6001-21-00-3г/838
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2021 жылғы 05 сәуір
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы И[...] жауапкерлер – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ге, Ө[...] материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған
Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарауда,
а н ы қ т а ғ а н ы :
И[...] «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ден ( бұдан әрі – 2029 әскери бөлімі ), Ө[...] 1025800 теңге материалдық залал және моральдық зиянның өтемі үшін 5000000 теңге өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген. Талабын жалғыз ұлы С[...] 2029 әскери бөлімінде отан алдында әскери борышын өтеу барысында мемлекеттік шекара сызығының «Тасқала» шекара заставасында шекаралық қызметін атқаруға арналған металл бақылау мұнарасын монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс жұмыстарының жетекшісі капитан Ө[...] өз қызметіне салғырт қарау салдырынан, соңғының бұйрығын сақтандыру белбеуінсіз және қорғаныс дулығасынсыз орындау нәтижесінде басына металл зат құлап, денсаулығына ауыр зардап алғаны, келтірілген жарақаттар бойынша оған екінші топтағы мүгедектік тағайындалғаны туралы уәждерімен негіздеген.
Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген, шешімнің материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған. 2029 әскери бөлімінен және Ө[...] И[...] пайдасына ортақ түрде моральдық зиянның өтемі үшін 3000000 теңге өндірілген. Бірінші сатыдағы сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхат беруші әскери соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын
көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюды, талапты толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Арыз берушінің өтінішхатта келтірген уәждерін, келіп түскен азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін қосымша тексеру мақсатында судья өтінішті алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырып, Ө[...] қатысты қылмыстық іс құжаттарын алдырту қажет деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 438, 443баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
ұ й ғ а р ы м е т т і :
И[...] «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ге, Ө[...] материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] келтірген өтінішхатының алдын ала қаралуы кейінге қалдырылсын.
Ақтөбе гарнизонының әскери сотынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген Ө[...] қатысты қылмыстық іс материалдары сұратылсын.
Судья Е.Исмаилов
Көшірмесі дұрыс.Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.