ВС РК - Постановление от 15.06.2020 по делу 6001-20-00-3Г/2384(3) (Гражданское)

6001-20-00-3г/2384(3)

2020 жылғы 15 маусым Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы Ж[...] жауапкер «А[...]» ЖШСне бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Созақ аудандық сотының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы «А[...]» ЖШС-нің өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,

Ж[...] жауапкер «А[...]» ЖШС-не 2019 жылғы 18 қазандағы № 579 бұйрықтың күшін жою, кеніштің бастығы қызметіне жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыт үшін 9450000 теңге жалақы өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Созақ аудандық сотының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған:

  • «А[...]» ЖШС-нің 2019 жылғы 18 қазандағы № 579 бұйрығының күші

  • жойылып, Ж[...] кеніштің бастығы қызметіне қайта орналастырылған;

  • «А[...]» ЖШС-нен Ж[...] пайдасына амалсыз бос жүрген

  • уақыт үшін 6525522 теңге жалақы өндірілген;

  • шешімнің Ж[...] жұмысқа қайта орналастыру және 3262761

  • теңге жалақы өндіру туралы бөлігі дереу орындауға жолданған;

  • жауапкерден талап қоюшының пайдасына сот бейнефонографиялық

  • сараптама өткізу үшін төленген 122 457 теңге, жазу мен қолтаңба сараптама үшін төленген 40333 теңге сот шығындары өндірілген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 02 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

«А[...]» ЖШС-гі өтінішхатында іс бойынша материалдық және процестік заң нормаларының дұрыс қолданылмағанын, Ж[...] еңбек қатынастары оның өз еркімен жазған арызы негізінде тоқтатылғанын, ол арыздың мәжбүрлеу арқылы алынғаны туралы жарамды дәлелдемелердің ұсынылмағанын, талап қоюшы тарапынан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 160-бабымен көзделген келісім комиссиясы мен сотқа жүгіну мерзімдерінің сақталмағанын, соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 92-бабы 7-бөлігінің талаптарына қайшылық жасағандарын, яғни іс бойынша өткізілген бірінші қолтаңба сараптаманың қорытындысын жоққа шығарған қайталама сараптаманың

нәтижелерін негізсіз назардан тыс қалдырғандарын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Арыз берушінің өтінішхатта келтірген уәждерін және ағымдағы жылдың 03 маусымында келіп түскен азаматтық іс құжаттарын қосымша зерделеу, дәлелдемелерді олардың заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін тексеру мақсатында судья өтінішті алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдыру қажет деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 443баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

Талап қоюшы Ж[...] жауапкер «А[...]» ЖШС-не бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған Созақ аудандық сотының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы «А[...]» ЖШС-нің келтірген өтінішхатын алдын ала қаралуы 2020 жылғы 22 маусымға кейінге қалдырылсын.

Судья Е.Исмаилов Көшірмесі дұрыс. Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.