6001-22-00-3Г/4631 (3)
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2023 жылғы 16 қаңтар Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т.А. Ибрашев,
талап қоюшы Е[...] жауапкерлер К[...], Ө[...] сенімхат пен сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған,
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкер К[...] өкілі – О[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
Е[...] сотқа аталған талап қою арызымен жүгініп, талабын 2015 жылғы 23 қыркүйектегі сенімхат пен 13 қазандағы сыйға тарту шарты еркіне қарсы, заңсыз жасалғанымен негіздеген. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2022 жылғы 24 мамырдағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген.
Шешімнің талап қоюдың сенімхат пен өз үлесін сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану бөлігінде күші жойылып, бұл бөлігінде талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.
2015 жылғы 23 қыркүйектегі Е[...] К[...] Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы, Сауле мөлтек ауданы, Тауке хан көшесі №18 тұрғын үйі мен кадастрлық №[...] жер теліміндегі (бұдан әрі – даулы мүлік) өзінің үлесін ұлы Ө[...] сыйға тартуға берген нотариус Ж[...] №1713 куәландырылған сенім хаты;
2015 жылғы 13 қазандағы өз атынан және сенімхат бойынша Е[...] атынан әрекет еткен К[...] мен ұлы Ө[...] арасында жасалған нотариус Ж[...] тізілімінде №1863 куәландырылған сыйға тарту шартының даулы мүліктегі жеке меншік құқығы бар жер теліміндегі Е[...] үлесін сыйға тарту бөлігі жарамсыз деп танылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Өтінішхатта арыз беруші апелляциялық қаулымен келіспей, тұжырымдары істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейтінін, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзушылықтарын көрсете отырып, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының
уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Т. Ибрашев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.