6001-22-00-3г/4019(2)
ҰЙҒАРЫМ
2022 жылғы 26 қыркүйек Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Қ.Жүсіпбекова,
талап қоюшы Е[...] жауапкер «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Банк) берген кредит желісін беру туралы шартты жарамсыз деп тану және шарт бойынша ұсталған 239 687 теңге ақша сомасын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2022 жылғы 24 ақпандағы шешімін, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 26 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкер Банктің келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Е[...] жоғарыда аталған талап қою арызбен сотқа жүгініп, онда аталған шартты өзінің еркінен тыс жасалғанын, оған себеп ретінде телефоны арқылы банк қызметкері болып өзін таныстырған үшінші тұлғамен жасалғанын, талап қоюшының жеке басын растайтын құжаттардың реквизиттерін интернет желісі арқылы алғанын көрсетіп, бұл мәселе бойынша Түркістан облысы, [...] полиция бөліміне жүгінген себебінен № 2151146031000113 санды қылмыстық істің қозғалғанына байланысты даулап отырған шартты жарамсыз деп тануды сұраған.
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2022 жылғы 24 ақпандағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған.
Банк және Е[...] арасындағы 2021 жылғы 8 сәуірдегі кредит желісін беру туралы № ЕКР003847975 шарты жарамсыз деп танылған. Банктен Е[...] пайдасына 226 869 теңге өндірілген. Сот шығыстары өндірілген. Талап қою арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арызданушы іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерімен келіспейтіндігін, оларды заңсыз әрі негізсіз деп көрсетіп, сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтамауына байланысты сот актілердің күшін жойып, талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін судья азаматтық істі
бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Алматы қаласы Медеу аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы азаматтық іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Г.Қ. Жүсіпбекова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Г.Қ. Жүсіпбекова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.