КСАД РК - Постановление от 13.10.2025 по делу 6003-25-00-4к/836 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 13 қазан 6003-25-00-4к/836 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының құрамында:

төрағалық етуші – судья Е.Б.Төлеев, судьялар – Р.М.Айнакулова, Н.М.Қабдрахманова, талап қоюшының өкілі М.Ахметовтың, жауапкер Н.Меирбекованың және оның өкілі Б.Аманбаевтың

қатысуымен

ашық сот отырысында талап қоюшы Лаззат Турсынбаевна Байменованың жауапкер жеке сот орындаушысы Нурсауле Дауитовна Меирбековаға іс жүргізуді қозғау туралы қаулыларды заңсыз деп танып, күшін жою және хабарлама хаттарды жолдау әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі ұйғарымына, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Л. Байменова жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі ұйғарымымен талап қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабы екінші бөлігінің 11) және 12)-тармақшаларлына сәйкес қайтарылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында соттар құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, ұйғарымдардың күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа қарауға жолдауды сұраған.

Кассациялық сот іске қатысушыларды тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын жанжақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодекспен өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады. Іс бойынша мұндай құқықбұзушылықтар орын алмаған.

Іс құжаттарына қарағанда, талап қоюшы 2023 жылғы 27 қарашадағы Г.Байменова бойынша №3908/23-43-3416 атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының, А.Қарынбаева бойынша №3908/23-43-3416 атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының, 2023 жылғы 27 қарашадағы А.Байменов бойынша №3906/23-43-3416 атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының, Г.Нарқожаева бойынша №3964/23-43-34166 атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының, М.Сапарова бойынша №3965/23-43-3416 атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының күшін жоюды соттан сұраған.

Сонымен бірге, жауапкердің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы, 2025 жылғы 17 ақпандағы, 2025 жылғы 26 ақпандағы, 2025 жылғы 25 наурыздағы хабарлама хаттарын және оларды жолдау әрекеттерін, атқарушылық іс көшірмелерін беруден бас тартуын заңсыз деп тануды сұраған.

ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 12)-тармақшасына сәйкес сот (судья) сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген соттың шешімі немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы болса, талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Соттармен анықталғандай, осы тараптар арасында жоғарыда аталған атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулыларын сол негіздер бойынша даулауға қатысты заңды күшіне Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 15 ақпандағы шешімі бар.

Осыған байланысты атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулыларды даулау туралы талап қоюды ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 12)-тармақшасы негізінде қайтару туралы соттардың қорытындысы заңды.

ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5)-тармақшаларына сай, әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім; әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) – әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі).

Дауланып отырған хабарлама хаттарды жолдау талап қоюшының құқықтары мен міндеттерінін іске асыратын шешім және әрекет болып табылмайды. Олар қандай да бір құқықты туындатпайды, іске асырудан бас тартпайды және талап қоюшыға қандай да міндет жүктемейді деген соттардың тұжырымымен кассациялық сот келіседі.

Сондықтан хабарлама хаттарды және оларды жолдау әрекеттерді даулау бөлігінде талап қоюдың ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 12)-тармақшасы негізінде қайтарылуы дұрыс. Талап қоюшының келтірген уәждері төменгі сатыдағы соттармен зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Л.Байменованың жауапкердің атқарушылық іс құжаттарының көшірмелерін бермеуіне дау айту бөлігінде талап қоюы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі ұйғарымымен ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 6)-тармақшасына сәйкес қайтарылған. Бұл сот ұйғарымына жеке шағым берілмеген.

Сондықтан әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі ұйғарымы, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 6 мамырдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының Л.Байменованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші:

Е. Төлеев

Р. Айнакулова

Судьялар:

Н. Кабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.