Ұ Й Ғ А Р Ы М
2025 жылғы 22 желтоқсан № 6003-25-00-4к/1430 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – судья Д.Ә. Әбдіғалиев,
судьялар –Г.М. Ыдырысова, Ә.Ж. Назарова болып,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қойған 2024 жылғы 5 маусымдағы №01-751-И нұсқаманы заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша қабылданған кассациялық сатыдағы сот қауылындағы қате жазбаны қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық сотының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі шешімі мен Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы қаулысы күшінде қалдырылған.
Алайда кассациялық сот қаулының кіріспе бөлігінде прокурордың қатысқаны көрсетілмегендіктен, осы қатені түзету туралы өтініш түсті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК-нің) 1-бабына сәйкес егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК-нің) ережелері қолданылады.
АПК-нің 235-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша түзете алады.
АПК-нің 452-бабы бойынша Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады.
Мұндай жағдайда кассациялық сот жоғарыда аталған қаулының
қіріспе бөлiгінде жiберiлген қатені түзету қажет деп санайды.
Жоғарыда аталғандар негізінде және АПК-нің 452-бабын басшылыққа алып, сот
Осы әкімшілік іс бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысында жіберілген қате түзетіліп, кіріспе бөлігінде прокурор О.С.Пернеевтың қатысуымен деп көрсетілсін.
Д. Әбдіғалиев
Төрағалық етуші
Судьялар
Г. Ыдырысова
Ә. Назарова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.