ҚАУЛЫ
2026 жылғы 15 сәуір 6003-26-00-4к/448 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – Д.Ә. Әбдіғалиев, судьялар – Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов болып,
талап қоюшының өкілі Ғ.Д.Алтыбаевтың қатысуымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Бахтияр Сламкулович Сайткуловтың жауапкерлер Шымкент қаласының әкімдігіне (бұдан әрі - Әкімдік), «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Корпорация) іс-әрекеттерін заңсыз деп тану, Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 ақпандағы №330 қаулысын ішінара заңсыз деп танып, күшін жою, Корпорациясының кадастрлық нөмірі 19-309-2018-1112 жер учаскесінің 1,5077 га бөлігін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, мемлекеттік тіркеуін қалпына келтіруді міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 26 қаңтардағы қаулысына талап қоюшының өкілі келтірген кассациялық шағымы бойынша келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 3 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Басқарма мен Корпорация Б.С.Сайткуловтың меншігіндегі кадастрлық нөмірі 19-309-2018-1112 жер учаскесінің 1,5077 га бөлігін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алып тастау әрекеттері заңсыз деп танылған.
Әкімдіктің 2025 жылғы 3 ақпандағы №330 қаулысының Б.С.Сайткуловтың меншігіндегі кадастрлық нөмірі 19-309-2018-1112 жер учаскесінің 0,7777 га бөлігіне қатысты бөлігі ішінара заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Корпорация Б.С.Сайткуловтың меншігіндегі кадастрлық нөмірі 19-3092018-1112 жер учаскесінің 1,5077 га бөлігін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, мемлекеттік тіркеуін қалпына келтіру міндеттелген.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, талап қою кері қайтарылған. Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сот алқасының қаулысымен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жойып, бірінші сатылы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Жауапкерлер өкілінен Астана қаласына бара алмауына байланысты бейнеконференцбайланыс режимінде сот отырысына қосылу туралы туралы өтініш келіп түсті.
Алайда, бұл өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында міндетті түрде жеке қатысу арқылы өткізуге тағайындалған, бұл туралы іске қатысушы тұлғалар алдын-ала хабарланған. Аталған мән-жай кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгертуге негіз болып табылмайды.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға қатысқан өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты және форматы туралы тиісті түрде хабарланғанына қарамастан, сотқа келмеген және келмеу себептері туралы сотқа мәлімет бермеген.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағым уәждерімен келіскен пікірін тындап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Бірінші саты сотының шешімін апелляциялық тәртіппен қарағанда апелляцялық сатыдағы сот тарапынан келесідей кемшіліктерге жол берілген. Істің мән-жайларына қарағанда талап қоюшы Б.Сайткуловтың меншігінде Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ тұрғын алабы, 218 орам, №1112 орналасқан алаңы 6,0800 га, кадастрлық №19-309-218-1112 (бұрынғы 017 орам, №995 мекенжай, кадастрлық №19-295-017-995) жер учаскесі болған. 2017 жылғы 7 наурызда Шымкент қаласы әкімдігімен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы №200 санды қаулысы қабылданған.
Аталған қаулы негізінде талап қоюшының бұрынғы кадастрлық нөмірі 19-295-017-995 алаңы 6,0800 га жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынуына байланысты, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес бағаланып тиісті өтемақы ұсынылған.
Алайда, талап қоюшының ұсынылған өтемақыға келіспеуіне байланысты Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының 2017 жылғы 20 қазандағы шешіміне сәйкес талап қоюшы Шымкент қаласы әкімінің талап қою арызы қанағаттандырылып, талап қоюшының Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ тұрғын алабы, 017 орам, №995 мекенжайда орналасқан кадастрлық нөмірі №19-295017-995, алаңы - 6,0800 га шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін 1 000 000 (бір миллион) теңгеге сатып алынып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 7 наурыздағы қаулысымен Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының 2017 жылғы 20 қазандағы шешімінің күші жойылған.
Ары қарай, Әкімдікпен 2021 жылғы 14 қаңтарда жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы №16 қаулысы шығарылып, Б.Сайткуловтың жоғарыда аталған 6,0800 га жер учаскесінің 4,5723 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы етілген.
Осы мән-жайларға, яғни Шымкент қаласы әкімдігімен 2021 жылғы 14 қаңтарда жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы №16 қаулысы шығарылғанына, ол бойынша заңнамада көрсетілген иеліктен шығару рәсімдері толық аяқталмай, тиісті төлемақы жүргізілмегеніне қарамастан, 2021 жылғы 17 ақпанда «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-сі қазіргі Басқарма тарапынан Корпорацияға хат жолданып, онда Қаратау аудандық сотының 2017 жылғы 20 қазандағы шешіміне сәйкес мемлекет мұқтажына алынған жер учаскесіне сот шешімі негізінде өтемақы төленгені, сол себепті жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының бірыңғай мемлекеттік тіркеу базасынан, электронды картадан және жылжымайтын мүлікті тіркеу базасынан алып тастауды сұраған.
Аталған хат негізінде Корпорация даулы жер учаскесі жөніндегі мәліметтерді тиісті жүйеден жойған.
Ал, Б.Сайткуловқа тек 2025 жылғы 28 наурыздағы №35 шарт негізінде мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесінің бөлігі 4,5723 га үшін 108 994 941 теңге төлемақысы төленген, сәйкесінше жер учаскесінің қалған бөлігі 1,5077 га өз меншігінде қалған.
2025 жылғы 29 сәуірде талап қоюшы өзіне тиесілі мемлекет мұқтажына алынған жер учаскесінің қалған бөлігі 1,5077 га жерді ретке келтіру мақсатында жерге орналастыру жобасын жасап, Корпорацияға «жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу» бойынша мемлекеттік қызметке өтініш берген. Корпорацияның 2025 жылғы 12 мамырдағы жауап хатымен, талап қоюшының 1,5077 га жер учаскесі кадастрлық нөмірі №22-330-006-311 жер учаскесімен беттесетіні (накладка) анықталып, талап қоюшыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған.
Талап қоюшының 2025 жылғы 3 маусымдағы сұраныс хатына Корпорация оның жер учаскесі жөніндегі мәліметтер Жер қатынастары басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы хаты және Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының 2017 жылғы 20 қазандағы шешімі негізінде жылжымайтын мүліктің біріңғай тізілімінен жойылғандығын хабарлаған.
Талап қоюшының 2025 жылғы 21 шілдеде Жер қатынастары басқармасына аталған мән-жайлар бойынша шағым түсірген.
Жер қатынастары басқармасы 2025 жылғы 12 тамыздағы хатымен кадастрлық нөмірі №19-309-218-1112 жер учаскесінің 1,5077 га бөлігін қайта мемлекеттік тіркеуден және электрондық картаға, мемлекеттік жер кадастрінің автоматтандырылған ақпаратты жүйесіне және техникалық қамтамасыз ету базасына енгізу туралы 2025 жылғы 5 тамызда Корпорацияға №56-06-04/3996 шығыс хаты жолданғанын хабарлаған.
Талап қоюшы жоғарыдағылармен келіспей сотқа жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырғанда жауапкерлер Жер қатынастары басқармасы мен Корпорацияның Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының 2017 жылғы 20 қазандағы шешімінің күші Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 7 наурыздағы қаулысымен жойылғанына үш жыл өткеніне, яғни аудандық соттың шешімі заңды күшіне енбегеніне қарамастан, істің-мәнжайын толық зерттеместен талап қоюшының меншігіндегі жер учаскесіне өтемнің төленгеніне, соңғының өтемді алғанына көз жеткізбестен даулы жер учаскесі туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының бірыңғай мемлекеттік тіркеу базасынан, электронды картадан және жылжымайтын мүлікті тіркеу базасынан алып тастап, жойған әрекеттерін заңнама нормаларына қайшы келеді деп ескерген.
Сонымен қатар, талап қоюшының меншігіндегі алаңы 1,5077 га жер учаскесінің 0,7777 га бөлігі Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 ақпандағы №330 қаулысы негізінде Жолаушылар көлігі басқармасына көлік жүргізуді үйрену үшін сапалы автодром үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген алаңы 3,8000 га жер учаскесіне қоса беріліп, даулы қаулы қазіргі таңда талап қоюшының аталған жер учаскесінің бөлігіне иелік ету, пайдалану құқығын бұзып отырғанын көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы сот бұл негіздермен келіпей, талап қоюды кері қайтарғанда мына мән-жайларды назарға алған:
a) дауланып отырған Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 ақпандағы №330 қаулысымен «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, А-2 айналма жолы бойында орналасқан алаңы 308 га бөлінбейтін жер учаскесіне көлік жүргізуді үйренуге арналған сапалы автодром үшін 5 жылға уақытша өтеусіз ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы берілгені;
b) «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі («Жалға беруші») мен «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің («Жалға алушы») арасында 2025 жылдың 12 ақпанында №004/179 санды «Жер учаскесін өтеусіз жалға беру туралы» шарт түзілген;
c) жауапкерлердің даулы актісі мен іс-әрекеттері әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды;
d) әкімшілік акт қолданысын тоқтатқанын назарға алып, іске қатысты бұл дау тек шарттың мәні бойынша ғана Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық тәртіппен қаралуға жатады деп санайды;
e) ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса талап қою қайтарылады.
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында баяндалған түйіндер істің мән-жайларына сәйкес келмейді және процестің құқық нормалары дұрыс қолданылмаған.
Қазақстан Республикасының ӘРПК-нің ережелеріне сәйкес жарияқұқықтық қатынастардан туындайтын, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мемлекеттік органдардың әкімшілік актілеріне дау айту жөніндегі даулар әкімшілік сот ісін жүргізудің мәні болып табылады.
Іс құжаттарынан анықталғандай, жер телімін беру туралы Әкімдіктің қаулысы талап қою талаптарының нысанасы болып табылады. Көрсетілген қаулы мемлекеттік органның жария-құқықтық қатынастарының саласында қабылданған жеке құқықтық акт болып табылады және жер теліміне құқықтардың пайда болу, өзгеру немесе тоқтатылуына бағытталған.
Аталған акт талап қоюшының жер учаскесіне меншік құқығын тікелей қозғайды, өйткені ол жер учаскесін салуға және оны иелену мен пайдалану мүмкіндігінен нақты айыруға әкеп соқтырды.
Мұндай жағдайларда дау қоғамдық-құқықтық сипатта болады, өйткені ол мемлекеттік органның билікті басқару функцияларын жүзеге асыруына байланысты пайда болды.
Апелляциялық сатыдағы соттың жалдау шартының болуына сілтеме жасай отырып, даудың азаматтық-құқықтық сипаты туралы қорытындысы негізсіз болып табылады, өйткені бұл шарт туынды сипатқа ие және даулы әкімшілік акт негізінде жасалған. Әкімдіктің қаулысы заңсыз болып табылған жағдайда, жалға алу шартына тиісті құқықтық салдар әкімшілік актінің жағдайларына тәуелді туынды ретінде шешілуіне жатады.
Азаматтық-құқықтық шарт жасасу фактісі, егер мемлекеттік органның бастапқы билік шешімі даулы болса, даудың құқықтық сипатын өзгертпейді.
Бұдан басқа, талап қоюшының аталған жалдау шартының тарабы болып табылмайды, осыған байланысты оған дауласуға міндетті емес, ал оның құқықтары әкімнің әкімшілік актісімен бұзылған.
Осылайша, апелляциялық сот даулы құқықтық қатынастардың мәні мен сипатын дұрыс анықтамады, бұл даудың әкімшілік сотқа бағынбайтындығы және талапты заңсыз қайтару туралы қате қорытындыға әкелді.
Сонымен қатар, талаптарға байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 5 «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» нормативтік қаулысында сот даулы әкімшілік актіге оның заңдылығын, негізділігін және белгіленген рәсімнің сақталуын негізге ала отырып, құқықтық баға беруге міндетті, бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот анықтамаған.
Осындай мән-жайларда кассациялық сатыдағы сот даулы сот актісінің күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жіберу қажет деген қорытындыға келеді.
Істі жаңадан қарау кезінде сот жоғарыда көрсетілгендерді назарға ала отырып, істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуі, талап қоюшының аталған жер учаскесінің бөлігіне иелік ету, пайдалану құқығына қатысты уәждеріне баға беруі, содан кейін дауды заң талаптарына сәйкес шешуі тиіс.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы іс бойынша Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 26 қаңтардағы қаулысының күші жойылсын.
Іс Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына басқа құрамда жаңадан қарауға жолдансын.
Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.
Д. Әбдіғалиев
Төрағалық етуші
Судьялар
Г. Ыдырысова
М. Қасымов
⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.