6001-20-00-3г/5641
ҚАУЛЫ
19 қазан 2020 жыл
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы М[...],
арызданушы М[...] «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұрын «НұрСұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі) мемлекеттік органның шешімдеріне және әрекеттеріне дау айту туралы азаматтық ісі бойынша қабылданған
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының 2020 жылғы 16 сәуірдегі шешіміне, Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 30 шілдедегі қаулысына «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Е[...] келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
А[...] М[...] сотқа «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі - Басқарма) шешіміне және әрекеттеріне дау айту туралы арызымен жүгінген. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының 2020 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен М[...] арызы қанағаттандырылған. Тұрғын үйге мұқтаж М[...] есептен шығару бөлігінде Басқарманың 2019 жылғы 7 қарашадағы № 02-41/405 бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылған. Мемлекеттік органға жол берілген заң бұзушылықты жою және М[...] бұзылған құқықтарын қалпына келтіру міндеті жүктелген.
Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
А[...] өтінішхатында жергілікті соттардың сот актілерімен келіспейтіндігін, соттардың тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін, тұрғын үй қатынастарын реттейтін материалдық заңнаманы қате қолданғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
Іс материалдарына және дауланып отырған сот актілеріне сәйкес, 2009 жылғы 21 шілдедегі тұрғын үй комиссиясы шешімімен М[...] «Зейнеткер» санаты бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрған үйге мұқтаж жан ретінде кезекке қойылған.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының (бұдан әрі Заң) 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.
2019 жылғы 7 қарашадағы Басқарманың № 2-41/405 бұйрығымен М[...] тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж жандар кезегінен шығару туралы шешім қабылданған.
Кезектен шығарудың негізі ретінде 2007 жылы заңдастырылып тіркелген және 2019 жылы сатып алу-сату шартымен арызданушының иелігінен шығарылған Шығыс Қазақстан облысы, Қазымбет ауылы, Қ[...], [...] үйі көрсетілген.
А[...] уәжінде тұрғын үй беру үшiн М[...] кезектен шығарылуы себебі, оның жарамды тұрғын үйі бола тұра, иелiгiнен шығарылғандығын көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Өтінішхатта келтірілген уәждер және басқа да мән-жайлар сот актісін кассациялық сатыдағы сотқа қайта қарау үшін негіздердің бар екендігін көрсетеді.
Қорыта келгенде, судья өтінішхатты іспен бірге кассациялық сатыдағы сот отырысында қарауға беру қажет деп санайды.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының 2020 жылғы 16 сәуірдегі шешіміне, Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 30 шілдедегі қаулысына «Тұрғын үй
және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Е[...] өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілсін. Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.
Б. М[...]. М[...]
Судья Көшірме дұрыс. Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.