6001-24-00-6ап/717
Қ А У Л Ы
2025 жылғы 12 ақпан
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Ш.Т.Даниярова, Г.К.Нұрбаев болып,
жауапкер Ф.А. Алиевтың қатысуымен, өзінің ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында,
талап қоюшылар Коптилеева Асель Куаншбековнаның жауапкер жеке сот орындаушы Алиев Фахраддин Ашур оглының 2023 жылғы 18 қазандағы сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысының күшін жою және 2023 жылғы 18 қазандағы сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша,
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 29 қарашасындағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 қаңтарындағы қаулысына талап қоюшы берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы А.К.Коптилеева жоғарыда аталған талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 29 қарашасындағы шешімімен талап қоюшының талап арызы қанағаттандырылған.
2023 жылғы 18 қазандағы 44 999,75 теңге және 193 017,89 теңге мөлшерінде сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулыларының күші жойылған.
Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 қаңтарындағы қаулысымен бірінші саты сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер Ф.А.Алиев кассациялық шағымдарында іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерімен келіспейтінін көрсете келе, олардың күшін жойып, талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Істі кассациялық сатыда қарау барысында жауапкер Ф.А.Алиевтен тараптар арасында жасақталған бітімгершілік келісімді бекітуді сұрады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады. ӘРПК-нің 120-бабына сәйкес тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.
Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі.
ӘРПК-нің 4-бабы 6-тармақшасына сәйкес әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі болып табылады.
Сотқа табысталған тараптар арасында жасақталған бітімгершілік келісім (бұдан әрі – бітімгершілік келісім) келесі шарттардан тұрады:
Талап қоюшы А.К.Коптилеева жауапкер Ф.А.Алиевке қатысты қойылған талаптан толық көлемде бас тартады. 2. Жауапкер жеке сот орындаушысы Ф.А.Алиев атқарушылық өндіріс бойынша қабылдаған 2023 жылғы 18 қазандағы сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысының күшін жою және 2023 жылғы 18 қазандағы сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысының күшін жоюға және талап қоюшының осы іс бойынша 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге шығынын: 2025 жылғы 1 наурызға дейін 200 000 (екі жүз мың) теңге, 2025 жылғы 1 сәуірге дейін 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көлемінде бөліп өтеуге міндеттенеді.
Тараптар осы келісімде көрсетілген шарттар бойынша бір-біріне талаптары жоқ екенін мәлімдейді.
Тараптар осы келісімнің тәртібін, шарттары мен салдарын және осы келісімге қол қоюдың мәні мен мағынасын түсінеді және оған қол қоюдың құқықтық салдарын білетінін растайды.
Талап қоюшы А.К.Коптилееваның және жауапкер Ф.А. Алиевтің ұсынылған бітімгершілік келісім шарттарын қолдаған жауапкердің пікірін тыңдап, әкімшілік іс құжаттарын зерделеп және ұсынылған бітімгершілік келісім шарттарын талқылап, сот алқасы келесідей қорытындыға келеді.
Ұсынылған Бітімгершілік келісімнің талаптары өзінің нысаны мен мазмұны бойынша АПК-нің 176-бабының талаптарына сәйкес келеді және ол заңға қайшы келмейді, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.
Сот талқылауы барысында тараптар аталған келісімді бекіту ниеттерін растады.
АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес кассациялық сатыдағы сот бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жояды және татуласу келісімінің бекітілуіне байланысты осы Кодекстің 277-бабында белгіленген негіздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады. Мұндай жағдайда сот алқасы тараптар арасында жасалған Бітімгершілік келісім бекітілуге, ал іс бойынша қабылданған сот актілерінің күші жойылып, талап арызды қайтарылуға жатады деп есептейді.
Сот алқасы талап қоюшы мен жауапкерге АПК-нің 278-бабы екінші тармағында көзделген бітімгершілік келісімін жасасудың және тараптардың бітімгершілік келісімінің талаптарын тараптардың келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде өз еркімен орындауының құқықтық салдарын түсіндірді.
ӘРПК-нің 121-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 29 қарашасындағы шешімінің және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 қаңтарындағы қаулысының күші жойылсын.
Тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісім бекітілсін.
Талап қоюшы А.К.Коптилеева жауапкер Ф.А.Алиевке қатысты қойылған талаптан толық көлемде бас тартады.
Жауапкер жеке сот орындаушысы Ф.А.Алиев атқарушылық өндіріс бойынша қабылдаған 2023 жылғы 18 қазандағы сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысының күшін жою және 2023 жылғы 18 қазандағы сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысының күшін жоюға және талап қоюшының осы іс бойынша 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге шығынын: 2025 жылғы 1 наурызға дейін 200 000 (екі жүз мың) теңге, 2025 жылғы 1 сәуірге дейін 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көлемінде бөліп өтеуге міндеттенеді.
Тараптар осы келісімде көрсетілген шарттар бойынша бір-біріне талаптары жоқ екенін мәлімдейді.
Тараптар осы келісімнің тәртібін, шарттары мен салдарын және осы келісімге қол қоюдың мәні мен мағынасын түсінеді және оған қол қоюдың құқықтық салдарын білетінін растайды.
Тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілсін.
Талап қоюшы Коптилеева Асель Куаншбековнаның талап қоюы арызы бітімгершілік келісімнің бекітілуіне байланысты қайтарылсын.
Осы әкімшілік бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
Г.Б. Дуйсенбаев
Ш.Т.Даниярова
Г.К. Нұрбаев Көшірмесі дұрыс Судья
Г.К. Нұрбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.