6001-23-00-3Г/895(4)
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 24 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж. Мырзаке,
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мекеме) жауапкерлер «ТК[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік), Серіктестіктің басшысы Ш[...], Серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы Т[...], Серіктестіктің бұрынғы құрылтайшылары М[...], Т[...], «ДН[...]» ЖШС, нотариус С[...], нотариус Д[...], «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (далее - Қоғам):
-Т[...] пен Т[...] арасында 2013 жылғы 26 маусымда жасалған, нотариус Д[...] куәландырған Серіктестіктің жарғылық капиталының 100% үлесін сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – №1 Шарт) және Серіктестіктің 2013 жылғы 27 маусымдағы мемлекеттік қайта тіркеуін жарамсыз деп тану;
-Т[...] пен М[...] арасында 2016 жылғы 15 сәуірде жасалған, нотариус Д[...] куәландырған, Серіктестіктің жарғылық капиталының 50% үлесін сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – №2 Шарт) және Серіктестіктің 2016 жылғы 5 мамырдағы мемлекеттік қайта тіркеуін жарамсыз деп тану;
-М[...] пен Т[...] арасында 2016 жылғы 4 тамызда жасалған, нотариус Д[...] куәландырған, Серіктестіктің жарғылық капиталының 50% үлесін сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – №3 Шарт) және Серіктестіктің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі мемлекеттік қайта тіркеуін жарамсыз деп тану;
-Т[...] пен «ДН[...]» ЖШС арасында 2022 жылғы 20 қыркүйекте жасалған, нотариус С[...] куәландырған, Серіктестіктің жарғылық капиталының 100% үлесін сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – №4 Шарт) және Серіктестіктің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі мемлекеттік қайта тіркеуін жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қабылданған
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысына Серіктестіктің өкілі Н[...] келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі - МАЭС) 2022 жылғы 13 қазандағы шешімімен талап қоюдан бас тартылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімнің күші жойылған.
Іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған. Д[...] және олардың негізіндегі Серіктестіктің мемлекеттік қайта тіркеулері жарамсыз деп таналыған. Сот шығыстары өндірілген.
Арызданушы өтінішхатта істі қарау барысында материалдық және процессуалдық құқық нормаларының бұзылуына байланысты апелляциялық қаулының күшін жойып, сот шешімді күшінде қалдырып немесе істі апелляциляық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған..
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс материалдарына қарағанда, Серіктестік 2002 жылғы 25 қаңтарда Шымкент қаласының Еңбекші ауданында бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен.
Т[...] пен Т[...] арасында №1 Шарт жасалып, заңды тұлға 2013 жылғы 27 маусымда Шымкент қаласының Абай ауданында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.
Т[...] пен М[...] арасында №2 Шарт жасалып, заңды тұлға 2016 жылғы 5 мамырда Шымкент қаласының Абай ауданында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.
М[...] пен Т[...] арасында №3 Шарт жасалып, заңды тұлға 2016 жылғы 23 қыркүйекте Шымкент қаласының Абай ауданында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.
Т[...] пен «ДН[...]» ЖШС арасында № 4 Шарт жасалып, заңды тұлға 2022 жылғы 21 қыркүйетке жылы Шымкент қаласының Абай ауданында мемлекеттік қайта тіркеуден өткен.
«Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №125 құжаттық салықтық тексеру актісіне сәйкес, Серіктестікке келесі салық қосымша есептелген:
-101111 - Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы - 1 952 882 943 теңге; -105101 – Қазақстан Республикасы аумағында қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, тауарларды өндіруге қосылған құнға салық - 1 142 160 042 теңге.
Шымкент қаласының МАЭС 2021 жылғы 21 қазандағы шешімімен Серіктестіктің банрот деп тану туралы арызы қанағаттандырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен Шымкент қаласының МАЭС 2021 жылғы 21 қазандағы шешімінің күші жойылып, Серіктестіктің банкрот деп тану туралы арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.
Мекеме жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгініп, оны әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу барысында Серіктестіктің тіркеу деректерінде көрсетілген мекенжайы бойынша орнында анықталмағанымен, Серіктестік қатысушыларының заңды түрде кәсіпкерлік қызметімен айналысу ниеті болмаған деп көрсеткен. Бірінші сатыдағы сот, талап қоюдан бас тартуын 2020 жылғы 16 қарашадағы салықтық тексеру актісімен анықталған мән-жайлармен Серіктестіктің кәсіпкерлік қызметпен айналысатынын дәлелі болып табылтындығымен негіздеген.
Апелляциялық сот алқасы, сот шешімін бұзып, талап қоюды қанағаттандыруын Серіктестіктің тіркелген мекенжайында болмауымен, оның материалдық-техникалық ресурстарының болмағанымен, іс жүзінде жұмыстар орындамағымен, жалған шот-фактуралар жазғанымен, салықтық міндеттемелерін орындамауы және заңды түрде кәсіпкерлікпен айналыспағандығымен тұжырымдаған. Алайда апелляциялық соттың мұндай тұжырымдарымен келісуге болмайды.
Арызданушы өтінішхатта келесідей уәждер келтірген.
Апелляциялық сот алқасы 6 салықтық зерттеу-қарау актілерінің негіздерін толығырақ қараған жағдайда Серіктестікке қатысты салықтық зерттеу-қарау жүргізілген мерзімде бірде-бір «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 607-бабының 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламасы жолданбағанын байқамаған.
Мекеме тарапынан салықтық зерттеп-қарау жүргізуге негіз болмауына байланысты жүргізілген салықтық зерттеп-қарау актілері заң талабына сәйкес келмейтін себебінен дәлелдеме ретінде жол берілмейтін мәліметтер қатарына жатқызуына тиіс еді.
Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге Салық кодексінің 607-бабының 2- тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттілігі негіз болған.
Салық кодексінің 96-бабының 4-тармағына сай салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бұзушылық жойылмаған немесе бұзушылық толық көлемде жойылмаған жағдайларда орындалмады деп таниды.
Сонымен қатар, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша
және мерзімдерде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарады.
Мекемемен не талап қоюға қоса, не азаматтық іс бірінші сатыдағы сотында қаралу барысында, не апелляциялық сатыдағы сотында бірде-бір камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім ұсынылмаған.
Талап қоюшымен азаматтық іс материалдарына салық органының лауазымды адамның және тартылған куәгерлердің салықтық зерттеп-қарау актілеріне Салық кодексінің 71-бабының 7-тармағына сәйкес қол қойған даналарын ұсынбаған.
Мұндай жағдайда Салық кодексінің 71-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салықтық зерттеп-қарау жүргізуі тіркелмеген және расталмаған болып саналады.
Сонымен қатар, Мекеменің бас маманы [...] 2022 жылы 24 маусымда 19.33 сағатта жүргізілген салықтық зерттеп-қарау актісі Салық кодексінің 70-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі - деген талабын өрескел түрде бұзып отыр.
Сот алқасы, Серіктестіктің штаттық бірлігінде оның қызмет түрлерімен айналысатын жұмыскерлер болғаны және сол жұмыскерлермен еңбек шарттары жасалғаны анықталмаған деген шындыққа сәйкес келмейтін тұжырымдар жасаған.
«Салық төлеушінің кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылған, Серіктестіктің жұмыс күшінің бары туралы салықтық есептілік нысандарын зерттемеген.
Материалдық-техникалық ресурстары туралы мәселесіне келсек, расында сот азаматтық іс қараған кезде Серіктестіктің меншігінде материалдықтехникалық ресурстары тіркелмеген болатын.
Алайда, жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтамаға сәйкес Серіктестіктің меншігінде бұрын цех, қойма, жер телімдері, бастырма, асхана жылжымайтын мүліктері болған.
Серіктестік ол жылжымайтын мүліксіз негізгі жұмысқа зиян келтірмей, жұмыс атқару жолын тауып, қолдағы мүмкіндікті қолданып, өз жылжымайтын мүлкін сатты (анықтама қосымша тіркеледі).
Сот алқасының заңды күшіне енген сот шешімдерімен мемлекеттік тіркеулері/қайта тіркеулері жарамсыз деп танылған, сенімсіз салық төлеушілермен өзара байланыста болғаны, өзінің салықтық міндеттемелерін орындамауы, оның заңды түрде кәсіпкерлікпен айналыспағандығын бекітеді деген тұжырымы негізсіз.
Серіктестік заңды түрде кәсіпкерлікпен айналысқан, сол себепті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды адамдары
Серіктестікке қатысты 2019 жылғы 12 қыркүйектен 2020 жылғы 16 қараша аралығында құжаттық салық тексеру жүргізген.
Одан басқа, сот алқасы 2020 жылғы 6 ақпандағы заңды күшіне енген сот шешімімен Серіктестік пен «ПК[...]» ЖШС-нің арасында жалпы құны 204 278 319 теңгені құрайтын мәмілелер жарамсыз деп танылған. Мәмілердің жарамсыз деп танылуына Серіктестіктің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазғаны негіз болған деп – бұрыс мәліметтерді көрсеткен.
Мәмілелер жарамсыз деп танылған, алайда ол сот шешімімен жарамсыз деп танылған мәмілелерде жабдықтаушы ретінде «ПК[...]» ЖШС болған, ал оның сатып-алушысы ретінде Серіктестік болған.
Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері кассациялық сот отырысында тексерілуге жатады.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.
Судья Ғ.Ж.Мырзаке
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.