Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 10.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/4266 (Гражданское)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 10 ақпан №6003-25-00-2к/4266 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков, судьялар Л.Б.Мамырбаева, А.О.Тогумбетова,

талап қоюшы С.Нұрсафиннің қатысуымен, бейнеконференциялық байланыс арқылы, ашық сот отырысында

талап қоюшы Салимгерей Масалимович Нурсафиннің жауапкер Адилбек Султанович Алгазиевке жер телімін қайтару туралы талап арызы жөніндегі материалды талап қоюшының Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотының 2025 жылғы 2 сәуірдегі ұйғарымына және Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы С.М.Нурсафин аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Казталов аудандық сотының 02.04.2025 жылғы ұйғарымымен талап қою қабылдаудан бас тартылған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттар оның уәждерін назарға алмағанын, процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын, талап қоюды заңсыз қабылдаудан бас тартқанын көрсетіп, сот ұйғарымдарының күшін жойып, оның талап қоюын негізінен қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жолдауды сұраған.

Талап қоюшының кассациялық шағымды қолдаған түсінігін тыңдап, талап қою бойынша жинақталған материалдарды зерделеп, кассациялық сот келесі негіздерге байланысты дауланып отырған сот актілерін күшінде қалдыру қажет деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі -АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

АПК-нің 151 - бабының 1-бөлігі 3) тармағына сәйкес, егер төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі дау бойынша қабылданған заңды күшіне енген шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса судья талап қоюды қабылдаудан бас тартады.

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымында көрсетілгендей осы тараптардың арасында осы нысана туралы және осы негіздер бойынша Казталов аудандық сотының 2024 жылғы 20 маусымдағы шешімі шығарылған, ол шешім заңды күшіне енген.

АПК-нің 76-бабының 2-бөлігіне сәйкес, соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен анықталған мән-

жайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.

Аталған сот шешімінде тараптардың жер учаскелерінің бір біріне қабаттасу жағдайы анықталмағаны, талап қоюшының құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмағаны нақты көрсетілген.

Мұндай жағдайда бірінші сатыдағы соттың талап қоюды қабылдаудан бас тартуы негізді.

Бірінші сатыдағы сот ұйғарымда талап қоюды қабылдаудан бас тарту негіздерін көрсеткенімен, АПК-нің 152-бабының 1-бөлігінің 3) тармақшасының қолданудың орнына осы бөліктің 2) тармақшасын қате қолданған.

Апелляциялық сот аталған бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқпағандықтан ұйғарымды бұзуға немесе өзгертуге негіз жоқ деп дұрыс тұжырымға келген.

Талап қоюшының кассациялық шағымындағы бұл талап қоюдағы даудың нысаны бөлек деген уәждері негізсіз. Өйткені, талап қоюдың мәтінінен даудың бұрыңғы жер учаскесіне қатысты екені байқалады.

Кассациялық сот дауланған сот актілері заңды және негізді, жергілікті соттармен процестік заң нормалары дұрыс қолданылған деп санайды.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 мамырдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков

Судьялар: Л.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.