Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 06.05.2026 по делу 6003-26-00-2к/1582 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 6 мамыр №6003-26-00-2к/1582 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев, талап қоюшы А[...],

жауапкердің өкілі Т[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкер Н[...], даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға Шымкент қаласының нотариусы Е[...] қарыз ақша өндіру туралы талап қоюымен қабылданған Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысына жауапкердің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

А[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкер Н[...] талап қоюшы А[...] пайдасына 10 000 000 теңге қарызы және 100 000 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.

Жауапкер Н[...] кассациялық шағымында, соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, мәміле бойынша талап қоюшы өзіне ақша бермегенін, қарыз шарты үйді кепілге қою шартын бүркемелегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 715бабы 1-тармағы бойынша заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.

АК-нің 272-бабына сәйкес міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

Осы, АК-нің 290-бабының 2-бөлігінің талабына сай борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденгенге дейiн мiндеттеменiң тоқтатылғанын куәландырады.

АК-нің 722-бабы 1-тармағы бойынша заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi. Жеке нотариус Е[...] 2023 жылғы 14 желтоқсанда куәландырылған қарыз алу шартына (бұдан әрі - шарт) сәйкес жауапкер Н[...] талап қоюшы А[...] 10 000 000 теңге қарыз сомасын алып, аталған соманы 2024 жылдың 14 наурызына дейін қайтаруға міндеттеме алған. Жауапкер қарыз соманы талап қоюшыға қайтармаған.

Талап қоюшы қарыз алу шарттың түпнұсқасын сотқа ұсынған.

Қарыз алу шартын жасап, қол қойғандарын тараптар жоққа шығармайды. Шарт тараптармен дауланбаған.

Шарттың 2-тармағына сәйкес, ақша табыстау осы шартқа қол қойылғанға дейін жүргізілген.

Талап қоюшы 2025 жылғы 29 мамырда сотқа берген талап қоюын жауапкер қарыз алу шарты бойынша міндеттемесін орындамағанымен негіздеген.

Бірінші сатыдағы сот шартқа сәйкес жауапкер талап қоюшыдан 10 000 000 теңгені 2024 жылғы 14 наурызға дейін қарызға алғанын, қарыз сома қайтарылмағанын шарт дауланбағанын анықтап, жоғарыда аталған материалдық нормаларын дұрыс қолданып, талап қоюды қанағаттандырған.

Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіскен.

Соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. АПК-нің 72-бабына сай, әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.

Жауапкермен сотқа талап қоюшының талап қоюы негізсіз екенін дәлелдейтін тиісті дәлелдер келтірілмеген.

АК-нің 153-бабы 1-тармағына сәйкес мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.

Жауапкердің куәгерлердің айғақтарына сілтеме жасаған шағым уәждері негізсіз болып саналады, себебі жоғарыда көрсетілген құқықтық нормаға сәйкес мұндай даулар бойынша куәгерлік айғақтар тиісті дәлелдеме болып табылмайды.

Сонымен қатар, кассациялық сатыдағы сотқа жауапкермен ұсынылған аудиожазбаны дәлелдеме ретінде қабылдамайды. Себебі бұл аудиожазба бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған. АПК-нің 449-бабы 1-тармағына сәйкес істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.

Кассациялық шағымда көрсетілген басқа уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.

Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья А.Даненова

Судьялар М.Ибрагимова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.