2008 жылғы 29 мамырдағы сатып алу-сату шарты негізінде Батыс Қазақстан облысы, [...] н/ж мекенжайындағы жалпы көлемі 0,1640 га, кадастрлық №[...], «Автожанармай құю станциясы (бұдан әрі - АҚС) қызметін көрсету үшін» нысаналы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатынын көрсеткен. Осы жер учаскесінде АҚС-ке қажетті технологиялық жабдықтар орналасқан.

Жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі уәкілетті органдарда тіркелген.

2007 жылғы 28 қыркүйектегі кепіл шартына сәйкес аталған мүлік «Нұрбанк» АҚ-ға кепілге қойылып, тиісті уәкілетті органда тіркелген.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 3 қарашадағы шешімімен талап қоюшы «Нұрбанк» АҚ-ның талап қою арызымен 2007 жылғы 28 қыркүйектегі №№665/84/07-00, 668/84/07-00, 667/84/07-00, 666/84/07-00 ипотекалық шарттар бойынша «ПС[...]» ЖШС кепіл беруші болып танылған.

«ПС[...]» ЖШС осы жылжымайтын мүлікке қатысты ұстау ауыртпалығын тиісті түрде жүзеге асырып келеді.

Бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық анықтамаған.

«ПС[...]» ЖШС жылжымайтын мүлік иесі ретінде оны иесіз деп тану туралы істі қарауға қатыспаған, іс бойынша тарап болып танылмаған. Мүлікті иелену мәселесі бойынша оның мекенжайына қандай да бір хабарламалар, шақыру қағаздары, өтініштер жіберілмеген.

Меншік иесі меншіктен бас тарту туралы өтінішпен мемлекеттік органдарға жүгінбеген. Бірінші сатыдағы сот шешімді «ПС[...]» ЖШС-нің мекенжайына жібермеген.

Аталған мүліктің иесіне де, «Нұрбанк» АҚ-ға да сот ісін жүргізуге қатысу және өз мүдделерін қорғау құқығы берілмеген.

Бұдан басқа мүлікті тіркеу ісі зерттелмеген. Әділет органдарында жылжымайтын мүлікке қатысты сақталатын барлық құжаттар, тіркеу ісі, соның ішінде кепіл туралы ақпарат, мүліктің орналасқан жері туралы мүлік иесінің және өзге де құжаттар талап етілмеген.

Мүлікті иесіз деп тану меншік иесі мен кепіл ұстаушының конституциялық құқықтарына нұқсан келтіреді.

Өтінішхаттарда көрсетілген және басқа да уәждер дау айтылған сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында анықталуға жататын негіздер болып табылады.

АПК-ның 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2014 жылғы 20 қарашадағы шешімін, Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі қаулысын қайта қарау туралы «ПС[...]» ЖШС-нің және «Нұрбанк» АҚ-ның өтінішхаттары іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тұлғаларға жолдансын. Судья А.Сапарова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.